Қазақстан халқы тілдерінің Х республикалық фестивалін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 108 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 17, 24, 37, 38 тармақтарын орындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Тіл комитеті Қазақстан халқы тілдерінің Х республикалық фестивалі аясындағы шараларды ұйымдастырып өткізсін. 2. Осы бұйрықтың 2 - 31 қосымшаларына сәйкес аталған шаралардың ережесі, қазылар алқасының құрамы, шығындар есебі бекітілсін. 3. Шаралардың Ережелері бұқаралық ақпарат құралдарында 2008 жылғы наурыз айында жариялансын. 4. Экономика және қаржы департаменті 2008 жылға арналған 005 «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының өзге де тілдерін дамыту» республикалық бюджеттік бағдарламасындағы бекітілген шығын есебіне сәйкес көрсетілген шығындарды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ә. Рахымжановқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 61 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан халқы тілдерінің Х республикалық фестивалі аясында өткізілетін шаралар тізбесі
1. «Қазақ тілінің үздік оқытушысы» республикалық байқауы. 2. «Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ...» тақырыбында басқа ұлт өкілдері арасында Абай оқулары республикалық конкурсы. 3. Мұқағали Мақатаев атындағы ІІ республикалық ақындар байқауы. 4. «Ғасырлар жырлайды...» атты республикалық жыршылар конкурсы. 5. «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» республикалық конкурсы. 6. «Мемлекеттік тіл - менің тілім» атты республикалық конкурсы. 7. «Туған тілім - алаштың ұлы рухы» атты республикалық ақындар айтысы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|