|
|
|
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама туралы (2011.03.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Құқықтық мәдениет деңгейін одан әрі арттыру, құқықтық түсіндіру жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Жергілікті атқарушы органдар құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлесін. 3. «Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1382 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 654-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жыл сайын жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жүктелсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1116 қаулысымен Бекітілген
Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарлама
Астана қ.
1. Бағдарламаның паспорты
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы халықтың құқықтық мәдениетінің даму процесінен ажырағысыз. Бұл өз кезегінде дамыған азаматтық қоғам құруға ықпал етеді. Қоғамдық санада құқыққа әлеуметтік әділдік, ізгілік, жеке бас бостандығы негізінде өшпейтін әлеуметтік құндылықтар ретінде қарау орын алуы тиіс. Азаматтардың құқықтық мәдениетінің жай-күйі оның құқық жүйесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, құқықтық санасын дамыту - тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамның құқықтық мәдениетін арттырмай, әрбір азаматты заңды аса құрметтеуге тәрбиелемей, оның ережелерін күнделікті өмірге енгізуге тікелей әрі белсенді қатысу дайындығын қалыптастырмай экономикалық, саяси және әлеуметтік міндеттерді сәтті шешу мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 14-622к тапсырмасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес 2004 жылғы 24 желтоқсанда Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарлама қабылданды. Еліміздің барлық өңірінде осындай бағдарламалар қабылданған болатын. Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі қағидаттарды: кешенділік және нәтижелілік; іске асырушылық (орындаушылық); сабақтастық; жүйелілік; атаулы бағыттылықты сақтай отырып, ауқымды ұйымдастырушылық шаралар кешенін орындауды көздеді. 2007 жылы Бағдарламаның қолданысы аяқталды. Жалпы, осы Бағдарламаның қабылдануымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі жұмыс оң нәтиже көрсетті. Аталмыш жұмысты үйлестіру қажет деген түсінік қалыптасты. Осы бағыттағы тәжірибе зерделеніп, республика азаматтарын жүйелі құқықтық ағартудың заманауи әрі өзекті нысандарын, сондай-ақ жүйелі әдістерін әзірлеу мақсатымен өткізілген іс-шаралар кешені талдануда.
ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 3-бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
Адам мен азаматтың конституциялық, азаматтық және басқа да құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан халықтың құқықтық сауаты мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізуін талап етеді. Бұндай іс-шаралар ретінде БАҚ-та сөз сөйлеулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізілуде. Көрсетілген іс-шаралардың саны мен сапасы да жыл санап артып келеді. Айталық, 2007 жыл аралығында әділет органдары «Қазақстан - 2030» Стратегиясының ұзақ мерзімді басымдықтарын түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 1 467 астам сөз сөйлеулер, 608 астам дөңгелек үстелдер, 4 342 астам дәрістер, 680 астам семинарлар, конференциялар өткізілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында 2007 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда нормативтік-құқықтық актілерге қатысты қанағаттандырылған прокурорлық актілерінің саны 90 пайыздан 56 пайызға дейін төмендеп отыр. Ол өз кезегінде әділет органдары қызметкерлері атқарған құқықтық түсіндіру жұмыстарының негізінде қол жетімді болып отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы орталық атқарушы органдармен шағын және орта бизнестің өзекті мәселелері бойынша Интернет-конференциялар өткізіліп, оның барысында осы органдардың өкілдеріне құқықтық сипаттағы сұрақтар қойылып, оларға толықтай жауаптар берілді. Қазіргі уақытта мемлекет саясатының негізгі бағыттары бойынша құқықтық насихатты Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысына сәйкес халықтың құқықтық мәдениеті мен құқықтық хабардарлығын арттыру, экономикалық бағдарламаларды құқықтық қамтамасыз етудің тиімділігін көтеру әрі заңдылықты, құқықтық тәртіпті, реттілікті нығайту