Осы редакция 2007 жылғы 19 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 20.01.03 ж. № 55 (бұр. ред. қара); 17.03.04 ж. № 322 (бұр. ред. қара) қаулыларымен ереже жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеу 1-тарау. Жалпы ережелер 2-тарау. Квота белгiлеу тәртібі 3-тарау. Квота бөлу 4-тарау. Рұқсат беру шарттары 5-тарау. Рұқсат берудiң тәртібі 6-тарау. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн растаудың тәртібі 7-тарау. Рұқсаттың мерзiмін ұзарту 8-тарау. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу 9-тарау. Есеп беру 10-тарау. Осы Ереженiң және рұқсат шарттарының орындалуын бақылау 11-тарау. Жауапкершілiк 1. Осы Ереже (бұдан әрi - Ереже) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгiлеудiң және бөлудiң тәртібін, жұмыс берушілерге рұқсат берудiң шарттары мен тәртібін белгілейдi. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар: ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) шетелдiк жұмыс күшi (шетелдік қызметкерлер) - республика аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшiн жұмыс берушi жалдайтын шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар; 2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота (бұдан әрi - квота) - Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын белгілейтiн, республиканың экономикалық белсендi халқының санына пайызға шаққандағы шетелдiк жұмыс күшінiң үлесi; 3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын заңды немесе жеке тұлға; 4) шетелдiк жұмыс күшін тартуға рұқсат (бұдан әрi - рұқсат) - уәкілеттi орган жұмыс берушiге беретiн, орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде Қазақстан Республикасына тарту үшін шетелдiк жұмыс күшiнiң санын айқындайтын белгiленген нысандағы құжат; 5) орталық атқарушы орган - халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуын үйлестірушi мемлекеттік орган; 6) уәкілетті орган - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 7) тармақшамен толықтырылды 7) маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстары - табиғат және ауа райы жағдайларына байланысты белгілі бір кезеңнің (маусымның) ішінде орындалатын ауыл шаруашылығы жұмыстары. 1) шетелдiк заңды тұлғалардың, олардың филиалдарының немесе өкілдiктерiнiң бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде жиынтығы 60 күнтізбелік күннен аспайтын іссапарда жүрген. Уәкілетті орган растаған тізімге сәйкес шетелдік азаматтарды Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына 60 күнтізбелік күннен астам мерзімге іссапарға жіберуге, осындай мерзімге және осындай санда шетелдік мамандар жіберілетін шетелдік заңды тұлғаға қазақстандық персонал іссапарға жіберілген жағдайда жол беріледі. Іссапарға жіберу мерзімі 180 күнтізбелік күннен аспауға тиіс. 3) Қазақстан Республикасының Үкiметімен ақшалай баламасы 50 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция сомасына келісім-шарттар жасасқан ұйымдардың бiрiнші басшылары және Қазақстан Республикасының қызметтің басым түрлерiнде инвестициялық қызметті жүзеге асыратын әрi инвестициялар жөніндегі уәкілеттi органмен келісім-шарт жасасқан заңды тұлғаларының бiрiншi басшылары болып жұмыс істейтін; 4) банк, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бiрiншi басшылары болып жұмыс iстейтiн; 5) акцияларының кемiнде 50% мемлекетке тиесілi Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдары атқарушы органдарының бiрiншi басшылары болып жұмыс істейтiн; 6) дипломатиялық өкiлдiктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi, Қазақстан Республикасында аккредиттелген консульдық мекемелердiң қызметкерлерi болып табылатын; 7) қайырымдылық және iзгілiк көмек көрсету мақсатымен келетiн; 8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi болып табылатын; 9) шетелдiк ұйымдарға тиесілi теңiз және өзен кемелерi, әуе, темір жол және автомобиль көлiгi экипаждарының мүшелері болып табылатын; 10) әртiстер мен спортшылар болып жұмыс iстейтiн; 11) жеке кәсіпкерлер болып табылатын; 12) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 13) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 13) босқын мәртебесiн немесе Қазақстан Республикасының аумағында саяси баспана алған. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 14) тармақшамен толықтырылды 14) Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік және жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында, бірақ ұйым штатының 25 пайызынан аспайтын педагогикалық қызметті жүзеге асыратын шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 15) тармақшамен толықтырылды 15) оралмандарға; ҚР Үкіметінің 2006.08.06. № 529 Қаулысымен 16) тармақшамен толықтырылды; 16) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдері шеңберінде тартылатын ғарыштық зымыран кешенін құру және жердегі ғарыш инфрақұрылымы объектілерін пайдалану жөніндегі маман болып табылатындарға ҚР Үкіметінің 2008.22.04. № 378 Қаулысымен 17) тармақшамен толықтырылды 17) Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығында жұмыс істейтін, өз қызметін Орталык Азия өңірлік экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары туралы келісім негізінде жүзеге асыратын адамдарға
2-тарау. Квота белгiлеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 4 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Уәкілетті органдар жыл сайын бiрiншi қазанға дейiнгі мерзiмде ішкі еңбек рыногын талдау және жұмыс берушілер өтiнiмдерiнiң негiзінде орталық атқарушы органға жұмыс берушiнiң алдағы жылға арналған шетелдiк жұмыс күшiн тарту негiздемесiн орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша ұсынады. 5. Мүдделi орталық атқарушы органдар шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота белгілеу жөніндегі ұсыныстарын орталық атқарушы органға енгiзе алады. 6. Орталық атқарушы орган уәкілетті органдар мен мүдделi орталық атқарушы органдар ұсыныстарының негiзiнде жыл сайын бiрiншi желтоқсанға дейiн алдағы жылға арналған квота белгiлеу туралы нормативтiк құқықтық кесiмнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 7 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының Үкіметі квота белгілеу туралы шешiм қабылдағаннан кейiн он бес күн iшiнде оны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында еңбек рыногындағы ахуалды және өндiрiстi дамыту және инвестициялық жобаларды, оның iшiнде шетелдiк капиталды қатыстыра отырып iске асыру, сондай-ақ прогрессивті шетелдiк технологияларды енгізу үшiн тиiстi облыс, Астана және Алматы қалалары экономикасының жұмыс күшiне қажеттілiгiн ескере отырып бөледi. 8. Орталық атқарушы орган бекiтілген квотаны облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген квота шегінде қайта бөлудi жүзеге асыра алады.
9. Уәкілетті орган рұқсатты бос жұмыс орындары болған және жұмыс күшiне сұранысты iшкi еңбек рыногы есебiнен қанағаттандыруға мүмкiндiк болмаған кезде орталық атқарушы орган бөлген квота шегiнде бередi. 10. Уәкілетті орган рұқсат беру кезiнде iшкi еңбек рыногында тиiсті ұсыныстар болған кезде тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын шектей алады. 11. Iшкi еңбек рыногындағы iздестіру: 1) шетелдiк банк, сақтандыру ұйымдары құрылымдық бөлiмшелерінiң басшылары; 2) еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатындар қатарынан шетелдiк жұмыс күшін тарту кезiнде жүзеге асырылмайды. 12. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат қызметкерлердiң мынадай санаттарына: 1) бiрiншi санат - ұйымның басшы құрамын тартуға; 2) екiншi санат - құжаттары белгіленген тәртiппен расталған жоғары және кәсiптік орта білiмi бар мамандарды тартуға; 3) үшiншi санат - білiктi жұмысшыларды тартуға; 4) төртiншi санат - еңбекшi-мигранттардың еңбек көшi-қоны және оларды әлеуметтiк қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге сәйкес маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарымен айналысатын жұмысшыларды тартуға беріледi. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 13 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 13. Уәкілетті орган рұқсаттарды беру кезінде жұмыс берушімен алдын ала жасалған жазбаша келісім бойынша оған мынадай ерекше шарттардың кез келгенінің орындалуын жүктейді: 1) шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша қазақстандық азаматтарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру; 2) шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен алмастыру; 3) қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру. Даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жататын қазақстандық азаматтардың, жергілікті кадрлармен алмастыруға жататын шетелдік жұмыс күшінің саны, сондай-ақ ерекше шарттардың орындалу мерзімі рұқсатта көрсетіледі. Осы тармақтың шарттары маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына шетелдік жұмыс күшін тартатын жұмыс берушілерге қолданылмайды.
5-тарау. Рұқсат берудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 14 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Жұмыс берушi рұқсат алу үшiн шетелдік жұмыс күшінің еңбек қызметін жүзеге асыратын жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 1) жекелеген кәсiптер мен біліктілiктер бойынша тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң санын, санатын көрсете отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде рұқсат беруге өтiнiштi; 2) орталық атқарушы орган бекiтетiн Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшілер лауазымдарының білiктілік анықтамалығына (БА), Жұмысшылар жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-білiктілiк анықтамалығына (БТБА) сәйкес әр лауазым үшiн белгіленген біліктілік талаптарын; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) шетел тілін және халықаралық стандарттарды білуі, шетелдегі жұмыс тәжірибесі қажеттілігі негіздемесін, егер жұмыс беруші оларды осы лауазым мен кәсіп бойынша қосымша белгілеген болса; 4) өтiнiш берген күннен бастап бiр айдан аспайтын мерзiмде уәкілетті органның өңiрлiк дерекқорынан бос лауазымдар жөнiнде ұсыныстардың болуы туралы анықтаманы; 5) лауазымға қойылатын біліктілiк талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтінiш бергенге дейiн кемінде бiр ай бұрын және үш айдан аспай жарияланған мемлекеттік және орыс тiлдеріндегі бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілiктi мерзiмдi басылымдардың түпнұсқаларын; 6) орталық атқарушы органның web-сайты арқылы еңбек рыногының республикалық дерекқоры бойынша iздестірудiң нәтижелерiн; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 7) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 7) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы ақпаратты; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 8) жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан уәжделген жазбаша нысандағы бас тартуын; 9) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi санының негiздемесiн ұсынады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 14-1 - тармақпен толықтырылды 14-1. Маусымдық ауыл шаруашылығы жұмыстарына рұқсат алу үшін, жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күші санының негіздемесі бар, рұқсат беруге арналған мемлекеттік немесе орыс тіліндегі өтінішті ғана ұсынады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) жұмыс берушi ұсынған құжаттарды олар ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде қарап, Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру жөніндегі комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) ұсынымдары бойынша рұқсат беру (бермеу) туралы шешiм қабылдайды. Комиссия туралы ережені уәкілетті орган орталық атқарушы органмен келісім бойынша әзірлейді және бекітеді. Комиссияның құрамына орталық атқарушы органның аумақтық органдарының және Ішкі істер министрлігінің өкілдері енгізіледі. Комиссияның отырысына жұмыс берушінің өкілдері қатыса алады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 2) жұмыс берушіні шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы хабардар етедi. 16. Рұқсаттың нысанын орталық атқарушы орган бекiтедi. Жұмыс берушi уәкілетті органда рұқсат беру туралы жазбаша хабарландырылған күннен бастап бiр ай iшiнде рұқсат алуы керек. Рұқсат уәкілеттi орган әкелiнетiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тізiмдерiн растаған сәттен бастап қолданылады. 17. Уәкілетті орган берген рұқсат тиiстi облыстың, Астана және Алматы қаласының аумағында ғана қолданылады және оны басқа жұмыс берушілерге беруге болмайды. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 18 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 18. Жұмыс берушілердiң шетелдiк жұмыс күшін бiрнеше облыстарда және (немесе) Астана және (немесе) Алматы қалаларында пайдалануы қажет болған жағдайда, уәкілетті орган орталық атқарушы органның келісімi бойынша екi және одан да көп облыстарда, сондай-ақ Астана және (немесе) Алматы қалаларында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат бере алады. 19. Рұқсат мынадай жағдайларда: 1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиесілi ресiмделмесе; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттары (олар бар болса) орындалмаса; 3) бөлiнген квотадан асып кетсе берілмейдi. 20. Жұмыс берушi уәкілеттi органның шешiмiмен келiспеген кезде қабылданған шешiмнiң негізділiгi мәнiне орталық атқарушы органға өтiнiшпен бара алады. Орталық атқарушы орган жұмыс берушінiң өтiнiшiн қарайды, уәкілетті органнан сұратып алған қажетті материалдарды зерделейдi және нәтижелерi бойынша қорытындыны тиiстi уәкілеттi органға қарауға жiбередi, бұл туралы жұмыс берушiге хабардар етедi.
6-тарау. Тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн растаудың тәртібі
21. Жұмыс бepуші рұқсаты болған кезде шетелдiк қызметкерлермен Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасына сәйкес еңбек шарттарын жасасады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 22 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 22. Жұмыс берушi рұқсат алған күннен бастап үш айдан кешiктірмей тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн қалыптастырады және оларды уәкілетті органға ұсынады. Тізімдер толығымен не бөлек-бөлек ұсынылуы мүмкін. 23. Жұмыс берушi тартылатын шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн: тегін, атын, әкесінiң атын, туған күнi мен жылын, азаматтығын, тұрақты тұратын елiн, баратын елiн, мамандығы мен білiмiн Қазақстан Республикасында қолданылатын, орталық атқарушы орган бекiтетiн Жұмысшылар жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-білiктілiк анықтамалығына, Басшылар, мамандар мен басқа да қызметшiлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышына сәйкес кәсiптер мен лауазымдарының атауларын көрсете отырып, бес данада жасайды. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 24 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 24. Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізіміне: бірінші - үшінші санаттар бойынша: 1) білімі туралы құжаттарының нотариалды расталған аудармалары; 2) жұмыс беруші растаған, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар (жұмыс стажы бойынша біліктілік талаптары белгіленген болса); 3) бір уақытта құрылтайшылар болып табылатын бірінші басшыларды қоспағанда, қызметкермен жасалған еңбек шартының көшірмесі; 4) рұқсаттың қолданылу мерзімі өткен соң шетелдік жұмыс күшінің тұрақты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттар (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттың көшірмесі, жұмыс берушінің банктік шотына кепілдікті және кепіл жарналар енгізілгені туралы түбіртек); төртінші санат бойынша: 1) еңбек шартының көшірмесі қоса беріледі. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 25 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 25. Уәкілетті орган құжаттардың осы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкестігін қарағаннан кейін олар берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыс беруші берген тізімдерді растайды. Тізімдер расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті орган оларды орталық атқарушы органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына ұсынады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 26 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 26. Шетелдік қызметкермен еңбек шарты рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін тартылатын шетелдік жұмыс күшінің өзгертілген, уәкілетті орган растаған тізімі негізінде сол санат пен біліктілік бойынша тарта алады. Уәкілетті орган тартылатын шетелдік жұмыс күшінің өзгертілген тізімдері расталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олармен еңбек шарты бұзылған шетелдік қызметкерлердің тізімін орталық атқарушы органның және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына ұсынады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 27 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 27. Шетелдік жұмыс күшін одан әрі тартудың қажеттілігі болмаған жағдайда жұмыс беруші уәкілетті органды он күнтізбелік күн ішінде хабардар етуге міндетті. 28. Тiзiмдердi растау мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды: 1) құжаттарды осы Ереженiң 22-24-тармақтарына сәйкес толық және тиесілi ұсынбағанда; 2) тартылатын шетелдiк жұмыс күшi талап етілетiн санат пен біліктілікке сәйкес болмағанда; 3) ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 29. Тартылатын шетелдiк жұмыс күші үшiн визалық қолдау жұмыс берушіде уәкілеттi орган растаған тiзiмдер қоса берілген рұқсат болған кезде жүзеге асырылады. 30. Жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанда шетелдiк жұмыс күшiнiң Қазақстан Республикасынан тысқары шығуын қамтамасыз етеді. 7-тарау. Рұқсаттың мерзiмін ұзарту 31. Рұқсаттың мерзiмiн ұзартуды уәкілеттi орган жұмыс берушiнiң өтінішi бойынша тиiсті облыс, Астана және Алматы қалалары үшiн бөлiнген квота шегінде жүзеге асырады. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту бiрiншi санат үшiн екi рет, екiншi санат үшiн бiр рет жүзеге асырылады. Yшiншi және төртiншi санаттар үшiн рұқсаттың мерзiмiн ұзарту жүзеге асырылмайды. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 32 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 32. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту үшiн жұмыс берушi рұқсаттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн кемінде 20 күн бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды: 1) өтiнiштi; 2) рұқсаттың түпнұсқасын; 3) уәкілетті орган растаған шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн; 4) рұқсат мерзiмдерiн ұзарту үшiн шетелдiк жұмыс күшiнiң тiзiмдерiн; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 5) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдарда берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттарының (олар бар болса) орындалуы туралы ақпаратты; 6) рұқсаттың мерзiмiн ұзарту негiздемесiн жiбередi. 33. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттар негiзiнде құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде рұқсаттың мерзiмiн ұзарту туралы шешiм қабылдайды және жұмыс берушi мен орталық атқарушы органды қабылданған шешiм туралы бес жұмыс күнi iшiнде бас тартқан жағдайда себебiн көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етедi. 34. Рұқсаттың мерзiмiн ұзарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылмайды: 1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық және тиесiлi ресiмделмесе; ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі жеткен ерекше шарттары (олар бар болса) орындалмаса. 3) ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
8-тарау. Рұқсатты тоқтата тұру және қайтарып алу
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 35 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 35. Уәкілетті орган жұмыс берушіні себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіп , рұқсаттың қолданылуын үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы. 1) жұмыс берушi осы Ережеде көзделген рұқсат берудiң ерекше шарттарын орындамаған; 2) шетелдiк жұмыс күшін рұқсатта көзделген саннан артық тартылған; 3) тартылатын жұмыс күші тiзімдерiнде көрсетілмеген шетелдiк жұмысшылар мен мамандар тартылған жағдайларда жүргiзіледi. 37. Тоқтатыла тұрған рұқсаттың қолданылуы уәкілеттi органның шешiмi бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейiн қалпына келтiріледi, бұл туралы жұмыс берушiге қалпына келтiру туралы шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарланады. ҚР Үкіметінің 2006 ж. 14 наурыздағы № 161 Қаулысымен 38 тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 38. Уәкілетті орган рұқсатты қайтарып алуды: 1) жұмыс беруші уәкілетті орган рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептерді жоймаған; 2) жұмыс беруші тартылатын шетелдік жұмыс күшінің тізімдерін үш айдың ішінде ұсынбаған жағдайда жүргізеді.
39. Жұмыс беруші рұқсатты алғаннан кейiн уәкілеттi органға ай сайын шетелдiк жұмыс күшiн тарту туралы және осы Ереженiң 13-тармағына сәйкес ерекше шарттардың орындалуы туралы ақпарат ұсынады. 40. Уәкілетті орган орталық атқарушы органға ай сайын шетелдiк жұмыс күшiн тарту, жұмыс берушінің рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөнiнде орталық атқарушы орган белгiлейтiн нысан бойынша есеп ұсынады.
10-тарау. Осы Ереженiң және рұқсат шарттарының орындалуын бақылау
41. Осы Ереже шарттарының орындалуын бақылауды орталық атқарушы орган мен оның аумақтық органдары, уәкiлетті орган өз құзыреті шегінде жүзеге асырады. 42. Орталық атқарушы орган бөлiнген квотаның өңiрлер бойынша сақталуын бақылайды. 43. Уәкілетті орган мен орталық атқарушы органның аумақтық органы жұмыс берушінің рұқсат бepудің ерекше шарттарын орындауын және жұмыспен қамту туралы заңнаманың орындалуын бақылайды.
44. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктейдi.
|