|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерін, Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің, көліктің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерінде: 1.2-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «автомагистраль - 5.1-белгісімен белгіленген және бір-бірінен бөліп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда - жол қоршауымен бөлінген, жүрістің әрбір бағыты үшін жүру бөліктері бар, басқа жолдарды, темір жолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретін жолдарды бір деңгейде кесіп өтпейтін жол;»; мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын: «автобус - жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы; автопоезд - тіркемеге (тіркемелерге) тіркелген механикалық көлік құралы; багаж - буып-түйілген және Жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген нормалар шегінде автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісімнің негізінде таксиде тасымалданатын жолаушы мүлкі; »; сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «жол - мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, қала мен елді мекен көшесі. Жол бір немесе бірнеше жүріс бөлігін, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерін және олар болған жағдайда бөлу жолақтарын қамтиды;»; мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын: «ірі көлемді көлік құралы - көлемі нормативтік құқықтық актілерде белгіленген көлем мөлшерінен асатын, жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;»; он сегізінші абзацтағы «үш дөңгелекті» деген сөздер «үш және төрт дөңгелекті» сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын: «қауіпті жүк - жүк, оларға тән қасиеттерге және ерекшеліктерге байланысты тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде жарылыстың, өрттің себебіне немесе техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, хайуанаттардың өліміне, жарақаттануына және ауруына әкеліп соқтыратын, қоршаған ортаға зиян келтіретін жүк;»; отызыншы абзацтағы «жол жолағын» деген сөздерден кейін «бастапқы бағыттағы қозғалысты сақтай отырып» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы қырық жетінші абзацпен толықтырылсын: «ауыр салмақты көлік құралы - толық массасы немесе жүктеменің оның осі бойынша бөлінуі осы жол санаты мен ондағы құрылыстар үшін рұқсат етілген шекті жүктеме мөлшерінен асатын жүгі бар немесе жүксіз көлік құралы;»; 2.1.1-тармақтың екінші абзацында «берілген куәлік» деген сөздер «берілген уақытша куәлік» деген сөздермен ауыстырылсын; 2.7.4-тармақта «берілген куәлік» деген сөздер «берілген уақытша куәлік» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 2.7.7-тармақпен толықтырылсын: «2.7.7. Тыңдауышты немесе қатты дауысты байланысты қолдану жағдайларын қоспағанда, көлік құралын жүргізу кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануға тыйым салынады.»; 10.2-тармақтағы «60 км/сағ. артық емес» деген сөздерден кейін «тиісті жол белгілерімен белгіленген, арнайы қозғалыс режімдерін қоспағанда, бірақ 90 км/сағ. артық емес,» деген сөздермен толықтырылсын; 10.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10.3. Елді мекендерден тыс мыналарға: жеңіл автомобильдерге және мотоциклдерге автомагистральдарда 3.24 тиісті жол белгісімен белгіленген, бірақ 140 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 110 км/сағ. аспайтын; рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т аспайтын жүк автомобильдеріне, қалааралық автобустарға, шағын автобустарға автоарналарда - 110 км/сағ. аспайтын, қалған жолдарда - 90 км/сағ аспайтын; басқа автобустарға, оның ішінде балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауды жүзеге асыратын, тіркеме сүйреткен кезде жеңіл автомобильдерге, рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдеріне автомагистральдарда - 90 км/сағ. аспайтын, басқа жолдарда - 70 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі.»; 10.4-1-тармақ алынып тасталсын; жетінші абзацтағы «15» деген сандар «30» деген сандармен ауыстырылсын; тоғызыншы абзацтағы «мүмкіндік бермейтін немесе» деген сөздерден кейін «басқа көлік құралдарының (кептеліс) және» деген сөздермен толықтырылсын; тоғызыншы абзацтағы «кедергі келтіретін жерлерде» деген сөздерден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын; «гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында»; 12.5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «гүлзарларда, балалар және спорт алаңдарында.»; алтыншы абзацта: «рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 т артық жүк автомобильдерінің» деген сөздерден кейін «, автобустардың» деген сөзбен толықтырылсын; «тұруына» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «дыбыстық сигнал беруге, әуенді қатты қосуға; тротуарларда, гүлзарларда, балалар және ойын алаңдарында тоқтауға»; 22.1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға жасы кемінде жиырма бірде, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі. Жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін пайдаланылатын автобустар мен шағын автобустар Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің талаптарына және стандарттарына сәйкес болуы тиіс. Такси ретінде тасымал үшін арнайы басқарылатын, оның ішінде толық қолымен, сондай-ақ оң жақтан басқарылатын автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады.»; мынадай мазмұндағы 22.9-тармақпен толықтырылсын: «22.9. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асырылады, онда міндетті түрде ересек (18 жастан жоғары) ілесіп жүруші болуы тиіс. Автобустар балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау кезінде сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталуға тиіс. Бұл автобустардың алдына және артына «Балалар тасымалы» деген тану белгісі орнатылуы тиіс. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдауға жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілерге рұқсат етіледі. Автобус шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс. Қала сыртындағы жолдарда балаларды тасымалдайтын екі және одан да көп автобустар легімен жол полициясының арнайы автомобильдері ілесіп жүруге тиіс.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Көлік құралдарын пайдалануға жіберу жөніндегі негізгі ережелер мен жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерінде: 15-тармақтың екінші абзацындағы «жолдарда» деген сөздің алдынан «стандарттардың, нормалардың және ережелердің талаптарына сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын; қосымшада: 6.1-тармақта «17.2.2.03-87 ГОСТ-та, 17.2.2.06-99 ГОСТ-та және 21393-75 ГОСТ-та» деген сөздер «техникалық регламенттер мен стандарттарда» деген сөздермен ауыстырылсын; 7.3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Механикалық көлік құралы кабинасының (салонының) желқағар және (немесе) алдыңғы бүйіріндегі әйнектеріне жабынды жағылған не болмаса түрлі-түсті пленкалар жапсырылған.»; 7.9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7.9. Көлігі арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша арнайы түстік және дыбыстық белгілермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердің тізбесіне кірмейтін көлік құралдарында жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарында қолданылатын, орналасу орнына қарамастан, жарыққа шағылысатын қызыл және көк түсті жарық сигналдары немесе реңктері кезектесіп тұратын дыбыстық сигналдар немесе арнайы түстік-графикалық схемалар пайдаланылады».*». 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |