Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен Ұлан-Батор қаласына (Монғолия) бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясын іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 5 тамыздағы № 206-ө Өкімі
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлан-Батор қаласына (Монғолия) мемлекеттік сапарын өткізу мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация):
2008 жылғы 6-9 тамыз кезеңіне 1-қосымшаға сәйкес;
2008 жылғы 6-7 тамыз кезеңіне 2-қосымшаға сәйкес құрамда;
2008 жылғы 5-7 тамыз кезеңіне Сағындық Қанатұлы Тесіков, Марат Максимұлы Смағұлов, Жандос Нүсіпқожаұлы Әбитов Ұлан-Батор қаласына (Монғолия) іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) делегация мүшелеріне жол жүру құжаттарын ресімдесін;
2) Орман Кәрімұлы Нұрбаевты, Әбілғазы Сәдуақасұлы Бергеневті, Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты, Болатбек Алтынбекұлы Асабаевты, Орал Қабылұлы Кәрпішевті қоспағанда, 1-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне тәуліктік және Ұлан-Батор - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
Болатбек Алтынбекұлы Асабаевқа, Орал Қабылұлы Кәрпішевке қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Ұлан-Батор - Пекин - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
Ержан Хозеұлы Қазыхановты, Болат Жәмитұлы Өтемұратовты, Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековті, Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекті, Тимур Асқарұлы Құлыбаевты, Григорий Александрович Марченконы және баспасөз өкілдерін қоспағанда, 2-қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік шығыстарға;
Ержан Хозеұлы Қазыхановқа, Болат Жәмитұлы Өтемұратовқа, Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбекке тәуліктік шығыстарға;
Сағындық Қанатұлы Тесіковке, Марат Максимұлы Смағұловқа, Жандос Нүсіпқожаұлы Әбитовке қонақ үйде тұруға және тәуліктік шығыстарға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша толық көлемде қаражат бөлсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, арнайы ұшаққа қызмет көрсетуді және оның ұшу бағыты бойынша әуе кеңістігі арқылы кедергісіз ұшып өтуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 5 тамыздағы
№ 206-ө өкіміне
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен
Ұлан-Батор қаласына (Монғолия) бірге жүретін
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
(2008 жылғы 6-9 тамыз)
Ресми делегация:
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы** | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Нұрбаев Орман Кәрімұлы* | - Қазақстан Республикасының Монғолиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі |
Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы** | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, қазақстан-монғол үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы |
Исекешев Әсет Өрентайұлы** | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
Школьник Владимир Сергеевич** | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Бергенев Әбілғазы Сәдуақасұлы | - Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Бірге жүретін адамдар:
Асабаев Болатбек Алтынбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі бастығының орынбасары |
Кәрпішев Орал Қабылұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі |
Ескертпе:
* баратын жерде күтеді
** төлем шақырушы тараптың қаражаты есебінен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 5 тамыздағы
№ 206-ө өкіміне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен
Ұлан-Батор қаласына (Монғолия) бірге жүретін
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
(2008 жылғы 6-7 тамыз)
Ресми делегация:
Қазыханов Ержан Хозеұлы** | - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі |
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы** | - «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі |
Бірге жүретін адамдар:
Өтемұратов Болат Жәмитұлы** | - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы |
Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы** | - Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы |
Байжанов Ерлан Сапарұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы |
Ілиясов Мағжан Жанботаұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі |
Шәкіров Темірлан Асқарұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқарушысының көмекшісі |
Шаханов Бақтыбай Аманжолұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры |
Бондаренко Сергей Викторович | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы |
Мақажанов Қайрат Сағатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры |
Отарбаев Болатбек Құлжымбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы |
Бизнес делегация:
Құлыбаев Тимур Асқарұлы | - «KazEnergy» мұнай-газ және энергетикалық кешені ұйымдары қазақстандық қауымдастығының төрағасы |
Марченко Григорий Александрович | - «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы, Президенттің штаттан тыс кеңесшісі |
Баспасөз:
Самұрат Жақсыбай Баянұлы | - «Егемен Қазақстан» республикалық газеті" акционерлік қоғамының тілшісі |
Курятов Владимир Геннадьевич | - «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамының тілшісі |
Ақанбай Ернұр Нұрсадықұлы | - «Қазақпарат» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тілшісі |
Ибрагимов Ернар Мұхитұлы | - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» коммерциялық емес акционерлік қоғамының бейнеинженері |
Оқаұлы Нұрлан | - «Хабар» агенттігі» акционерлік коғамының тілшісі |
Аксютиц Александр Владимирович | - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісі |
Қобдабай Айбек | - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының тілшісі |
Кәкімбаев Ерболат Алмасұлы | - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамының телеоператоры |
Күзет:
Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы | - Қазакстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары |
Несіпбаев Айдос Алдаболсынұлы | - күзет офицері |
Досмайылов Мұрат Сұрапбайұлы | - күзет офицері |
Қабылдин Мұрат Зәбихұллаұлы | - күзет офицері |
Балгереев Тимур Хайдарұлы | - күзет офицері |
Ысқақ Асылбек Сабырбекұлы | - күзет офицері |
Бекетай Жанат Өмірбайұлы | - күзет офицері |
Имамбаев Мейрам Қабылбекұлы | - күзет офицері |
Тұяшев Нұржан Зарифұлы | - күзет офицері |
Бенберин Валерий Васильевич | - күзет офицері |
Алексеев Евгений Вадимович | - күзет офицері |
Анарбеков Талғат Қалықбекұлы | - күзет офицері |
Ескертпе:
** төлем шақырушы тараптың қаражаты есебінен