|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 5 маусымдағы № 408 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 391-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесінде: 1-тармақтағы «жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» деген сөздерден кейін «, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) ведомстволық статистикалық есептілік мониторингін жүргізу;»; 4) тармақшадағы «, оңалту іс-шараларының орындалуын мерзімдік бақылау, серпіндік қадағалау жүргізу, осы іс-шаралардың тиімділігін анықтау» деген сөздер «және олардың орындалу тиімділігін бақылау» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «қалпына келтіру емделуі кезеңіне» деген сөздер алып тасталсын; 6) тармақшадағы «деп танылуының барлық жағдайлары туралы» деген сөздер «деп танылуы туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Медициналық ұйымдар ауруға, жарақат зардаптарына немесе кемістікке байланысты ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін адамдарды, оның ішінде 18 жасқа дейінгі адамдарды уақытша еңбекке жарамсыз болған немесе анатомиялық кемістіктер мен жазылмайтын ауруларды қоспағанда, диагнозы белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.»; 9-тармақ «пысықтауға қайтарады» деген сөздерден кейін «және бұл туралы медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша хабардар етеді» деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Куәландырылатын адамға медициналық-әлеуметтік сараптама медициналық ұйымның жолдамасы бойынша: 1) тұрғылықты тұратын (тіркелген) жері бойынша; 2) мамандандырылған мекемелерде емдеуде жүрген жері бойынша; 3) түзеу мекемелерінде және тергеу изоляторларында жүргізіледі. Куәландыруға мынадай құжаттар: 1) 088/у нысаны ресімделген күнінен бастап бір айдан кешіктірмей; 2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы; 3) тұратын жері туралы деректер; 4) ауру динамикасын талдау үшін амбулаторлық карта, ауру тарихының және зерттеу нәтижелерінің үзінді көшірмелері; 5) әлеуметтік жеке код берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылады. Куәландырылатын адам жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа: 1) кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысаны бойынша акті (бұдан әрі - Н-1 нысанындағы акті), Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының мерзімі екі жылдан аспаған қорытындысын (бұдан әрі - ҰЕГ мен КАО қорытындысы); 2) жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленген жағдайда - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжатты; 3) мүгедектік себебі жаралануына, контузияға, жарақатына, мертігуіне ауруына байланысты айқындалған жағдайда - оның себептік-салдарлық байланысын белгілейтін уәкілетті органның қорытындысын; 4) 18 жасқа дейінгі адамдарға тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау үшін айғақтар белгіленген жағдайда - психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын; 5) еңбекке қабілетті жастағы адамдардың арасында алғашқы мүгедектік белгіленген жағдайда - еңбек қызметі туралы мәліметтерді (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі) ұсынылады.»; «стационарда жүргізіледі және» деген сөздерден кейін «куәландырылатын адам қызмет көрсетілетін өңірден тыс жерде жүрген» сөздермен толықтырылсын; «адамның» деген сөзден кейін «немесе» деген сөздермен толықтырылсын; «ата-анасының» деген сөздерден кейін «біреуінің немесе» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Сырттай мүгедектік куәландырылған адамды мүгедектік белгіленген сәттен бастап 6 айдың ішінде бақылап тексеріп, 1 жылдан аспайтын мерзімге айқындалады.»; үшінші абзацтағы «мүгедек бала» санаты бойынша» деген сөздер алып тасталсын; төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдарға мүгедектік мынадай мерзімдерге: 6 айға, 1 жылға 18 жасқа толғанға дейін белгіленеді.»; 1) тармақшадағы «3-қосымшада» деген сөздердің алдынан «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада: «100 пайызға дейінгі» деген сөздер «100 пайызды қоса алғанға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «80 пайызға дейінгі» деген сөздер «79 пайызды қоса алғанға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «3-қосымшада» деген сөздердің алдынан «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшада: «80-нен 100 пайызға дейінгі» деген сөздер «90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; «5-тен 80 пайызға дейінгі» деген сөздер «5-тен 89 пайызды қоса алғанға дейінгі» деген сөздермен ауыстырылсын; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Аумақтық бөлімшенің сараптама қорытындысы куәландырылатын адамның осы Ереженің 10-тармағында белгіленген құжаттары келіп түскен сәттен бастап екі аптадан кешіктірілмей шығарылады. Медициналық-әлеуметтік сараптама актісі мен хаттамалар журналына сараптамалық қорытындыны шығаруға қатысқан аумақтық бөлімшенің бастығы, бас мамандары қол қояды және мөртабанмен расталады. Куәландырылатын адамның деректері «Мүгедектердің орталықтандырылған дерекқоры» бағдарламасына енгізіледі, онда медициналық-әлеуметтік сараптама актісі, мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы мен хаттамалар журналы қалыптастырылады.»; 23-тармақтағы «3 күннің» деген сөздер «он жұмыс күнінің» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын: «23-1. Егер куәландырылатын адам өндірістік жарақаттың немесе кәсіптік аурудың бұрын белгіленген мүгедектікпен себептік-салдарлық байланысын растайтын тиісті құжаттарды (Н-1 нысанды акті, ҰЕГ мен КАО қорытындысы) ұсыну негізінде «жалпы аурудан» мүгедектік себебін «еңбек жарақатына» немесе «кәсіптік ауруға» ауыстырғысы келген жағдайда аумақтық бөлімшеге тиісті құжаттарды ұсынған күн мүгедектік себебін өзгеру күні болып есептеледі.»; 34-тармақ «100 пайызға дейін» деген сөздер «100 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 1) тармақшадағы «60 пайызға дейін» сөздер «59 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «80 пайызға дейін» сөздер «79 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «100 (қоса алғанда) пайызға» деген сөздер «100 пайызды қоса алғанға» деген сөздермен ауыстырылсын; «алған» деген сөз алып тасталсын; «100 пайызға дейін» деген сөздер «100 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; бірінші абзацтағы «Қызметкерлерге» деген сөздерден кейін «осы Ережеге» деген сөздермен толықтырылсын; 1) тармақшадағы «кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі 5-тен 30 пайызға дейін» деген сөздер «КЕЖ дәрежесі 5-тен 29 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) тармақшадағы «кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі 30-дан 60 пайызға дейін» деген сөздер «КЕЖ дәрежесі 30-дан 59 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы «кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі 60-тан 90 пайызға дейін» деген сөздер «КЕЖ дәрежесі 60-тан 89 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) тармақшадағы «кәсіптік еңбек қабілетін жоғалту дәрежесі 100 пайыз» деген сөздер «КЕЖ дәрежесі 90-нан 100 пайызды қоса алғанға дейін» деген сөздермен ауыстырылсын; «Бір жұмыс берушіде алған» деген сөздер алып тасталсын; «Егер денсаулықтың зақымдалуы, жарақаттар әр кәсіпорындарда алынған болса» деген сөздер алып тасталсын; 45-тармақтың алтыншы абзацы «фактілері анықталғанда» деген сөздерден кейін «, мүгедектікті белгілеу мерзіміне қарамастан» деген сөздермен толықтырылсын; көрсетілген Ережеге 1-қосымшада: 2-тармақта: 8) тармақшадағы «диоптрийге» деген сөз алып тасталсын; 9) тармақшадағы «құлақ мүкістігі» деген сөздер «екі жақты құлақ мүкістігі» деген сөздермен ауыстырылсын; 18) тармақшадағы «айқын бұзылуы және/немесе» деген сөздерден кейін «айқын білінетін» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтың 1) тармақшасындағы «арнайы диетаны талап ететін,» деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақ мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын: «23) туа біткен және пайда болған анофтальм, бір көздің немесе екі көздің толық көрмеуі.»; көрсетілген Ережеге 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген Ережеге 4-қосымшада: 1-тармақтың 3) тармақшасында «гемипарездің» деген сөзден кейін «едәуір немесе айқын білінетін» деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақ «Мүгедектерді арнайы автокөлікпен» деген сөздер «Еңбек жарақаты немесе кәсіптік ауру зардабы бар мүгедектерді арнайы автокөлікпен» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 29 қарашадағы № 1113 қаулысына қосымша
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесіне 3-қосымша
Мүгедектік тобы қайта куәландыру мерзімінсіз белгіленетін анатомиялық кемістіктердің тізбесі
1. Мүгедектіктің бірінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер: 1) екі қолдың буынының барлық саусақтарының болмауы немесе екі қолдың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі; 2) екі аяқтың санның үштен бірінен жоғары бөлігіндегі тұқылы; 3) екі көздің де толық көрмеуі. 2. Мүгедектіктің екінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер: 1) екі қолдың анатомиялық кемістіктері: біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы; біріншісін қоса алғанда, барлық үш саусақтың бақай сүйектерінің, екі қолдың буынының болмауы; екі қолдың буынының тиісті алақан сүйектерімен бірінші және екінші саусақтың болмауы; тиісті алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы; қолды иық буынынан кесіп тастау; 2) екі аяқтың анатомиялық кемістіктері: Шопар бойынша табан тұқылдары; тізе тұқылдары, оның ішінде Пирогов бойынша табанды кесіп тастау; жамбас санды буыннан кесіп тастау; протездеуге келмейтін санның көп болігінің кесілуі; екі аяқтың жіліншіктің немесе санның буынының протезделген кесілген тұқылдары; 3) аяқ-қол анатомиялық кемістіктерінің өзге де ақаулармен және аурулармен үштасуы: тізе тұқылы немесе барлық төрт бақай сүйектерінің болмауымен немесе бір қолдың көп бөлігінің кесілуімен ұштасқан бір аяқтың көп бөлігінің кесілуі; бір қолдың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі; бір аяқтың тұқылы және бір көздің болмауы немесе толық көрмеуі. 3. Мүгедектіктің үшінші тобы белгіленетін анатомиялық кемістіктер: 1) қолдың тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері: біріншісін қоспағанда, барлық төрт саусақтың бақай сүйектерінің болмауы; біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың бақай сүйектерінің болмауы; тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы; тиісті алақан сүйектерімен қоса, қолдың үш саусағының болмауы; екі қолдың да бірінші саусақтарының болмауы; бір қолдың кесілген тұқылы; айқын білінетін контрактура (буындағы қозғалыс көлемі 10 градусқа дейін) немесе функционалдық қолайсыз қалыптағы (60 градустан кем немесе 150 градустан артық) немесе ең шеткі супинациядағы немесе ең шеткі пронациядағы жағдайда білектің қозғалуы кезіндегі шынтақ буынының анкилозы; резекциядан кейінгі иықтың немесе шынтақтың бос буыны; жедел емдеуге болмайтын болса, иықтың немесе білектің екі сүйегінің жалған буыны; анкилоз немесе біріншісін қоспағанда, төрт саусақтың немесе біріншісін қоса алғанда, үш саусақтың функционалдық қолайсыз жағдайдағы айқын білінетін контрактурасы (қозғалыстың 5-8 градус шегінде шектелуі); 2) аяқтың және омыртқаның тұқылы (тұқылдары) және басқа да кемістіктері: Пирогов бойынша кесілгеннен кейінгі табан тұқылы, Шопар буыны деңгейіндегі ақаулы тұқыл және бір аяқтың неғұрлым көп бөлігінің кесілуі; Шарп бойынша табан сүйектері бастарының резекциясы бар табанның екі жақты тұқылдары; аяқтың 10 және одан да көп сантиметрге қысқаруы; айқын білінетін контрактура немесе жамбас-сан буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан артық және 150 градустан кем); тізе буынының функционалдық қолайсыз жағдайдағы анкилозы (170 градустан кем); жедел емдеуге келмейтін санның немесе тізенің екі сүйегінің жалған буыны; резекциядан кейінгі жамбас-санның бос буыны; айқын білінетін контрактура немесе табанның ақаулы қолайсыздығымен қоса, тізе-табан буынының анкилозы немесе екі тізе-табан буынының анкилозы; операциялық араласу нәтижелері тиімсіз болғандағы жамбас-сан буынының туа біткен немесе пайда болған шығып кетуі; IV дәрежедегі кифосколиоз, ығысқан және ішкі органдардың анық білінетін функционалдық бұзылған қабырғалар анық майысқан IV дәрежедегі сколиоз; 3) басқа да туа біткен және пайда болған кемістіктер мен аурулар: егер протездеу шайнауды қамтамасыз ете алмаса, операциялық емдеуге жатпайтын жақтың немесе қатты таңдайдың кемістіктері; кеңірдектің болмауы салдарынан тұрақты канюля киіп жүру; есту протезін қою мүмкін болмағанда IV дәрежедегі екі құлақтың кереңдігі, керең-мылқаулық, екі құлақтың кереңдігі; екі көздің көрмеуі немесе бір көздің болмауы; гастрэктомия; тыныс алу жеткіліксіздігі кезіндегі пульмонэктомия; тыныс алу жеткіліксіздігі болғанда 5 және одан көп қабырғаның резекциясымен торакопластика; гипофизарлы нанизм, остеохондропатия, аласа бойлылықты остеохондродистрофия (әйелдер үшін - 130 см-ден төмен, ерлер үшін - 140 см-ден төмен); қол буынының немесе қолдың сал болуы, аяқтың сал болуы, едәуір трофикалық бұзылған екі қолдың немесе екі аяқтың айқын парезі: иық буынының гипотрофиясы - 4 см-ден жоғары; білек - 3 см-ден жоғары; сан - 8 см-ден жоғары; сирақ - 6 см-ден жоғары.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |