Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы (2011.25.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 11 қарашадағы № 1321 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2052 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2052 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық даму проблемаларын шешу жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған кешенді жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 20 қаңтардан және 20 шілдеден кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша, 1 ақпаннан және 1 тамыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.09.12. № 2052 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.25.06. № 708 Қаулысымен кешенді жоспар өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 қыркүйектегі № 865 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|