ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Мазмұны
2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар 3. Пайдалануға қойылатын техникалық талаптар Б қосымшасы. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондық үлгісінің сипаттамасы
Осы стандарт Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының (бұдан əрі - Мемлекеттік Елтаңба) нысанына, өлшемдері мен дайындауға жəне пайдалануға қойылатын техникалық талаптарды белгілейді. Мемлекеттік Елтаңбаны қолдану «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сəйкес жүзеге асырылады, Ж қосымшасы[2].
2. Дайындауға қойылатын техникалық талаптар
2.1. Сипаттамалар 2.1.1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мифтік тұлпарлардың қанаттары көмкерген, жан-жағына күн сəулесі түрінде «уықтар» (тіреулер) таратылған, көгілдір түс аясындағы «шаңырақ» (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнесін білдіреді. Мемлекеттік Елтаңбаның төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар, Ж қосымшасы [1]. 2.2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы осы стандарттың талаптарына сəйкес, техникалық құжаттама жəне белгіленген тəртіппен бекітілген эталон-үлгі бойынша дайындалуға тиіс. 2.3. Мемлекеттік Елтаңба көлемді жəне графикалық бейнеде орындала алады. Мемлекеттік Елтаңбаның түрлі түсті орындалуында 2 түс - алтын жəне көгілдір түс қатысуы керек. Графикалық суреті бір түсті, екі түсті жəне түрлі түсті бола алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 8000 тг
|