|
|
|
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы (2010.14.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ.
Мазмұны
5. Бағдарламалық және өзге нормативтік құқықтық құжаттардың тізбесі
Миссия: қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, өсімін молайту және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасау. Пайымдау: экологиялық заңнама және ең жақсы халықаралық тәжірибе және стандарттар негізінде оны сақтау тетіктері қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуді қамтамасыз етеді, ең жақсы технологияларды енгізу және табиғат қорғау іс-шаралары табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануды және қалпына келтіруді қамтамасыз етеді, институционалдық шаралар орнықты даму қағидаттарын елдің әлеуметтік экономикалық дамуының әртүрлі аяларына енгізуге мүмкіндік береді, қоршаған орта мониторингінің жүйесін және гидрометқызметті жаңғырту ауа-райын, сұрапыл табиғат құбылыстарын сенімді болжауды және халықтың қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпаратқа қол жетімдігін қамтамасыз етеді.
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 715 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.14.04. № 303 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-бөлім өзгертілді 2. Ағымдағы ахуалды талдау
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығымен бекітілген 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) басымдықтар ретінде ресурстарды және энергияны тиімді пайдалану мәселелерін, теңгерімделген демографиялық саясатты, экологиялық орнықтылықты қамтамасыз етуді қояды. Дәл осымен экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі артады. 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 848 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен орнықты дамуға көшудің нысаналы көрсеткіштері қабылданды. Бұл құжатта маңызды экономикалық, әлеуметтік, экологиялық параметрлердің нақты мәндері анықталған, оларға біздің ел 2009, 2012, 2018 және 2024 жылдарға қарай қол жеткізуді көздеп отыр. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қабылдау халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге және Қазақстан қолданатын қағидаттарды ең жақсы халықаралық тәжірибемен үндестіруге мүмкіндік берді. Сол уақытта табиғат ресурстарын ұтымсыз пайдаланумен және қоршаған ортаны ластаумен үйлесетін отандық индустрияның қазіргі заманғы сатыдағы интенсивті дамуы қоршаған ортаға антропогендік әсерді төмендету жөніндегі неғұрлым прогрессивті тетіктерді қолдануды талап етеді. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға шығарындылары жылына үш миллион тоннадан астамды құрайды, олардың ішінде 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға келеді. Жер беті суларын ластау, қоқыстау және тозу үдерісі жалғасып келеді, оны басты себебі су айдындарына тазартылмаған немесе жеткіліксіз тазартылған сарқынды суларды төгу болып табылады. Су объектілеріне жыл сайынғы төгінділер 2,5 миллион тоннадан астамды құрайды. Әлі күнге дейін халықтың сапалы ауыз суға қол жетімдігінің проблемасы өзекті тұр. Жеке оң қозғалыстарға қарамастан, ауаның, топырақтың және судың ластануы сияқты факторлардың адамдардың денсаулығына және экожүйеге кері әсерін байқауды төмендетуге жалпы қол жеткен жоқ. Ауаны автомобиль көлігімен ластау көлемдері неғұрлым қауіпті болып келеді, бұл республика аумағындағы автокөлік құралдары санының қарқынды өсуімен шартталған. Бұл проблема республиканың ірі қалаларына неғұрлым өзекті, мұнда ауа бассейнін ластауға автокөлік үлесі жалпы қалалық жиынтық шығарындылардың 60%-ына және одан астамына жетеді. Автокөлік құралдарына және автомотор отындарына техникалық талаптар бөлігінде экологиялық қауіпсіздік жөніндегі жаңа нормативтерді және заңнамалық актілерді, халықаралық стандарттарды енгізу, сондай-ақ автокөліктік құралдарының экологиялық әсерін ғылыми негізделген талдау қажет. Өндірістік қалдықтарымен ахуал барынша қанағаттандырарсыз болып қалып отыр. Қабылдап жатқан шараларды біздерді дамыған елдердің стандарттарына әлі де жақындатпайды. Қазіргі уақытқа қарай қазақстандық кәсіпорындарда 16 миллион тоннадан астам қалдық жинақталған. Жыл сайын олардың саны 650 миллион тоннадан астамға өседі, бұл уақытта түзілген қалдықтардың шамамен 15% кәдеге жаратылады. Салыстыру үшін: дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30%-дан асады. Осыған байланысты барынша проблемалық мәселелер болып мыналар тұрады: 1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейндерінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірлері; 2) жер беті және жер асты суларының ластануы, трансшекаралық су проблемалары; 3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы; 4) су бұру жүйелерінің және канализациялық тазарту құрылыстарының қанағаттандырарсыз жай-күйі; 5) шөлейттену үдерістері; 6) Арал және Семей экологиялық апат аймақтары; 7) «тарихи» ластанулар. Көрсетілген проблемаларды шешу үшін бірінші стратегиялық бағыт ретінде қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту ерекшеленген, оның мақсаттарына қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету және табиғи ортаны қалпына келтіру кіреді. Қоршаған ортаға эмиссияларды төмендету индустриялық объектілерді диверсификациялау және техникалық қайта жарақтандыру, озық қолжетімді технологияларды енгізу арқылы қамтамасыз етілетін болады. Еуроодақ тәжірибесі бойынша нормативтік эмиссиялардан өзге энергия тиімділік, энергия және ресурс үнемдеу критерийлерін, сондай-ақ озық қолжетімді технологияларға көшу мерзімдері мен тәртібін қосатын кешенді экологиялық рұқсаттар енгізілуде. