Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен Токио, Киото және Осака қалаларына (Жапония) бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясын іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 18 маусымдағы № 168-ө Өкімі
(2008.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Токио, Киото және Осака қалаларына (Жапония) ресми сапарын өткізу мақсатында:
1. Қосымшаға сәйкес кұрамдағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен Токио, Киото және Осака қалаларына (Жапония) бірге жүретін Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2008 жылғы 18-23 маусым кезеңіне іссапарға жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен:
1) делегация мүшелеріне жол жүру құжаттарын ресімдесін;
ҚР Премьер-Министрінің 2008.27.08 № 227-ө Өкімімен 2) тармақша редакцияда жазылды (бұр.ред.қара)
2) мыналарға:
Ақылбек Әбсатұлы Камалдиновты, Серік Мінуәрұлы Бүркітбаевты, Арман Ғалиасқарұлы Дунаевты, Мұхтар Еркінұлы Жәкішевті, Орал Қабылұлы Қарпышевты, Қайрат Сағатбекұлы Мақажановты, Болат Құлжымбайұлы Отарбаевты, сондай-ақ баспасөз өкілдерін қоспағанда, делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Токио - Бангкок - Алматы бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
Орал Қабылұлы Қарпышевқа, Қайрат Сағатбекұлы Мақажановқа, Болат Құлжымбайұлы Отарбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Токио - Нагоя - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2008 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, арнайы ұшаққа қызмет көрсетуді және оның ұшу бағыты бойынша әуе кеңістігі арқылы кедергісіз ұшып өтуін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі сапарды бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 18 маусымдағы
№ 168-ө өкіміне
Қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен
Токио, Киото және Осака қалаларына (Жапония) бірге жүретін
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
(2008 жылғы 18-22 маусым)
Ресми делегация:
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
Қазыханов Ержан Хозеұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі |
Камалдинов Ақылбек Әбсатұлы* | - Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі |
Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Ахметов Серік Нығметұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі |
Ысқақов Нұрлан Әбділдаұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрі |
Бірге жүретін адамдар:
Аюбаев Мұхтар Ақатұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығы |
Байбек Бауыржан Қыдырғалиұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы |
Байжанов Ерлан Сапарұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы |
Ілиясов Мағжан Жанботаұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі |
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы | - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Бүркітбаев Серік Мінуәрұлы | - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті |
Жәкішев Мұхтар Еркінұлы | - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Асабаев Болатбек Алтынбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол қызметі басқармасының бастығы |
Бертаев Ержан | - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының референті |
Қарпышев Орал Қабылұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі |
Шаханов Бақтыбай Аманжолұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры |
Бондаренко Сергей Викторович | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы |
Қайрат Сағатбекұлы Мақажанов | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры |
Отарбаев Рақымжан Құлжымбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы |
Баспасөз:
Абдрахманов Сауытбек Абдрахманұлы | - «Егемен Қазақстан» республикалық Газеті» акционерлік қоғамының президенті |
Нестеренко Сергей Викторович | - «Казахстанская правда» республикалық газеті» акционерлік қоғамының тілшісі |
Ермағанбетова Дина Ғалиқызы | - «Қазақпарат» ұлттық компаниясының шолушысы |
Омаров Жанай Сейітжанұлы | - «Караван» газетінің бас редакторы |
Бекхожин Ерлан Қалижанұлы | - «Литер» - «Айқын» газетінің бас директоры |
Ибрагимов Ернар Мұхитұлы | - «Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені» ұлттық акционерлік қоғамының бейнеинженері |
Оқаұлы Нұрлан | - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісі |
Аксютиц Александр Владимирович | - «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісі |
Жексембай Бибігүл | - «Қазақстан» ұлттық телеарнасының тілшісі |
Байгереев Мұрат Сүйіншібайұлы | - «Қазақстан» ұлттық телеарнасының телеоператоры |
Ғабдуллин* Бигелдин Қайырдосұлы | - «Central Asia Monitor» газетінің бас редакторы |
Күзет:
Садықұлов Әнуар Тілеуханұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті жеке күзетінің бастығы |
Байдарбеков Өнербек Өмірханұлы | - күзет офицері |
Жалымбетов Ғалымжан Мырзаханұлы | - күзет офицері |
Рахмешев Данияр Орынбайұлы | - күзет офицері |
Момбаев Ермек Рыспайұлы | - күзет офицері |
Черников Сергей Иванович | - күзет офицері |
Тұяшев Нұржан Зарифұлы | - күзет офицері |
Сыздықов Жетпіс Серікұлы | - күзет офицері |
Махатов Келес Мәлігенұлы | - күзет офицері |
Алтынбеков Асхат Серікұлы | - күзет офицері |
Медиев Айдарбек Есенұлы | - күзет офицері |
Шайхин Ертай Тілектесұлы | - күзет офицері |
Барабаш Иван Владимирович | - күзет офицері |
Байдәулетов Серік Ешенханұлы | - күзет офицері |
Ескертпе:
* баратын жерде күтеді