|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы (2023.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Кодексімен 2023 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы 3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру 4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі 5-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті 6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару 7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау 8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау 10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2020.13.05. № 327-VІ ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралман» және «оралмандардың» деген сөздер тиісінше «қандас» және «қандастардың» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2022.27.06. № 129-VII ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «мүгедектерді», «мүгедек балаға», «мүгедекке», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар балаға», «мүгедектігі бар адамға», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға; 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-1) ассистент - халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдем көрсету жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-3) тармақша жаңа редакцияда 1-3) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас пен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалар арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім; 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 1-4) тармақшамен толықтырылды 1-4) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі; 2) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 3) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы; 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) кедейлiк шегi - атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы; 3-2) 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек; 5) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1) адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары; 5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар); 6) уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы; 7) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия; 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді 8) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 9) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі; 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) шартты ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 217-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы 1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар. 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды. 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды 1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады. Бұқаралық ақпарат құралдарында: 1) 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын - кедейлік шегі туралы; 3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен цияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға: 1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға); 2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) - оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Шартсыз ақшалай көмек: 1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады. Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу: 1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға; 2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға; 3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4) үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды. Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін; 5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды. 7. 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша - халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. Өтініш берушілер атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуы үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгінуге құқылы. Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша - жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-1. Атаулы әлеуметтік көмек «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде оны тағайындау туралы өтінішті ұсыну талап етілмейді. Атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалған кезде адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарауды жүргізуге адамның (отбасының) келісімі алынған күн өтініш берілген күн деп есептеледі. 2022.26.12. № 168-VІІ ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 1-2. Атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін адамның (отбасының) келісімімен учаскелік комиссия адамның (отбасының) материалдық жағдайына зерттеп-қарауды жүргізеді. 2. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2021.12.10. № 67-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына: 1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі; 2) мерзімді әскери қызметтегі; 3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі. Бірге тұру фактісі: отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне; мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді. Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін, отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқитын жері бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар отбасы құрамына қосылады. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны туралы растама береді. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын халықты жұмыспен қамту орталығына береді. 3. Халықты жұмыспен қамту орталығы: 1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді; 2) жеке жоспар іс-шараларының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылу тиімділігін бағалайды; 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына жәрдем көрсетеді. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті қабылдау процесінде өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында мыналар: 1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздер; 2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мұқтаждық; 3) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі4-1-бап. Алып тасталды4-2-бап. Алып тасталды5-бап. Учаскелік комиссиялар5-1-бап. Мемлекеттік корпорацияның құзыреті6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау8-1-бап. Өтпелі ережелер9-бап. Алып тасталды10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |