«Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары (2006.11.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 18 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебінің ережесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 2 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 шілдедегі № 1053 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен Ереже өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының аумағындағы өрттер мен олардың зардаптары мемлекеттік есебiнiң Ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы өрттердiң, олар келтiрген материалдьқ залалдың және бұл ретте зардап шеккен адамдардың есебiн жүргiзудiң бірыңғай жүйесiн белгiлейдi. 2. Ереже Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ведомстволарының, сондай-ақ меншiк нысандарына қармастан басқа да заңды тұлғалардың қолдануы үшiн мiндеттті. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 3 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: өрт - адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян, адамдарға, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне залал келтiретiн бақыланбаған жану; өрттiң себебi - өрттiң пайда болуына тiкелей негiз болған құбылыс немесе жағдай; өрттiң зардабы - материалдық, моральдық-құқықтық, әлеуметтiк (адамдардың қаза табуы мен жарақаттануы), басқа да шығындар; жойылған материалдық құндылықтар - өзiнiң сапасы мен құндылығын толық жоғалтқан, жөндеу жолымен де мақсаты бойынша пайдаланыла алмайтын, одан әрi пайдалану үшiн жарамды күйге келтiрiле алмайтын материалдық құндылықтар; бүлiнген материалдық құндылықтар - қалпына келтiру (жөндеу) жолымен пайдалану үшiн жарамды күйге келтiруте болатын материалдық құндылықтар; өрттен болған толық материалдық залал - жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың, өрттi өшiруге және оның зардабын жоюға арналған, оның iшiнде объектiнi қалпына келтiруге, өрттен болған зиянды әлеуметтiк өтеуге арналған шығындардың құндық көрсетiлуi. өрттен болған толық материалдық залал тiкелей, жанама және әлеуметтiк материалдық залалдардан тұрады; өрттен болған тiкелей материалдық залал - егер олар өртке тiкелей байланысты пайда болса азаматтардың жылжымайтын мүлкiне, өзге де негiзгi қорларына, айналымдағы қаражатына, жеке мүлкiне келтiрiлген, жойылған және бүлiнген материалдық құндылықтардың құндық көрсетiлуi; өрттен болған жанама материалдық залал - өрттi өшiруге, өрттің зардаптарын жоюға, объектiнiң жұмыс iстеуiн қалпына келтiруге арналған шығындардың, сондай-ақ объектiнiң тоқтап тұруынан болған және басқа да шығындардың құндық көрсетiлуi; өрттен болған әлеуметтiк материалдық залал - өндiрiстiк қызметтен еңбек резервтерiнiң шығып қалуының нәтижесiнде пайдаланылмаған мүмкiндiктерден шығындарды қоса алғанда адамдардың қаза табуының және жарақаттануының салдарынан iс-шаралар жүргiзуге, уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша жәрдемақылар төлеуге арналған шығындардың, санаториялық-курорттық емдеуге, мүгедектерге, сондай-ақ асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша зейнетақылар төлеуге арналған және басқа да шығыстардың құндық көрсетiлуi; өрт кезiнде зардап шеккендер - өртте қаза тапқан немесе жарақаттанған адам; тiкелей өрт болған жерде немесе уақиға болған күннен бастап 30 тәулiктiң iшiнде өрттің қауiп факторларының әсерi салдарынан алынған дене зақымдарынан (жарақаттарынан), сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан қайтыс болған адам өрт кезiнде қаза табушы деп танылады; еңбек қабiлетiн жоғалтуды немесе кемiнде бiр тәулiк мерзiмге емханаға жатқызудың немесе алғашқы медициналық көмек көрсетiлгеннен кейiн амбулаториялық емдеу тағайындауды тудырған өрттiң қауiптi факторларының, сондай-ақ өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануынан дене жарақатын алған адамдар өрт кезiнде жарақат алғандар деп танылады; дене зақымы (жарақаты) - адамның органдары мен ткандарының анатомиялық бүтiндiгiнің немесе физиологиялық функцияларының бұзылуы; өрттiң адамдар үшiн қауiптi факторына: жалын мен ұшқын; қоршаған орта температурасының көтерiлуi; түтiн; жанудың улы өнiмдерi мен термикалық шiру; кислород концентрациясының төмендеуi жатады; өрттiң қауiптi факторларының екiншi мәрте қайталануына: жарықшақтар, бүлiнген аппараттардың, агрегаттардың, қондырғылардың, конструкциялардың бөлiктерi; бүлiнген аппараттар мен қондырғылардан шыққан радиоактивтi және улы заттар мен материалдар; кернеудi конструкциялардың, аппараттардың, агрегаттардың тоқ өткізгіш бөлiктерiне шығарудың нәтижесiнде пайда болған электр тогы; өрттің салдарынан болған жарылыстың қауiптi факторлары; от сөндiрушi заттар; көлiк құралдары - автомобильдер, мотоциклдер, мотороллерлер, мотоарбалар, трамвайлар, троллейбустар, тракторлар және басқа да өздiгінен жүретiн механизмдер, теңiз және өзен кемелерi, әуе кемелерi, темiржол көлiгiнiң жылжымалы құрамы, сондай-ақ ат арба көлiгi; эксаумақтық мәртебесi бар объектiлер - шетел мемлекеттерi елшiлiктерiнiң, дипломатиялық және консульдық өкiлдiктерiнiң, БҰҰ өкiлдiктерiнiң және БҰҰ-ның мамандандырылған халықаралық ұйымдарының, сондай-ақ, егер олардың үй-жайының эксаумақтылығы Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын халықаралық шартта көзделсе, өзге де халықаралық ұйымдардың аумағына эксаумақтылық мәртебесi берiлген. Эксаумақтылық мәртебесi шетелдiк мемлекеттер елшiлiктерiнiң, дипломаттық және консулдық өкiлдiктерiнiң дипломатиялық мәртебе мен тиiстi артықшылықтар және иммунитеттер берiлген қызметкерлерi (дипломатиялық өкiлдiктiң басшысы, консул, бiрiншi, екiншi және үшiншi хатшылар, атташе және олардың отбасы мүшелерi) тұратын тұрғын үй-жайларға, сондай-ақ олардың жеке автомашиналарына да қолданылады. Елшiлiктер мен дипломатиялық өкiлдiктердiң автомашиналарына да эксаумақтылық мәртебесi берiлген. Елшiлiктермен дипломаттық өкiлдiктердiң техникалық және қызмет көрсетушi қызметшiлерi тұратын тұрғын үй-жайлар мен олардың жеке автомашиналарына эксаумақтылық мәртебесi қолданылмайды.
2. Өрттердiң және олардың зардаптарының есебi
4. Қазақстан Республикасының аумағында болған барлық өрт, олардың пайда болған жерi мен зардаптарына қарамастан, мемлекеттік статистикалық есеп жүргізуге жатады. Эксаумақтылық мәртебесi бар объектiлерде болған өрттер Қазақстан Республикасының жеке және (немесе) заңды тұлғаларына материалдық залал келтiрiлген немесе басқа да зардаптар болған жағдайларды қоспағанда, оларға келтiрiлген зардаптарға қарамастан мемлекеттік статистикалық есепке енгiзiлмейдi. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 (бұр. ред. қара); 2006.11.08. № 760 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 5-тармақ өзгертілді 5. Өрттердiң және олардың зардаптарының мемлекеттік статистикалық есебi Қазақстан Республикасындағы өрттердiң жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткiштердi қалыптастыруға арналған. Өрттердiң және олардың зардаптарының мемлекеттік статистикалық есебiн Қазақстан Республикасының статистика жөнiндегі атқарушы органымен келісім бойынша өрт қауіпсіздігі саласында бақылау функцияларын жүзеге асыратын өртке қарсы қызмет органы және оның аумақтық органдары (бұдан әpi - өртке қарсы қызмет органдары) жүзеге асырады. Есептiлiктiң нысанын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі атқарушы органымен келісім бойынша өртке қарсы қызмет органдары әзiрлейдi. ҚР Үкіметінің 09.06.01 ж. № 786 қаулысымен 6-тармақ толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 2006.11.08. № 760 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Қазақстан Республикасындағы өрттер мен олардың зардаптарының есебiн: елдi мекендер мен өз мемлекеттік өртті бақылауды жүзеге асыратын объектiлерде өртке қарсы қызмет органдары; мемлекеттік органдарда және меншiк нысандарына қарамастан, өзге де ұйымдарда құрылатын, өз күшiмен ведомстволық бағыныстағы объектiлерде (ормандарда, шахтылардың жерасты құрылыстарында, ашық көмiр кенiштерiнде, метрода, рудниктерде, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы объекттерде, Қазақстан Республикасының шетелдердегі елшiлiктерiнде, консульдықтарында, өкiлдiктерiнде) өрт қауіпсiздiгi саласындағы функцияларды жүзеге асыратын салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады. Салалық өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асыратын есеп бойынша деректердi олар ай сайын өртке қарсы қызмет органдарына ұсынады. 7. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының көлiк құралдарындағы өрттердiң есебiн, егер олар республиканың аумағында жол жүрiп бара жатқан кезде немесе уақытша тұрақтарда пайда болса, олардың пайда болған жерi бойынша, ал шетелдiк азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесiлi көлiктерде болса, тиiстi тексерулер материалдарының негізiнде олардың тiркелген жерi бойынша өртке қарсы қызмет органдары жүргiзедi. 8. Заңды және жеке тұлғалар өртке қарсы қызмет органдарына барлық өрт уақиғалары туралы хабарлауға және оларды тергеу барысында қажетті материалдарды ұсынуға мiндеттi. 9. өртке қарсы қызмет органдары өрттердi өрттің фактiсi бойынша жасалған құжаттардың негiзiнде өрттердiң арнаулы есебi журналына тiркейдi. ҚР Үкіметінің 2006.11.08. № 760 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 10. Әр өртке ол жойылғаннан кейiн бiр тәулiктiң iшiнде мемлекеттік өрт бақылау қызметкерi немесе өрт өшiру басшысы басқаратын комиссия өрт туралы актi жасайды. Комиссияның құрамына заңды тұлға әкiмшiлiгiнiң немесе зардап шегушiнiң, iшкi iстер органдарының, сақтандыру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi мен басқа да мүдделi тұлғалар енгiзiледi. Өрт бөлiмшесi шақырылмаған және мемлекеттік өртті бақылау органдарына ол туралы хабар (ауызша немесе жазбаша) зардап шеккендерден, милиция органдарынан, сақтандыру ұйымдарынан немесе басқа да көздерден түскен өрт туралы актiнi ақпарат алынған сәттен бастап екi тәулiктен кешiктiрмей сол құрамда комиссия жасайды. Актi, оған комиссия қол қойғаннан кейiн, өрт фактiсi бойынша тексеру (анықтау) жүргiзушi органда қалады. Қажет болған жағдайда өрт туралы актiнiң көшірмесі мүдделi жеке және заңды тұлғаларға берiледi. 11. Тексерудің нәтижесiнде белгiленген тiркелмеген өрттердiң фактiлерi бойынша өрт жөніндегі деректердiң қателiктерiне осы Ережеге сәйкес ескерiлетiн толықтырулар мен өзгерістер енгiзiледi. Сонымен бiр мезгiлде уақиға болған кезеңдегi мемлекеттік есептiлiкке түзету енгiзiледi. ҚР Үкіметінің 09.06.01 ж. № 786 ; 2005.30.06 ж. № 662 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12 тармақ өзгертілді 12. Өрт ретiнде: өндiрiстiң технологиялық процесiнiң ерекшелiктерiне (техникалық регламентке немесе басқа да техникалық құжаттамаға кiргiзiлген) немесе өнеркәсiптiк қондырғылар мен агрегаттардың жұмыс жағдайына , сондай-ақ үйді жылытуға арналған тұрмыстық пештерге байланысты жану жағдайлары; заттарды қайта өңдеу сапалық сипатын өзгерту мақсатында (кептiру, пiсiру, үтiктеу, қақтау, қуыру, балқыту және басқалары) отпен, жылумен немесе өзге де термикалық (жылулық) әсермен өңдеудiң нәтижесi ретiндегі жану жағдайлары; статистикалық электрдің өрттiң пайда болуын тудырмайтын жарылыстары, жарқылдары және разрядтары; электр жабдықтарындағы, тұрмыстық және өнеркәсiптiк электр аспаптарындағы жанудың аппараттан, агрегаттан және механизмнен тысқары таралуын тудырмайтын электр желiлерiнiң қысқа тоғысу жағдайлары; тағамның оны дайындау кезiндегі өрттiң пайда болуын тудырмайтын күюi жағдайлары; тазалау жұмыстарын жүргiзу үшiн тiркелетiн ашық аумақтардағы (қоқыс төгетiн жерлер, контейнерлiк алаңдар, үй иесiнің ашық алаңдары, жолдардың шетi, бос жерлер және тағы басқалары) қалдықтар мен қоқыстардың, сондай-ақ көгалдар мен бос жерлерде құрғақ шөп пен жапырақтардың, терек ұлпасының, тұрмыстық қалдықтардың, аңыздардың жануы, егер олар материалдық құндылықтарды жоюға, бүліндіруге әкеп соқтырмаса және олар тікелей материалдық залал келтірмесе. өзін-өзі өлтіруге әрекет еткен және өзін-өзі өртеу жолымен өлтірген жағдай, егер олар жанудың таралуын тудырмаса, есеп жүргізуге жатпайды. 13. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