мақсатында құрылған құқықтық білім беру мектептері жүзеге асырады. Аумақтық әділет органдарының деректеріне сәйкес өңірлерде 7097 құқықтық білім беру мектебі (ҚБМ) жұмыс істейді. Ондағы тыңдаушылар саны 237951 адамды құрайды. ҚБМ-дағы жұмысты ұйымдастыруға, сабақтар өткізуге мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау, сот органдарының тәжірибелі мамандары, адвокаттар, нотариустар, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, қоғамдық ұйымдар мен басқалар тартылады. Құқықтық білім беру мектептеріндегі сабақтар дәріс, семинар, брифингтер нысанында өткізіледі. Қазіргі күні ҚБМ-да тыңдаушылардың әртүрлі санаттарымен сараланған жұмыс жүйесі қалыптастырылған. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлікті қолдай, азаматтық қоғамның түрлі институттарын ынтымақтастыққа тарта отырып, қоғаммен жұмысты жандандыру қажет. Республика аймақтарындағы тұрғындар үшін құқықтық түсіндіру жұмысының әртүрлі қырлары бойынша: «Конституция - мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының кепілі», «Адам саудасы - өркениеттің кері кетуі», Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру бойынша, «Мүлікті жария етуде өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз», «Әділет органдарының, прокуратураның, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы», «Халыққа қызмет көрсету орталықтары туралы», «Жастар арасындағы қылмыстылықтың алдын алу» және басқа тақырыптарда дәрістер топтамасы ұйымдастырылды. Мүлікті жария ету мәселелері бойынша ауылдық жерлерде жиындар, еңбек ұжымдарында кездесу-әңгімелер өткізілген болатын. Құқықтық түсіндіру жұмысының тәжірибесіне «тікелей желілер», көшпелі консультациялар және азаматтарды қабылдау жүргізуді ұйымдастыру сияқты құқықтық насихаттың нысандары ретінде өздерін жақсы көрсете білген жаңа нысандар енгізілуде. Мерзімді баспасөз басылымдарында құқықтық тақырып бойынша тұрақты айдарлар ашу және ақпараттық материалдарды орналастыру жұмыстары жүргізілді. Республикалық электронды бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтық тақырып бойынша телевизия бағдарламалары мен радиохабарларын, жарнамалық-бет-бейнелік роликтер жасау жөніндегі шаралар кешені жүзеге асырылады. Құқық қорғау органдарының жәрдемімен құқықтық бағдарламалар және құқықтық тақырып бойынша радиохабарлар жасалып, жұмыс істеуде. Азаматтарды құқықтық ағарту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жөніндегі жүйелі жұмыс мақсатында біліктілікті арттыру жүйесінде құқықтық тәрбиенің сабақтар өткізу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру тәрізді нысандары мен әдістері көп қолданылады. Заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар, құқық қорғау органдары, сот және өзге де органдардың тәжірибелі қызметкерлерін шақырта отырып, құқықтық пәндер оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Қоғамдық қатынастардың неғұрлым маңызды салаларында заңнаманы жетілдіру мақсатында тиісті мемлекетті органдар тоқсан сайын мемлекеттік органдардың заң жобалау қызметінің өзекті мәселелері бойынша семинар-кеңестер өткізеді. Құқықтық түсіндіру жұмысы, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, БАҚ, қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін үйлестіру жөнінде біршама жұмыс атқарылғанын атап өткен жөн. Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтық дайындығы, сапалы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізгені үшін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу әдістері мен төлемақы төлеу жүйесін жетілдіру мәселелері шешілмейінше құқықтық түсіндіру жұмыстарының проблемалары тиімді шешімін таппайды. Сондай-ақ, құқықтық түсіндіру жұмыстарының тиімділік көрсеткіштерінің жоқтығы әділет органдарына бұл жұмыстың нәтижелерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде құқықтық түсіндіру жұмыстары негізінен сандық көрсеткіштерге сүйеніп, Бағдарламада көрсетілген ұстанымдардың бірқатары құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу әдістемесінің жоқтығынан, бұл бағыттағы отандық және шетелдік тәжірибенің болмауына байланысты жүзеге аспай қалды. Жүргізіліп жатқан құқықтық түсіндіру жұмыстарының біркелкі еместігі, әсіресе ауылдық жерлерде азаматтардың маргиналдық қатынастарын қалыптастырып, мемлекеттік органдар мен жергілікті халық арасында даулы жағдайлар, азаматтар