Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы (2022.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген материалдық емес активтерді қоспағанда, шетелдік қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 584-құжат); 2) «Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1236 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қазандағы № 977 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 37, 413-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|