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштері негізінде экологиялық нормалау енгізілетін болады, сондай-ақ нормаланатын заттардың тізімі мәнді қысқартылатын болады. Олардың кәсіпорындарына елдің стационарлық көздерден ауаға шығарындыларының 10%-ы, уытты қалдықтардың мәнді үлесінің түзілуі келетін шикі мұнайды және ілеспе газды өндіруден қоршаған ортаға жүктемені төмендету мақсатында мұнайды өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі кәсіпорындарды «Жасыл мұнай - Зеленая нефть» қағидаты бойынша экологиялық стандарттарға сәйкестікке мемлекеттік сертификаттау ұйымдастырылатын болады. Қазақстан Республикасының аумағында айналуға шығарылатын автокөліктік құралдардың зиянды (ластаушы) заттарының шығарындыларына техникалық регламентті қолданысқа енгізумен Еуро-2 экологиялық кезеңде 2009 жылғы қаңтардан бастап аталған техникалық регламентінің 3-қосымшасында көрсетілген сипаттамаларға сәйкес келмейтін автомоторлық отынды өндіру мен импорттауға және 4-қосымшаға сәйкес келмейтін автомобильдерді Қазақстанға әкелуге тиым салынатын болады. 2011 жылдан бастап Еуро-3 экологиялық кезеңде отынның сипаттамаларына және автокөліктік құралдарға оларды республиканың аумағында пайдалануға шығару және пайдалану кезіндегі талаптар қатаңдатылады. Автокөлік шығарындыларын төмендету мақсатында Министрлік жоғарыда аталған техникалық регламентті сақтауды, сондай-ақ бөлшектеп сату желісінде сатылатын автомобильдік отынның сапасын мемлекеттік экологиялық бақылауды күшейтуді көздейді. Бұл кезеңдегі негізгі кедергі пайдаланылған газдарды және бензин сапасын талдау үшін тиісті аспаптар мен аппаратураның жоқ болуы болып табылады, қажеттілік орташа елдің ірі қалалары үшін кемінде екеуден бағаланады. Бұдан өзге, ескі автомобильдерді пайдаланудан шығару үшін автокөлік құралдарына салықты қайта қарау қажет, ол қозғалтқыштың қуатын да, оны шығару жылын да авто ескі болған сайын салық көбірек қағидаты бойынша ескеруі тиіс. Табиғат пайдаланушыларды экологиялық-экономикалық ынталандыру тетіктерін енгізу, оның ішінде экологиялық салықтарға көшуді қамтамасыз ету, мемлекеттік экологиялық реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру, табиғат пайдаланушыларды ISO 14001 стандартына сәйкес қоршаған ортаны қорғау жүйесін енгізуге ынталандыру тәжірибесін кеңейту қажет. Бұл Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру қарсаңында қазақстандық компаниялардың бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға мүмкіндік береді. Парниктік газдар шығарындылары бойынша мониторинг және есеп берудің ұлттық жүйесін құру және Киото хаттамасы бойынша қызметті реттеу жөніндегі уәкілетті органды құру жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Рұқсаттық жүйенің тиімді жұмыс істеуі барлық ірі табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін де, энергия және ресурс үнемдеуге, озық қолжетімді технологияларды енгізуге міндетті талаптарды да қосатын кешенді экологиялық рұқсаттарды алуға кезеңдік көшірумен қамтамасыз етілетін болады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғау жүйесінің жұмысы экологиялық заңнаманы қатаң сақтауға, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету жөніндегі іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын шараларды орындауға негізделген нақты нәтижелілікке бағытталатын болады. Аталған шаралар «Экологиялық ережелердің қаталдығы» Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша Қазақстанның орнын көтеруге мүмкіндік береді, ол адамдардың табиғатқа деген жүріс-тұрысын заңнамалық жолмен реттеуді көздейді. Бұл индикатор бойынша Қазақстан қазіргі уақытта 95 орында. Олардың кінәсі бойынша қоршаған ортаның ластануымен байланысты шығындар үшін міндеттемелер мен жауапкершілікті бекітетін жаңа нормативтік құжаттарды енгізумен Қазақстанның бұл индекс бойынша позициясы 2011 жылға қарай 93 орынға дейін жоғарылайды. Табиғи ортаны қалпына келтіру жөніндегі мақсатты іске асыру үшін Тараз, Ақтөбе, Атырау, Орал, Өскемен, Семей, Ақтау, Құрық, Бейнеу, Жаңаөзен, Балқаш және басқа қалалардағы су бұру жүйелерін және канализациялық тазарту құрылыстарын салу, қалпына келтіру және жаңғырту, тарихи ластануларды жою жөніндегі жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету бойынша әрі қарай қадамдар және экологиялық қияпат аймақтарында қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ел Президентінің Ақтөбедегі алты валентті хроммен және Шымкенттегі қорғасынмен тарихи ластануларды жою туралы тапсырмаларын орындау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады, бұл үшін қоршаған ортаны тазартудың қазіргі заманғы технологиялары әзірленетін болады. Қазақстан аумағын орнықты органикалық ластағыштардан тазарту, Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің ластануының алдын алу жөніндегі әрі қарай шаралар қабылданатын болады. Ірі қазақстандық өзендердің, жекелегенде Ақмола облысындағы Бурабай, Щучье, Жәкей өзендерінің биологиялық ластануларын («қайырлану») жою жөніндегі шаралар қабылданатын болады. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режиміне талаптар барлық жерде күшейтіледі. Екінші стратегиялық бағыт болып Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құруды анықтаймыз. Орнықты дамуға қол жеткізу экономикалық, әлеуметтік және экологиялық факторлардың оңтайлы үйлесу қағидаттарын сақтауды талап етеді және қоршаған ортаны қорғау даму үдерісінің ажырамас бөлігін құрауы тиіс және одан ерекшеленіп қарастырылуы тиіс емес. Орнықты даму Қазақстанның 2030 жылға дейін даму стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу үшін қажет. Орнықты даму қағидаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында көрсетілген Қазақстанның әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елу елдерінің қатарына кіру стратегиясының негізіне салынған. Елдің орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты даму мәселелері жөніндегі салааралық үйлестіруді жүзеге асыру үшін Министрлік мыналарды жоспарлайды: 1) орнықты даму қағидаттарын және нысаналы көрсеткіштерін мемлекеттік басқарудың барлық аяларына енгізудің тиімді тетіктерін құру; 2) өнеркәсіптік кәсіпорындардың қоршаған ортаға эмиссияларын нысаналы көрсеткіштерді және квоталарды белгілеу, мемлекеттік бақылау тиімділігін арттыру, экологиялық-экономикалық ынталандыруды енгізу есебінен төмендету; 3) экология және климатты сақтау мәселелерінде трансшекаралық және халықаралық өзара әрекеттесуді қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөлін белсендіру. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес орнықты даму қағидаттарын барлық мемлекеттік және салалық бағдарламаларға қосу жөніндегі шаралар қабылдануда. Технологияларды «серпінділер» біліктілігіне жатқызудың сандық критерийлері әзірленді. Тұжырымдаманың 12 нұсқаушы параметрлерінің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі орнықты дамуға көшудің 32 салааралық нысаналы көрсеткіштерін бекітті. Бұл нысаналы көрсеткіштер үздіксіз және жүйелі талдауға, түзетуге және мониторингке жатады. Орнықты дамудың нысаналы көрсеткіштерін ел өңірлері экономика салалары бойынша әзірлеуді және мониторингті қамтамасыз ету қажет. Халық денсаулығына экологиялық қауіптердің алдын алу және азайту елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға ықпал ететін болады. Қазақстан Республикасының Үкіметі «Балқаш-Алакөл бассейнінің 2007 - 2009 жылдарға арналған орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын қабылдады және ол іске асырылуда. Қазіргі уақытта Министрлік Жайық-Каспий мысалында орнықты дамудың трансшекаралық аймағын құру моделін әзірледі, оның негізінде бассейндік қағидат бойынша орнықты экожүйелік дамудың сегіз аймағы үшін орнықты дамуға көшу жөніндегі іс-шаралардың өңірлік жоспарларын әзірлеу көзделіп отыр. Континентте су ресурстарын пайдалану және қорғау проблемаларын кешенді шешуге, технологиялар трансфертін қамтамасыз етуге бағытталған Еуразия су орталығының қызметі жүзеге асырылатын болады. Еуразия су орталығы ауыз су кадастрларын жүргізуді және мониторингін, оларды міндетті сертификаттауды және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысаналы көрсеткіштерге сәйкес сапасын бақылауды жүзеге асыруға арналған. Қазіргі уақытта біздің еліміздің гидроэнергетикалық әлеуеті жылына 170 миллиард киловатт сағатына бағаланады. Күн энергиясын әлеуетті мүмкін өндіру жылына 2,5 миллиард киловатт сағатына бағаланады. Бұл бағыттың шеңберінде жаңартылатын ресурстарды және балама энергия көздерін тиімді пайдаланудың заңнамалық базасын құру жоспарланып отыр. 2009 жылы балама энергия көздерін қолдауға бағытталған «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» заң жобасы қабылданады, оны әзірлеуде Министрлік негізгі тең орындаушы болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс республикадағы балама энергия көздерінің үлесін 2011 жылға қарай 0,03 %-дан кем емеске арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, 2009 - 2011 жылдары Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуін қамтамасыз ету, Қазақстанның барлық аумағында қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін алғышарттар құрылатын болады.
Министрліктің келесі маңызды міндеттер кешені - экологиялық мониторингтің қазіргі заманғы жүйесін енгізу және Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қолда бар бағалаулар бойынша метеоқызметті жеткіліксіз жабдықтау есебінен Қазақстанның жыл сайынғы экономикалық жоғалтулары 200 миллион АҚШ долларынан астамды құрайды. Бұл біздің еліміздің ЖІӨ құрылымындағы ауа-райына тәуелді салаларының үлесі 45 %-ды құраумен байланысты. Министрлік мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру және жүргізу тұжырымдамасын әзірледі, ол 10 мүдделі мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілді. Ағымдағы жылдан бастап аэроғарыштық мониторинг жүйесі енгізіледі, бұл алаулық қондырғыларда газды жағу көлемдерін, мұнай төгілулерінің аудандарын теңіз ортасында да, жерде де үлкен дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді. Дүниежүзілік банктің сарапшыларымен бірлесе отырып, гидрометеоқызметті реформалау қағидаттары әзірленді, ол бүкіл әлемде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторы болып саналады. Олардың деректері бойынша гидрометеоқызметтің жай-күйін жақсарту есебінен жыл сайынғы қосымша пайдалардың мәндері экономикаға техникалық жаңғыртуға салынған 1 доллар залалдың алдын алу түрінде 5 доллардан астам пайда әкелуі мүмкін. Елдің гидрометеорологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызметін (ҰГМҚ) жаңғырту қажет. Министрлік қызметті ең жақсы әлемдік тәжірибе деңгейінде кезеңдік қайта жабдықтауды ұсынады. Қазіргі уақытта 2015 жылға дейінгі перспектива бойынша әзірленіп жатқан Қазақстан Республикасының ҰГМҚ жаңғырту жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған шаралар кешені судың сапасын, атмосфералық ауаны, радиация мен топырақты бақылау жөніндегі автоматтық жүйелерге негізделген қоршаған орта мониторингінің жаңа моделін қалыптастыруды, трансшекаралық өзендерде жедел талдау зертханаларын ашуды, өлшеудің жетілдірілген әдістерін пайдалануды, сандық ауа-райы болжамдар моделдерін құруды, қауіпті және сұрапыл гидрометеорологиялық құбылыстар туралы метеорологиялық және гидрологиялық болжамдарды және ерте ескерту жүйелерін дамытуды көздейді. Сапаны және қызмет көрсету уақыттылығын жақсарту мақсатында гидрометеорологиялық экологиялық өнімді құру және тарату инфрақұрылымының, қазіргі заманғы құралдарының барлық құрауыштарын дамыту көзделеді. Осы бағыттың шеңберінде Қоршаған орта және табиғат ресурстары мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Министрлік Мониторингтің бірыңғай жүйесін құрудың дайындық кезеңін жүргізді, ведомствоаралық кедергілер өтілді, құқықтық база және Қазақстан Республикасының табиғат ресурстарының мемлекеттік кадастры құрылды. Осы жүйе толығымен жұмыс істеп кетуі үшін екінші кезеңде Қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің орталығын құру және мониторингтің ведомстволық желісінде ақпаратты жинақтауды және деректерді алуды жетілдіруді жүргізу қажет. Қазақстанның ҰГМҚ жаңғыртудың бірінші кезеңін (2009-2011 жылдар) қаржыландырудың қажетті сомасы 33 млрд. теңгені құрайды. Республикалық бюджеттен осы мақсаттарға бөлінетін 4,0 млрд. теңге сомасындағы қаржылық қаражаттар бақылау пунктерінің санының қажетті арттырусыз бақылау желісіндегі моральді тозған аспаптар мен жабдықтарды ауыстыруға шығындарды ғана жабуға мүмкіндік береді, бұл болжамдардың расталуы және қоршаған орта жай-күйінің сапасын бағалау тиімділігі бойынша көрсеткіштерді текке бөлшектей жақсартуға әкеледі.
3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
1. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту 2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тетіктерін құру 3. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жаңғырту және жүргізу
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 мамырдағы № 715 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009 ж. 15 желтоқсандағы № 2122 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
1-қосымша
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары және міндеттері
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |