|
|
|
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Шет ел тілдері әскери институты» мемлекеттік мекемесі» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери институты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) болып қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) мекемені әділет органында қайта тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 3. ҚР Үкіметінің 2016.02.12. № 755 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |