|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18- 19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; №19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат): 71-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын: «жасына байланысты зейнетақы төлемдерін және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін арттыру мөлшерлері;». 2. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I,18-II,92- құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-I, 140, 141, 143-құжаттар; № 22-II, 144, 145, 148-құжаттар; № 22-III, 149-құжат; № 22-V, 152, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-I, 166, 169-құжаттар; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 9-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-I, 49, 50-құжаттар; № 7-II, 53, 57-құжаттар; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 66, 67, 68, 70, 72-құжаттар; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126, 131-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 9, 17, 18, 21, 22-құжаттар; № 12, 34-құжат; № 14, 49, 50, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 114, 115-құжаттар; 2018 ж., № 1, 4-құжат): 1) 83-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) жұмыс берушінің кінәсінен жұмыста мертігуге ұшыраған және (немесе) кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектерді кәсіптік оңалту саласындағы міндеттерді жұмыс берушінің сақтамауы түрінде жасалған бұзушылық -»; 2) 90-баптың үшінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің, сондай-ақ жұмыс берушінің еңбек саласындағы кемсітушілік сипаттағы талаптар қамтылатын, жұмысқа қабылдау үшін бос орындар туралы ақпаратты орналастыруы -»; 3) 98-бапта: бірінші бөліктің 4) тармақшасы «түрінде жасаған бұзушылығы -» деген сөздермен толықтырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын; бесінші бөліктің бірінші абзацындағы «Еңбек делдалдығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың» деген сөздер «Жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат): 1) 26-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) медицина қызметкерлерін қоспағанда, он сегіз жасқа толмаған жұмыскерлерді және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді қоса атқаратын жұмысқа орналастыруға жол берілмейді.»; 2) 53-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Осы Кодекстің 52-бабы 1-тармағының 24) тармақшасында көзделген негіз бойынша еңбек шартын бұзуға жұмыскер «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толғанда жұмыскер зейнеткерлік жасқа толғаннан кейін еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын оны хабардар ете отырып және еңбек, ұжымдық шарттарда және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалатын мөлшерде өтемақы төлене отырып жол беріледі.»; 3) 158-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімі өткен жағдайда, ол тараптардың ең болмағанда біреуі оның қолданылу мерзімі өткенге дейін жаңа ұжымдық шарт жасасу туралы ұсыныс енгізген кезде жаңа ұжымдық шарт жасалғанға дейін, бірақ бір жылға дейінгі мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылған болып саналады. Ұжымдық шартта осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген мерзімді шектемей, оны жаңа ұжым дық шарт жасалатын күнге дейін ұзарту көзделуі мүмкін.»; 4) 181-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен міндетті алдын ала және мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден, сондай-ақ ауысым алдындағы және өзге де медициналық куәландырудан өтуге;»; 5) 182-баптың 2-тармағының 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «17) келісімде, ұжымдық шартта, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, сондай-ақ еңбек жағдайлары өзгерген басқа жұмысқа ауыстырған не кәсіптік аурудың белгілері пайда болған кезде жұмыскерлерді міндетті, мерзімдік (еңбек қызметі барысында) медициналық қарап-тексерулерден және ауысым алдындағы медициналық куәландырудан меншікті қаражаты есебінен өткізуге міндетті.». 6) 185-баптың 2-тармағындағы «және ауысымнан кейінгі» деген сөздер алып тасталсын. 4. «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1991 ж., № 52, 636-құжат; 1995 ж., № 19, 117-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 10, 101-құжат; 2004 ж., № 19, 115-құжат; № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; 2015 ж., № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат): 1) 17-баптың бірінші бөлігінің 11) тармақшасындағы «азаматтығынан айырылса» деген сөздер «азаматтығын жоғалтса» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 21-баптың тақырыбындағы «Азаматтықтан айырылу» деген сөздер «Азаматтықты жоғалту» деген сөздермен, бірінші бөлігінің бірінші абзацындағы және 8) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасы азаматтығынан» және «айырылады» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының азаматтығын» және «жоғалтады» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 27-баптың екінші бөлігіндегі «азаматтығынан айырылуына не шығуына» деген сөздер «азаматтығын жоғал туына не одан шығуына» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 30-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы «азаматтығынан айырылуын» деген сөздер «азаматтығын жоғалтуын» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) 31-баптың бірінші бөлігінің үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуын» деген сөздер «Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 37-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацындағы «одан айырылғанын» деген сөздер «оны жоғалтқанын» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 41-баптың екінші бөлігіндегі «және азаматтығынан айырылу туралы мәселелер жөніндегі шешімге» деген сөздер «туралы және азаматтықты жоғалту мәселелері жөніндегі шешімдерге» деген сөздермен ауыстырылсын. 5. «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат; 2001 ж., № 8, 50, 54-құжаттар; № 21- 22, 285-құжат; 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 122-құжат; 2011 ж., № 16, 128-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 21, 118-құжат; 2015 ж., № 22-І, 143-құ- жат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат): 6-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер жеке кәсіпкерлік субъектілері бола алады. Бұл ретте заңды тұлға құрмай, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.». 6. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 247-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 23, 117-құжат; 2011 ж., № 10, 86-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 50-құжат; № 19-ІІ, 106-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 158-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат): 1-баптың 8) тармақшасындағы «мемлекеттік мекеме» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 9, 41-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 9-10, 50-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 3, 15-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1, 4-құжаттар; № 19-І, 19- ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат): 1-баптың 13-3) тармақшасындағы «мемлекеттік мекеме» деген сөздер «заңды тұлға» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-І, 124-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; № 8-І, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат): 1) 134-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын: «5-3) халықты жұмыспен қамту саласында қызметтер көрсету;»; 2) 146-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: «2-1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тегін көрсетілетін халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметтерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.». 9. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 21-22, 114-құжат; № 23-24, 116-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-ІІ, 102-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 131-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат): 1) 1-бапта: 12-1), 13-2) және 20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «12-1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»; «13-2) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін оралмандардың немесе оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;»; «20) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»; 20-1) тармақша алып тасталсын; 2) 8-1-бап алып тасталсын; 3) 9-бап мынадай мазмұндағы 5-1), 5-2) және 5-3) тармақшалармен толықтырылсын: «5-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады; 5-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;»; 4) 11-бапта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды;»; мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;»; 2) тармақша алып тасталсын; 3) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) халықтың көші-қоны саласындағы жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;»; «7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;»; 8) тармақша алып тасталсын; 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «9) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;»; «10) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;»; 5) 15-баптың 1-тармағының 6-1) және 6-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды;»; «6-3) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды;»; 6) 18-баптың тақырыбы және 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «18-бап. Оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтініш беру тәртібі 1. Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше кірген этникалық қазақтар оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға және (немесе) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті жергілікті атқарушы органдарға немесе Мемлекеттік корпорация арқылы бере алады.»; 7) 21-бапта: тақырып «беру» деген сөзден кейін «немесе ұзарту» деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақ «беруге» деген сөзден кейін «немесе ұзартуға» деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: бірінші бөлік «оралман мәртебесін» деген сөздер «оралман мәртебесін береді немесе ұзартады» деген сөздермен ауыстырылып, «беруден» деген сөзден кейін «немесе ұзартудан» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының азаматтығын оңайлатылған (тіркеу) тәртіппен алу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын этникалық қазақтар оралман мәртебесі тоқтатылған күннен бастап алты ай ішінде оны ұзарту туралы өтініш бере алады. Оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган үш айдан аспайтын мерзімге бір рет қабылдайды.»; 8) 52-бапта: 2-тармақ алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қоныс аударушы жергілікті атқарушы органдарға берген өтініштің негізінде, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.». 10. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 48-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 16, 79-құжат; № 21-І, 125-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 129, 131-құжаттар; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 14, 50-құжат): 5-бап мынадай мазмұндағы 8-1), 8-2) және 8-3) тармақшалармен толықтырылсын: «8-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады; 8-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді, талдауды және болжауды жүзеге асырады; 8-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;». 11. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат): 1) 1-бапта: 1) тармақшадағы «жұмыс беруші жұмыссыздардың жалақысын субсидиялау арқылы оларды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде» деген сөздер «халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізінде жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін олардың жалақысын субсидиялау арқылы жұмыс беруші» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында еңбек ресурстарын дамыту орталығы қолдап отыратын электрондық ақпараттық ресурс;»; 10), 18) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «10) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі - еңбек делдалдығын көрсететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген жеке немесе заңды тұлға;»; «18) жұмыспен қамтудың жеке картасы - жеке бас деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;»; «34) халықты жұмыспен қамту орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;»; мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын: «34-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі - халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне көрсетілетін қызметтерді халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарт негізінде беруіне бағытталған іс-шаралар кешені;»; 2) 7-бапта: мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын: «12-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингін ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 12-2) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі туралы шарттың үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді; 12-3) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингіне қатысуға үміткер жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;»; 13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «13) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлауды жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 15) тармақшадағы «ведомстволық есептіліктер,» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: «16-1) халықты жұмыспен қамту саласында бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін және тарифтердің шекті деңгейін әзірлейді және бекітеді;»; 17) тармақша алып тасталсын; 21) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «21) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетін ше жұмысқа орналасу үшін оның біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтамаларды беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;»; «24) жұмыспен қамтудың жеке картасының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; мынадай мазмұндағы 26-1), 26-2) және 26-3) тармақшалармен толықтырылсын: «26-1) халықты жұмыспен қамту саласында көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі шеңберінде ұсынылатын, көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді; 26-2) мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асыру, жұмыс орындарын құру туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 26-3) жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»; 3) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын: «7-1-бап. Орталық атқарушы органдардың құзыреті Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға жауапты орталық атқарушы органдар жұмыс орындарын құру мониторингін жүзеге асырады және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті мәліметтер ұсынады.»; 4) 9-бап мынадай мазмұндағы 10-1), 10-2) және 10-3) тармақшалармен толықтырылсын: «10-1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялар туралы ережелерді бекіту;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |