Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы (2020.13.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2021 ж. 1 шілдеге дейін қолданылған редакция
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы 3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру 4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі 6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару 7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау 8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау 10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолық» деген сөздер тиісінше «ауыл, ауылдық», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара); 2020.13.05. № 327-VІ Заңымен бүкіл мәтін бойынша «оралман» және «оралмандардың» деген сөздер тиісінше «қандас» және «қандастардың» деген сөздермен ауыстырылды (2021 ж. 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
Осы заң халыққа мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты құқықтық қатынастарды реттейді. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.27.06. № 444-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 1-бап өзгертілді 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2015.24.11. № 421-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) ассистент - халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ, әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын жұмыскері; 1-1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант - халықты жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға және табысы аз адамға (отбасыға) оның (олардың) кедейлік шегінде болуымен байланысты жағдайдан шығуына жәрдемдесуді жүзеге асыратын жұмыскері; 2018.26.12. № 203-VІ ҚР Заңымен 1-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-2) әлеуметтік келісімшарт - жұмыссыздар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда өзге адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматы не қандас мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, ал «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыруға тартылған жеке және заңды тұлғалармен тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу туралы, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы келісім; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 1-3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) - бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі; 2) жан басына шаққандағы орташа табыс - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі; 3) жиынтық табыс - атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы; 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) кедейлiк шегi - атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгiленетiн, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3-2) кепілдік берілген әлеуметтік топтама - бір жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар табысы аз отбасыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын түрлерде және көлемдерде көрсетілетін көмек; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі - атаулы әлеуметтік көмек) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет беретін көмек; 5) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-1) адамға (отбасыға) көмектің жеке жоспары (бұдан әрі - жеке жоспар) - халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасаған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспары; 5-2) табысы аз адамдар (отбасылар) - жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдар (отбасылар); 6) уәкілетті орган - республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы; 7) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия; 2016.06.04. № 483-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.16.04. № 147-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8) тармақша өзгертілді 8) халықты жұмыспен қамту орталығы - ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын заңды тұлға; 9) шартсыз ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі; 10) шартты ақшалай көмек - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.04.12. № 217-IV ҚР Заңымен 2-бап өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы 1. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға қүқығы бар. 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-1. Қазақстан Республикасы бойынша кедейлік шегінің мөлшерін орталық атқарушы орган мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне қарай пайыздық мәнде орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы негізінде айқындайды. 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды 1-2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегін жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын есептеп шығарады. Бұқаралық ақпарат құралдарында: 1) 2017.20.06. № 76-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын - кедейлік шегі туралы; 3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган жыл сайын республика, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бойынша кедейлік шегінен төмен кірістері бар халық үлесі туралы мәліметтерді жариялайды. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен цияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда 2. Атаулы әлеуметтік көмек мыналарға: 1) табысы аз болып табылмайтын адамдарға (отбасыларға); 2) осы баптың 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) - атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) - оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 3. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4. Шартсыз ақшалай көмек: 1) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын табысы аз адамдарға: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуына; бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне; екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты; 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті және (немесе) жалғыз тұратын еңбекке қабілетті табысы аз адамдарға, сондай-ақ осы баптың 4-тармағында көрсетілген адамдарды (отбасыларды) қоспағанда, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға, оның ішінде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 6. Әлеуметтік келісімшарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады. Шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу: 1) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге; 2) күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға; 3) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) үш жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға; 5) тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды. 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 7. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы: атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар; тиісті оқу жылы кезеңінде орта білім беру ұйымдарында білім алатын, алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары бар, табысы аз отбасыларға беріледі. Шартсыз немесе шартты ақшалай көмектің төленуін тоқтату осы тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген отбасыларға кепілдік берілген әлеуметтік топтама беруді тоқтатуға негіз болып табылмайды.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.22.07. № 478-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; 2015.17.03. № 293-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2015.17.11. № 408-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда; 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Адам (бұдан әрі - өтініш беруші) өзінің атынан немесе отбасының атынан атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша - халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. Орталық атқарушы орган айқындайтын тізбеге сәйкес қажетті құжаттарды жинауды тұрғылықты жері бойынша - жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкімі мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырады. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын құжаттардың электрондық көшірмелері негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде құжаттардың электрондық көшірмелері болмаған жағдайда, өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды ұсынады, ал өтініш берушіде мұндай мүмкіндік болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығы, ауылдық жерде - әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді. 2. 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2009.16.01. № 121-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Өтініш беруші ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен тоқсан сайын расталады.
2015.28.10. № 369-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауды атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған тиісті бюджетте көзделген сомалар шегінде уәкілетті орган жүзеге асырады. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының оны алуға құқығы бар әрбір мүшесіне тағайындалады. Осы Заңның мақсаттары үшін отбасы құрамына: 1) мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегі; 2) мерзімді әскери қызметтегі; 3) бас бостандығынан айыру орындарындағы, мәжбүрлі емдеудегі адамдарды қоспағанда, некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысқан, бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ шын мәнінде бірге тұратын, бірақ некеде тұрмайтын адамдар енгізіледі. Бірге тұру фактісі: отбасының тұрғылықты жерінен тыс жерде еңбек қызметін жүзеге асыратын еңбекке қабілетті отбасы мүшелеріне; мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерден басқа, интернат ұйымдарында білім алатын, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) Қазақстан Республикасының орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балаларға талап етілмейді. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті тіркейді және өтініш берушіге өтініштің қабылданғаны туралы растама береді. Халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өтінішті қабылдағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде оны қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияларға береді. Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның қорытындысын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттар топтамасын халықты жұмыспен қамту орталығына береді. 3. Халықты жұмыспен қамту орталығы: 1) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қызметін қамтамасыз етеді; 2) жеке жоспар іс-шараларының іске асырылу барысына мониторингті жүзеге асырады және әлеуметтік келісімшарттың іске асырылу тиімділігін бағалайды; 3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттар мен ассистенттер арқылы атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жеке жоспарды іске асыруына және олардың әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындауына жәрдем көрсетеді. 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға арналған өтінішті қабылдау процесінде өтініш берушімен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен әңгімелесу жүргізіледі, оның барысында мыналар: 1) шартсыз немесе шартты ақшалай көмекті алуға негіздер; 2) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына мұқтаждық; 3) «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабында айқындалған мүгедектерді әлеуметтік оңалту шараларын қамтитын әлеуметтік бейімдеу шаралары, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көрсетілетін өзге де мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады. 2018.02.07. № 165-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен (2019 ж. 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді 5. Өтініш беруші және (немесе) оның отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларға мұқтаж болған жағдайда, оны ұсыну туралы шешім уәкілетті органның құзыреті шегінен шықса, халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның қарауына жібереді. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) және өңірлік комиссиялардың міндеттеріне: атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезінде мүдделі органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру; жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды ұсыну туралы ұсынымдар әзірлеу; шартты ақшалай көмектің біржолғы төлемін ұсыну туралы мәселелерді қарау; жасалған әлеуметтік келісімшарттардың іске асырылу барысын мониторингтеу кіреді. 6. Халықты жұмыспен қамту орталығы учаскелік комиссияның қорытындысын немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен учаскелік комиссияның қорытындысы бар құжаттарды, сондай-ақ қажет болған жағдайда халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) немесе өңірлік комиссияның ұсынымын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жеке жоспар жасайды, онда отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі және өтініш берушімен әлеуметтік келісімшарт жасасады. Әлеуметтік келісімшарттың, жеке жоспардың нысандарын және отбасын (адамды) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі іс-шаралардың үлгілік тізбесін халықты жұмыспен қамту орталығы атқарушы орган бекітеді. 2019.26.12. № 287-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Халықты жұмыспен қамту орталығы әлеуметтік келісімшартты жасасқан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін ақпараттық жүйелерден, жазбаша нысанда тиісті мемлекеттік органдардан және (немесе) ұйымдардан алынған мәліметтер, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінде мәліметтердің болмауына байланысты өтініш беруші ұсынған құжаттар қоса берілген өтінішті, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешімнің жобасын және тараптар қол қойған әлеуметтік келісімшартты атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін уәкілетті органға жібереді. 8. Уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды, бұл туралы халықты жұмыспен қамту орталығы немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімі арқылы - өтініш берушіге, бас тартқан жағдайда оның себептерін көрсете отырып жазбаша хабарлайды. |
Содержание 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы3-бап. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш беру4-бап. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі5-бап. Учаскелік комиссиялар6-бап. Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеп шығару7-бап. Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау8-бап. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен төлеудің дұрыстығын бақылау8-1-бап. Өтпелі ережелер9-бап. Алып тасталды10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі |