ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 23 тамыздағы № 125-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім): 1) 940-баптың 3-тармағындағы «мүгедектерге», «ата-аналарының біреуіне, жұбайына не қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін, қарындастарын күтумен айналысатын» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдарға», «қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерін, аға-інілері мен апа-сіңлілерін (қарындастарын) күтумен айналысатын ата-анасының біреуіне, жұбайына не» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 1052-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-профилактикалық мекемелерде емделіп жатқан азаматтардың осы мекемелердің бас дәрігерлері және кезекші дәрігерлері куәландырған өсиеттері, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) тұратын қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың осы мекемелердің (ұйымдардың) директорлары және бас дәрігерлері куәландырған өсиеттері;». 2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне: 1) 51-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедектерге» деген сөз «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 52-баптың 1-тармағы 8) тармақшасының алтыншы абзацындағы «мүгедектер» деген сөз «мүгедектігі бар адамдар» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 53-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының тоғызыншы абзацындағы «мүгедек баланы» деген сөздер «мүгедектігі бар баланы» деген сөздермен ауыстырылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|