3. Өрт кезiнде зардап шеккендердiң есебi
ҚР Үкіметінің 2005.30.06 ж. № 662 қаулысымен 14 тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 14. Өрт кезiнде зардап шеккен адамдардың есебiн медициналық ұйымдар ұсынатын мәлiметтердiң негізiнде осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген субъектiлер жүзеге асырады. Осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген жағдайларда адамдардың қаза болу, жарақаттану фактілері мемлекеттік есепке алуға жатпайды және жазатайым оқиғалар, қасақана өлтіру (өзін-өзі өлтіруге) не қасақана өлтіруге (өзін-өзі өлтіруге) әрекет жасау деп саналады 15. Ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан медициналық ұйымдар медициналық көмек көрсету үшiн келген немесе әкелiнген өрт кезiнде зардап шеккен адамдар туралы, сондай-ақ өрт кезiнде алынған жарақаттан қайтыс болғандар туралы өртке қарсы қызмет органдарына дереу хабарлауға мiндеттi. 16. Медициналық ұйымдар өрт бойынша тексеру (анықтау) жүргізушi лауазымды тұлғалардың сұрау салуы бойынша 3 тәулiктен кешiктiрмей адамдардың өрт кезiнде қайтыс болуы немесе жарақаттануы фактiсiн растайтын құжаттарды беруге мiндеттi. 17. өртке қарсы қызмет органдары тоқсан сайын жергiлiктi жердегi денсаулық сақтау органдарымен өрт кезiнде зардап шеккен адамдардың есебi жөніндегі мәлiметтердi салыстыруды жүргiзуге мiндеттi. 18. Жолдағы немесе уақытша тұрақтардағы көлiк құралдарындағы өрт кезiнде қаза тапқан адамдар өрт пайда болған жер бойынша өртке қарсы қызмет органдарында, ал өрт кезiнде жарақат алғандар медициналық көмекке барған жерi бойынша денсаулық сақтау органдарына есепке алынады. 19. Өрт кезiнде қаза тапқан, сондай-ақ термикалық әсердiң салдарынан тану мүмкiн болмаған белгiлi бiр тұрағы жоқ адамдарды, азаматтығы жоқ адамдарды өрт пайда болған жер бойынша өртке қарсы қызмет органдары есепке алады. 20. Шетелдiк мемлекеттердiң өртте қаза тапқан немесе жарақаттанған азаматтарын өртке қарсы қызмет органдары есепке алмайды, аталған фактiлер бойынша материалдар тиiстi тексеруден кейiн олар азаматы болып табылатын мемлекеттiң елшiлiгiне және консулдығына берiледi.
4. Өрттен болған материалдық залалдың есебi 21. Өрттен болған толық материалдық залал дүниежүзілiк тәжiрибе ескерiле отырып тiкелей, жанама және әлеуметтiк залалдан құралады. Өрттен болған толық материалдық залал оның өтелу дәрежесiне қарамастан есепке алынуға жатады. 22. Осы Ереженiң 6-тармағына көрсетiлген субъектiлердiң өрттен болған материалдық залалдың есебiн жүргiзуi өрт болған ұйымның бухгалтерлiк есептiлiгi құжаттарының; сақтандыру ұйымдары мәлiметтерiнiң; сот органдарының шешiмдерi көшiрмелерiнiң; мүлiктiң меншiк иелерi құжаттарының негiзiнде жүзеге асырылады. 23. Объектiлерiнде өрт болған ұйымдар, меншiк нысандарына қарамастан сақтандыру ұйымдары өртпен келтiрілген материалдық залалдың ауқымын растайтын құжаттарды өртке қарсы қызмет органдарына ұсынуға мiндетті. 24. Өрттерден болған толық материалдық залал өртке қарсы қызмет органдары бекiткен нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес айқындалады. 25. Өрттiң нәтижесiнде эксаумақтық дәрежесi бар объектiлерге (олардағы заттарға) келтiрілген материалдық залал, оны Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары өтейтiн жағдайларды қоспағанда, есепке алынбайды. 5. Өрттердің есебі үшін жауаптылық 26. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген субъектілердің лауазымды тұлғалары, өрт объектілерінің меншік иелері, сақтандыру және медициналық ұйымдар өрт туралы деректердің уақытылы берілуі мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болады. 27. Осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген субъектілердің лауазымды тұлғалары деректерді беру тәртібінің бұзылуын және (немесе) оның бұрмалануын анықтаған жағдайда, олар мемлекеттік статистикалық есепттілікке өзгерістер немесе толықтырулар енгізу үшін өртке қарсы қызмет органына хабарлау жөнінде қажетті шаралар қолданады.
|