арасында соттық таластар тудыруда. Сонымен қатар, білікті заңгерлердің жоқтығы және «Заң» деректер қоры тәрізді ақпараттық-құқықтық қорлардың қол жетімсіздігі азаматтардың құқықтық қорғалуы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға жағдай туғызбайды. Өзекті құқықтық ақпараттардың қолжетімсіздігі жағдайында азаматтардың жоғарғы мемлекеттік органдарға шағымдануы артуы мүмкін. Қазақстандық Интернет кеңістігінде қолданыстағы заңнамаға түсіндірме беруді және осыған ұқсас заңды мәселелерді шешуде шетелдік тәжірибені айтпағанда нормативтік құқықтық актілердің басым көпшілігі жоқ. Бүгінгі таңда қазақстандық Интернет кеңістігінде тиімді жұмыс істеп отырған жеке-меншік ақпараттық-құқықтық портал www.zakon.kz болып отыр. Ал, көршілес Ресейде мамандандырылған заңгерлік порталдар мен сайттар жұмыс істеуде. Сонымен қатар, қазіргі кезде орталық мемлекеттік органдардың web-ресурстарында азаматтарға салық, кеден, еңбек заңнамалары бойынша заңгерлік кеңес беру үрдісінің дамуы байқалуда. Құқықтық түсіндіру процесін жетілдіру, өзекті құқықтық ақпаратты тарату және алу, оң тәжірибемен алмасу, Министрлік қызметі туралы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін кеңейту мақсатында интернет-ресурстың жұмыс істеуі жыл сайын жетілдірілуде: айдарлар жаңартылуда, материалдарды орналастыру нысаны өзгертілуде және т.б. Құқықтық ақпараттың қолжетімділігі тұрғысында еуропа елдерінің тәжірибесі қызығушылық тудыруда. Бұл елдерде нормативтік құқықтық актілер мен заңгерлік әдебиеттерді Интернет жүйесі арқылы қолжетімділігі жасалған. Айталық, Францияда www.legifrance.gouv.fr сайтында әр азамат қажетті құқықтық ақпаратты ала алады. Ресей мен Белоруссияда Ұлттық құқықтық ақпарат орталықтары жұмыс істеуде. 2002 жылғы 3 қаңтардағы Беларусь Республикасы Президентінің № 1 Жарлығына сәйкес көпшілік құқықтық ақпарат орталықтары "құқықтық білім, құқыққа сай мінез-құлық, құқыққа деген құрмет қалыптастыру мақсатында азаматтардың ресми құқықтық ақпараттарды еркін көру мүмкіндігін ұсынатын орындар" деп анықталған. Бұл орталықтарды ұйымдастыру барысында орталық кітапханалар жүйесіне енетін кітапханалардың құрылымы қолданылды. Бұл елдердің тәжірибелерін қолдану халыққа құқықтық білім, құқықтық ақпарат беру, құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруда оң нәтиже берері сөзсіз. Сонымен қатар, іскерлік, рольдік ойындар, оқиғалар мен тәжірибелерді талдау, слайд-шоуды қолдана отырып, шағын дәрістер өткізу, топішілік және жеке зерттеулер, талқылаулар секілді тренингтік оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін қолдану қажеттілігі туындауда және бұл ретте халықтың жекелеген топтарының психологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет, оны ескермейінше іс жүзінде құқықтық ұстанымдарды қалыптастыру формальдық сипатқа ие болады. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы № 2347 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы оқушы жастарды құқықтық оқыту Тұжырымдамасында былай деп көрсетілді: «Бүгінгі күнге дейін қалыптасқан орта және жоғары мектепте құқықтық оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру деңгейі қазіргі кездің талаптарына сай келмейді. Құқықтық мемлекет құру жағдайында жастар арасындағы қылмыстық жағдай мен орта және жоғары оқу орындарындағы құқықтық оқытудың төмен деңгейі алаңдатуда». Елбасының өсімтал ұрпақтың құқықтық жағдайындағы бұл шарттарды көрсетуі республикамыздың демократиялық жолмен дамуы барысында бұл мәселенің маңызы зор екендігін көрсетеді. Сондықтан, балаларды құқықтық тәрбиелеу мен оқыту мәселесі қашан да өзекті болып саналады. Француздардың «Еркіндік, теңдік, ағайындық» ұраны секілді балаларда құқықтық идеяны қалыптастыратын құқықтық ұран жасау қажеттілігі туындауда. Мұндай ұранға еліміздің Конституциясында бекітілген еркіндік, теңдік және бірлік идеалдарын қолдануға болады. Құқықтық идеяларды тарату және ақпараттық-құқықтық қызметтерді дамыту компьютер ойындары мен Интернет жүйесінің, балалардың құқыққа қарсы психологиялық ұстанымдарын қалыптастыратын батыстық көркем фильмдердің балалардың психикалық денсаулығына кері әсерінің алдын алуға септігін тигізеді. Бұл факторлар қылмыстық аяларды қалыптастырып, балалардың құқықтық әлеуметсізденуінің себептері болады. Сол себепті, халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстары процесінде алдын-алу, ескерту сипатындағы мәселелерге баса назар аудару қажет. Бұл сипаттағы шараларға кәмелетке толмағандарға тыйым салынған ақпараттық өнімдер бойынша ұсыныстар жасау, кәмелетке толмағандарға арналған сайттар мен құқықтық телехабарлар дайындау, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің мамандарының балаларды құқықтық тәрбиелеу бойынша біліктіліктерін арттыру, құқық қорғау, сот және басқа да органдардың тәжірибелі қызметкерлерін, заңгер-ғалымдарды тарта отырып, құқықтық пәндердің оқытушыларын (жеке жоспар бойынша) қайта даярлау және біліктілігін арттыру секілді шараларды жатқызуға болады. Заңгерлік пәндер бойынша қазақстандық оқулықтардың сапасы бойынша олардың әр кезде заңгерлердің құқықтық мәдениет қалыптастыру бойынша міндеттерге сай келе бермейтіндігін мойындау қажет. Мысалы, мемлекет және құқық теориясы бойынша қазақстандық оқулықтардың мазмұнына талдау жүргізе отырып, оларда «құқықтық тәрбие», «құқықтық білім беру», «құқықтық түсіндіру жұмыстары» секілді түсінік түрлеріне жеткілікті түрде көңіл белінбейтіндігін атап өту қажет. Қолданыстағы заңнамада «құқықтық түсіндіру жұмыстары» және «заңгерлік қызмет» түсініктерінің арасындағы айырма белгілері анықталмаған, ол өз кезегінде мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың тегін құқықтық түсіндіру жұмыстары мен адвокаттар, жеке заңгерлер және заңгерлік фирмалардың ақылы заңгерлік кеңес қызметінің ара-айырмасын анықтауға мүмкіндік бермейді. Қазақстанда болып жатқан азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық іске асыру негізі болып табылатын құқықтық мәдениетті дамыту процесін назарға ала отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін құқықтық институттар қызметінің нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіру қажеттігі туындайды. Сондықтан, елімізде тәуелсіздік алған жылдар ішінде жүзеге асырылған саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың әсерімен мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар саласында елеулі өзгерістер қалыптасқанын ескере отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттік саясатты құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастыру саласында қоғамдық бірлестіктермен тиімді іс-қимылды жүзеге асыра отырып, іске асыру қажет.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының құқыққа сай мінез-құлқына қол жеткізу болып табылады. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу құқықтық түсіндіру жұмысы саласында мынадай міндеттерді шешуге ықпал етеді: Қазақстан заңнамасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу; мемлекеттік қызметшілердің және жалпы халықтың құқықтық сауаты деңгейін арттыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау, құқықтық түсіндіру жұмысында дүниежүзілік "ИНТЕРНЕТ" желісін қоса алғанда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану; құқықтық түсіндіру жұмыстары және құқықтық оқыту жұмыстарының өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді жандандыру.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны іске асыру тетігі
Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру: халықтың құқықтық хабардарлығымен; құқықтық реттеу үдерісінде пайдаланылатын нормативтік материалдың сапасымен; азаматтық қоғамның құқықтық нұсқамаларды саналы түрде орындауымен; құқық жасау және құқықты іске асыру тетіктерінің тиімді қызметімен байланысты. Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Бағдарламада құқықтық түсіндіру жұмысын жүргізу, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, мектепке дейінгі мекемелерде және барлық үлгідегі оқу орындарында құқықтық оқыту және тәрбиелеу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық білімдерін көтеру жолымен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық мәдениетінің, санасының деңгейін одан арттыруға бағытталған шаралар кешені көзделген. Шаралар кешенін іске асыру мақсатында: мемлекеттік органдардың құқықтық көмекті ұйымдастыру, құқықтық насихат және халыққа заң көмегін көрсету мәселелері бойынша қызметін үйлестіру; Әділет министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының, аумақтық органдардың құқықтық насихат және заңнаманы түсіндіру мәселелері бойынша жұмысын үйлестіру;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |