|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2021 жылғы 17 қарашадағы № 185-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 56-баптың 1-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацындағы «жеке оңалту» деген сөздер «мүгедекті оңалтудың жеке» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне: 1) 16-баптың 27) тармақшасындағы «әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімін,» деген сөздер алып тасталсын; 2) 26-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы алып тасталсын; 3) 76-баптың 4-тармағының 2) тармақшасындағы «он алты» деген сөздер «он сегіз» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 73-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Егер 1 немесе 2 топтағы мүгедектік он сегіз жасқа толған, отбасы мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасы ретінде есепте тұрған мүгедек балаға белгіленсе, оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжай беру кезектілігі тұрғынжайды алғанға дейін сақталады.». 4. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедектерге қолданылмайды.»; 2) 10-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «еңбекке қабілетті деп танылған күнге дейін» деген сөздер «ол еңбекке қабілетті деп танылған айды қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 11-баптың 1) тармақшасындағы «он алты», «он алтыдан» деген сөздер тиісінше «жеті», «жетіден» деген сөзбен ауыстырылсын; 4) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Заңның 11-бабының 1), 1-1) және 3) тармақшаларында аталған мүгедектерге мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақылар мынадай: жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі; жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі бірінші топтағы мүгедек балаларға - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі; жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі екінші топтағы мүгедек балаларға - 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі; жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі үшінші топтағы мүгедек балаларға - 1,40 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерге - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен екінші топтағы мүгедектерге - 1,59 ең төмен күнкөріс деңгейі; бала кезінен үшінші топтағы мүгедектерге - 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі; бірінші топтағы мүгедектерге - 1,92 ең төмен күнкөріс деңгейі; екінші топтағы мүгедектерге - 1,53 ең төмен күнкөріс деңгейі; үшінші топтағы мүгедектерге - 1,04 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.». 5. «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) күтімді жүзеге асыратын адам - бірінші топтағы мүгедекке онымен туыстық байланысына қарамастан күтімді тікелей жүзеге асыратын жеке тұлға;»; 2) 3-баптың 4-тармағында: орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; «Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша» деген сөздер «Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген бірнеше негіздемелер бойынша бір мезгілде» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 4-бапта: бірінші абзацтағы «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы» деген сөздер «1. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған жеңілдіктер тізбесі негізге алына отырып, жәрдемақы» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) және 8-1) тармақшалардағы «он алты», «он алтыдан» деген сөздер тиісінше «жеті», «жетіден» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. Күтімді жүзеге асыратын адамның жәрдемақы алуға құқығы бар.»; 4) 5-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтініш тізбесін орталық атқарушы орган айқындайтын құжаттар қоса беріле отырып, Мемлекеттік корпорацияға беріледі. Бірінші топтағы мүгедек күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін: «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы; бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне де өтініш жасауға құқылы.»; 2-2-тармақ «күннен бастап» деген сөздерден кейін «, ал осы баптың 9-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда - мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді растаған күннен бастап» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын: «2-3. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы бірінші топтағы мүгедек өтініш жасаған күннен бастап бірінші топтағы мүгедектік белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Жәрдемақы мөлшерін қайта қарау республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.»; 8-тармақта: «адамдарға және» деген сөздер «адамдарға,» деген сөзбен ауыстырылсын; «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға» деген сөздерден кейін «, күтімді жүзеге асыратын адамға» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: «9. Мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтердің ақпараттық жүйелерде жоқ екенін растайтын электрондық құжаттарды ұсынған кезде, сұрау салуды жүзеге асырған Мемлекеттік корпорация ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелерде сәйкес келтіру үшін құжаттардың түпнұсқаларын ұсыну қажеттігі туралы бірінші топтағы мүгедекті хабардар етеді. Ақпараттық жүйелер бірінші топтағы мүгедек туралы немесе күтімді жүзеге асыратын адам туралы бұрын болмаған мәліметтердің бар екенін белгіленген тәртіппен растаған кезде бірінші топтағы мүгедектің жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға өтініш жасаған күні күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау күні болып есептеледі.»; 5) 6-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Бірінші топтағы мүгедек қайтыс болған жағдайда күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы - қайтыс болған айды қоса алғанда, ал бірінші топтағы мүгедек немесе күтімді жүзеге асыратын адам басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кеткен жағдайда, кеткен айды қоса алғанда төленеді.»; мынадай мазмұндағы 6, 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын: «6. Отбасында екі және одан да көп бірінші топтағы мүгедек тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді. 7. Бірінші топтағы мүгедекке күтімді бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді. 8. Бірінші топтағы мүгедек және күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.»; 6) 7-бапта: бірінші бөліктегі «арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны» деген сөздер «жәрдемақы» деген сөзбен ауыстырылсын; екінші бөлік «айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің» деген сөздерден кейін «немесе ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының» деген сөздермен толықтырылсын; үшінші бөлікте: 15) тармақшадағы «он алты» деген сөздер «жеті» деген сөзбен ауыстырылсын; 16) тармақшада: бірінші абзацтағы «он алтыдан» деген сөздер «жетіден» деген сөзбен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «0,64» деген цифрлар «0,96» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай редакциядағы 21) тармақшамен толықтырылсын: «21) күтімді жүзеге асыратын адамға - 1,4 ең төмен күнкөріс деңгейі.»; 7) 8-бап мынадай мазмұндағы 5, 6 және 7-тармақтармен толықтырылсын: «5. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай: 1) ол кәмелетке толмаған; 2) ол заңды күшіне енген сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған; 3) ол психикалық саулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда есепте тұрған; 4) бірінші топтағы мүгедек толық мемлекеттің қамтамасыз етуінде болған жағдайда тағайындалмайды. 6. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы төлеуді тоқтату үшін мыналар: 1) бірінші топтағы мүгедектің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның өтініші; 2) бірінші топтағы мүгедектің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның қайтыс болуы; 3) бірінші топтағы мүгедектің немесе күтімді жүзеге асыратын адамның басқа елді мекенге немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұрғылықты тұруға кетуі; 4) мүгедектің мүгедектік тобының өзгеруі; 5) осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың анықталуы негіз болып табылады. 7. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру бірінші топтағы мүгедектің өтініші негізінде жүргізіледі. Күтімді жүзеге асыратын адамды ауыстыру туралы өтініш осы Заңның 5-бабына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға беріледі.»; 8) 8-1-бапта: бірінші бөліктегі «2018 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздер «1. 2018 жылғы 1 қаңтарға» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөліктегі «осы баптың» деген сөздер «осы тармақтың» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын: «2. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алушылар болып табылатын адамдарға осы Заңның 4-бабының 2-тармағында көзделген жәрдемақы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде тағайындалады.». 6. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: 1-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы - әлеуметтік-еңбек саласының ақпараттық жүйесі, ол халықтың жекелеген санаттарына осы Заңға және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеуі шарттарымен оларды сатып алу мүмкіндігін беретін ақпарттандыру объектісін білдіреді;»; мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын: «1-4) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерді және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;»; 3-2) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді; 2) 2-бапта: 6-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) үш жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын ата-ананың біреуіне, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға міндетті шарт болып табылмайды. Үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адам ретінде отбасының еңбекке қабілетті бір ғана мүшесі жатқызылуы мүмкін;»; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы: бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде; алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар ұсыну жағдайларын қоспағанда, шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті төлеуді тоқтату отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес немесе әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы беріледі. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын орталық атқарушы орган әзірлейді және бекітеді.»; 3) 4-баптың 1-тармағында: төртінші бөліктің үшінші абзацындағы «орта,» деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын: «Ескертпе. Осы Заңның мақсаттары үшін, отбасында тұратын және отбасының тұрғылықты жері бойынша осындай деңгейдегі білім беру ұйымының болмауына байланысты орта білім беру ұйымдарында оқитын жері бойынша басқа елді мекенде тіркелген балалар отбасы құрамына қосылады.»; 4) мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-баптармен толықтырылсын: «4-1-бап. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу 1. Табысы аз отбасы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алған кезде, жергілікті атқарушы органдарға оның құнын өтетуге, бірақ осы баптың 2-тармағында көзделген кепілдік берілген соманың мөлшерінен асырмай өтетуге құқығы бар. Табысы аз отбасы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы кепілдік берілген сомадан асатын баға бойынша кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алған кезде кепілдік берілген сома мен кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың нақты құны арасындағы айырманы табысы аз отбасы меншікті қаражаты есебінен өз бетінше төлейді. 2. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын кепілдік берілген әлеуметтік топтаманың құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген сома өнім берушіге орталық атқарушы орган өзі айқындайтын тәртіпке сәйкес есептейтін мөлшерде өтеледі. 4-2-бап. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы 1. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы берушілер бола алады. 2. Мынадай: 1) салықтық берешегі және әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ; 2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген; 6-тармақтың 4) тармақшасының он екінші абзацының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакцияда қолданылды 4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілмеген; 5) сәйкестігін міндетті түрде растауға жататын тауарларды беру кезінде сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы бар; 6) кепілдік берілген соманы өтеу шарттарымен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған көмектің көлемдері мен түрлеріне сәйкес кепілдік берілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдаған өнім берушілер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеле алады. 3. Өнім беруші әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден мынадай: 1) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару туралы өтініш берген; 2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға қайтыс болған немесе қызметі тоқтатылған, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген; 6-тармақтың 4) тармақшасының он тоғызыншы абзацының қолданысы 2022 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 3-баптың 2-тармағының редакцияда қолданылды 4) Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы заңнамасында көзделген сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне және (немесе) Ұлттық әл-ауқат қорының сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілердің) тізбесіне енгізілген; 5) өзіне алған міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда шығарылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару өнім берушіні тіркеуден шығару күні өзіне алған міндеттемелерді орындаудан босатпайды. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген жағдайларда, алушы өнім берушінің өз міндеттемелерін бұзу фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тиісті ақпаратты орналастырады. Жергілікті атқарушы орган құратын, өнім беруші тарапынан бұзушылықтардың болғанын немесе болмағанын айқындайтын комиссия осы ақпаратты орналастырылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды. Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тиісті тізілімнен және (немесе) тізбеден ол туралы мәліметтер алынғаннан кейін оны кейіннен тіркеу мүмкін болады. Өнім беруші осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығарылған жағдайда, тіркеуден шығарылған күнінен бастап кемінде бір жыл өткен соң әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында оны кейіннен тіркеу мүмкін болады. 4. Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару орталық уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 5. Кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы сатып алуға, оның ішінде өнім берушілердің оны қалыптастыру кезінде міндеттемелерді қабылдауына байланысты табысы аз отбасы мен өнім берушілер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында жасалатын, нысанын орталық атқарушы орган бекітетін шартпен реттеледі. 6-тармақтың 4) тармақшасының жиырма жетінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды 6. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, еңбек нарығын реттеу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдауды қамтамасыз ететін заңды тұлға жүзеге асырады.»; 5) 8-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және төлеуге әдіснамалық басшылық жасауды орталық атқарушы орган жүзеге асырады.». 7. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына: 31-баптың 3-тармағындағы «мамандандырылған балалар ұйымдарында» деген сөздер алып тасталсын. 8. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына: 1) 1-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) жеке көмекші - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедекті бірге алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша әлеуметтік қызметтер көрсететін адам;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) медициналық-әлеуметтік сараптама - мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілей (белгілемей) отырып, куәландырылатын адамның организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тыныс-тіршілігінің шектелуін бағалау, сондай-ақ оның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін айқындау;»; мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын: «17-1) оңалту - мүгедектің тұрмыстық, қоғамдық, кәсіби және өзге де қызметке қабілетін толық немесе ішінара қалпына келтіруге бағытталған шаралар кешені;»; 20) тармақшадағы «арналған, соның iшiнде байланыс құралдары мен ақпарат берудi күшейтетiн техникалық құралдар» деген сөздер «арналған техникалық құралдар, оның iшiнде дауысты күшейтетiн байланыс және ақпарат беру құралдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) тармақшадағы «және сурдо-тифлотехникалық» деген сөздер «, сурдотехникалық, тифлотехникалық» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын: «25) ымдау тілі маманы - еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты мүгедекке әлеуметтік қызметтер көрсететін маман.»; 2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды бекітеді; 8-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы 2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 5-2) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышына сәйкес мүгедектің қажеттіліктерін бағалау тәртібін бекітеді;»; 3) 7-баптың 1-тармағында: 9-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9-1) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерді көрсетуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 9-2), 9-3), 9-4), 9-5), 9-6), 9-7) және 9-8) тармақшалармен толықтырылсын: «9-2) мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді; 9-3) мүгедектер әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алатын тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтердің құнын өтеу ретінде берілетін кепілдік берілген соманы айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 9-4) тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-5) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-6) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, есту кемістігі бар мүгедектер үшін ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емдеуді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 9-8) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 4) 10-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «ымдау тiлiнiң» деген сөздер «ымдау тілі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: «13-бап. Медициналық-әлеуметтiк сараптама, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы 1. Куәландырылатын адамның мүгедектiгiн, еңбекке қабiлеттіліктен айырылу дәрежесiн белгiлеуді және әлеуметтік қорғау шараларын айқындауды халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi медициналық-әлеуметтiк сараптама жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |