Салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесін бекіту туралы
ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 687 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 77-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрық 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 626 бұйрығымен бекітілген
Салық тіркелімінің нысандарын жасау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексіне) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген, және салық тіркелімдерін жасау мен оларды толтыру тәртібін айқындайды. 2. Салық тіркелімдері салық төлеушінің салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері туралы ақпаратты қамтиды. 3. Салық тіркелімдері салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі үшін салық есептілігімен бір мезгілде толтырылады. Салық тіркелімдерін электронды түрде жасалған жағдайда тиісті салық тіркелімінің нысаны Microsoft Office Excel пішінінде толтырылады. 4. Салық тіркелімінде салық төлеуші туралы жалпы ақпараттар көрсетіледі: 1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі; 2) салық төлеушінің жеке сәйкестендіру немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|