|
|
|
Қазақстан Республикасының
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат): 1) 3-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «3-бап. Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы»; 1-тармақ «жұмыспен қамту» деген сөздердің алдынан «халықты» деген сөзбен толықтырылып, «заңдары» деген сөз «заңнамасы» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «Жұмыспен қамту туралы заңдар» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 7-баптың 1) тармақшасындағы «бағдарламалар әзірлеу» деген сөздер «бағдарламаларды әзірлеу және орындау» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 8-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «көрсетуге құқығы бар.» деген сөздер «көрсетуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар өтініш білдірген жағдайда, оларды еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберуге құқығы бар.»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) кәсіби даярлау, қайта даярлау, біліктілікті арттыру;»; 3) тармақша «қоғамдық жұмыстарда» деген сөздердің алдынан «қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және» деген сөздермен толықтырылсын; 5) 16-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы «екі» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың бірінші сөйлемі «сәйкес келетін жұмыс» деген сөздерден кейін «, ал жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын, табысы аз адамдар қатарындағы адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс та» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: «3. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар үшін орташа айлық жалақысы олардың соңғы жұмыс орнындағыға қарағанда жоғары болатын, осы баптың 1-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес келетін жұмыс лайықты деп есептеледі.»; тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «19-бап. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру»; 1, 2, 3-тармақтардағы «біліктілігін арттыру және қайта даярлау», «біліктілігін арттыру мен қайта даярлаудан» деген сөздер тиісінше «қайта даярлау және біліктілігін арттыру», «қайта даярлау мен біліктілігін арттырудан» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: бірінші бөліктегі «Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау» деген сөздер «Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандарды және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сондай-ақ жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарды кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға жіберу Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.»; екінші бөлік «жұмыссыздардың» деген сөзден кейін «, жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдардың» деген сөздермен толықтырылсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Табысы аз адамдар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар және жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдар, сондай-ақ оқуды өз бетінше, дәлелсіз себептермен тоқтатқан жұмыссыздар уәкілетті органда қайтадан тіркелген (өтініш берген) күннен бастап бір жыл өткеннен кейін оқуға қайтадан жіберілуі мүмкін.»; тақырыптағы «Жұмыспен қамту туралы заңдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші бөлікте: «заңдарының» деген сөз «заңнамасының» деген сөзбен ауыстырылсын; тақырыптағы «Жұмыспен қамту туралы заңдардың» деген сөздер «Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту туралы заңнамасының» деген сөздермен ауыстырылсын; «Халықты жұмыспен қамту туралы заңдарды» деген сөздер «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат): 1) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын: «2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы 1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқын деп танылған адамдардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар. 2.Мыналарға: 1)мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға; 2)уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмайды. Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, оған атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.»; бірінші бөлік «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне» деген сөздермен толықтырылсын; екінші бөліктің 2) тармақшасындағы «өтініш берушінің отбасы мүшелерінің» деген сөздер «адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»; 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды тіркеп, өтініш берушіге құжаттарды қабылдағаны туралы растама береді. Уәкілетті орган немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі құжаттарды қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде оларды учаскелік комиссияларға қорытынды дайындау үшін тапсырады. Кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған жағдайда оларды алған күннен бастап жиырма күннен кешіктірмей учаскелік комиссияның қорытындысымен қоса уәкілетті органға береді. 3. Уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күн ішінде қабылданған құжаттар және учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдап, ол туралы өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді, бас тартқан жағдайда - оның себебі көрсетіледі.»; 4-тармақ алып тасталсын; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Уәкілетті орган тиісті органдардан атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін ұсынылған құжаттарды қарауға қажетті мәліметтерді сұратуға құқылы.»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Өтініш беруші мен алушы кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің іс-әрекеттері мен уәкілетті органның және оның лауазымды адамдарының шешімдеріне жоғары тұрған жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ сот тәртібімен шағымдануға құқылы.»; 8-тармақта: «Уәкілетті орган» деген сөздер «Уәкілетті органның лауазымды адамдары» деген сөздермен ауыстырылсын; «заң актілеріне» деген сөздер «заңдарына» деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың екінші бөлігі «берудің қажеттігі» деген сөздерден кейін «немесе оның қажетсіздігі» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Учаскелік комиссиялар туралы үлгі ережені орталық атқарушы орган бекітеді.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Учаскелік комиссиялар уәкілетті органнан немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінен құжаттарды алған күннен бастап бес күн мерзімде ұсынылған құжаттар және (немесе) өтініш берушінің материалдық жағдайын тексерудің нәтижелері негізінде қорытынды дайындап, оны уәкілетті органға немесе кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкіміне береді.»; 5) 6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтау атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасалған кезде табыс етілетін құжаттар негізінде жүргізіледі. Отбасының жиынтық табысына, тұрғын үй көмегі мен атаулы әлеуметтік көмектен басқа, белгіленген уақыт кезеңінде ақшалай немесе заттай нысанда нақты алынған табыстардың барлық түрі енгізіледі. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, үй малын, құсын және жер учаскесін (жер үлесін) кіріс бермейді деп айқындауға құқылы. Жиынтық табысты есептеу тәртібін орталық атқарушы орган айқындайды.»; 6) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Отбасының құрамы және табыстар өзгерген жағдайда тағайындалған атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қайтадан есептеледі. Алушы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаған кезде көмектің мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап қайта есептеледі, бірақ ол тағайындалған күннен ерте есептелмейді, ал өтініш берушінің атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкеп соқтырған жалған мәліметтер бергені анықталған жағдайда адамға (отбасына) атаулы әлеуметтік көмекті ол тағайындалған кезеңге төлеу тоқтатылады. Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы қаңтардың 16-сы. № 121-ІV ҚРЗ
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |