Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 825 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Осы стандарт Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). Семей ядролық сынақ полигонындағы (бұдан әрі - СЯСП) ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккендерге 1949-1965, 1966-1990 жылдарда радиоактивті заттармен ластануға ұшыраған аумақтарда тұрған, жұмыс істеген немесе әскери қызмет (соның ішінде мерзімді) атқарған азаматтар жатады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 12-бабына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» № 110 қаулысына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет «Ақтау қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Бөлім) ардагерлер мен мүгедектермен жұмыс жасау бөлімі, Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, 18 үй , № 207 кабинетте көрсетіледі. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны: 1) Осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес СЯСП-ғы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса танудан бас тарту туралы шешімі; 2) Осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес СЯСП-ғы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды тану не болмаса оларды танудан бас тарту туралы жазбаша хабарлама; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|