Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін және Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі; 2) Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспары бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 тамыздағы № 866 қаулысының (Қазақстан Республикасыны ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 30, 407-құжат); 2) «Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта теңдестіру жоспарын және олардың әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысының; 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 тамыздағы № 884 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 қаңтардағы № 28 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қазандағы № 1001 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтерінің тізбесі
Ескертпе: Тіркелген жергілікті телефон байланысының қызметтерін байланыс операторлары телефон қосылыстары қызметтерінің уақытпен есептеу төлем жүйесін қолдана отырып немесе онсыз көрсетуі мүмкін. * аралас (жеке/ұжымдық) қол жетімділік - телекоммуникация қызметтеріне жеке қол жетімділіктің артықшылығы. ** жеке қол жеткізу жеке абонентке негізгі не қосарланған телефон аппаратын орнату арқылы іске асырылады. *** телекоммуникацияның қызметтеріне ұжымдық қол жеткізу мынадай жолмен іске асырылады: әмбебап таксофондарды қоса алғанда, (дауыстау телефоны қызметтерінің барлық түрлерін жүзеге асыру мүмкіндігі бар), таксофондар орнату; факсимильді аппарат немесе модемді қосу мүмкіндігі бар, деректер тарату қызметтерінің және Интернет желісіне қол жеткізудің тіркелген қосылымдары арқылы дауыстау телефоны қызметтерінің барлық түрін ұсынатын телекоммуникация қызметтеріне қол жеткізу орталықтарын (сөйлесу пункттерін) ұйымдастыру; **** дауыстау телефоны қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: жергілікті қосу қызметтері; ішкі аймақтық қосу қызметтері; қалааралық қосу қызметтері; басқа операторлардың желілеріне қосу қызметтері.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1369 қаулысымен бекітілген
Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспары
|