Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесін бекіту туралы (2015.29.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 30 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 97-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Шығыстардың, оның ішінде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу міндетті болып табылатын шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын талдау және оның әдіснамасы департаменті (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің: 1) «Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы» 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 143 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 23 мамырдағы № 4682 болып тіркелген); 2) «Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі № 143 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2008 жылғы 15 тамыздағы № 406 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 20 тамыздағы № 5286 болып тіркелген) бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|