2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 Қаулысы
(үзінді)
Осы редакция 2008 жылғы 12 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
340-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін
қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.10.06. № 561 (бұр.ред.қара); 2008.13.06. № 581 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 1508990 мың теңге (бір миллиард бес жүз сегіз миллион тоғыз жүз тоқсан мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 554-бабы; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексі; Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 17-бабы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 47, 48, 49, 50, 51 және 52-баптары; «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтықта шекарааралық ластануы туралы конвенцияға қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың шекарааралық әсері туралы конвенцияға қосылуы туралы« Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; «Қазақстан Республикасының Озон қабатын бүлдіретін заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңы; «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25, 35 және 36-баптары; «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Заңы; «Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; «Табиғат пайдалануға рұқсат беру, рұқсат беруден бас тарту, оның қолданылуын тоқтата тұру және жою ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысы; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 131 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 08 желтоқсандағы № 1201 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: қоршаған ортаны қорғауға және оның сапасын жақсартуға бағытталған технологиялық, техникалық, ұйымдастыру, әлеуметтік және экономикалық шаралар кешенін жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | - Мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлеу; - энергияның қайта жаңартылатын ресурстарымен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; - халықаралық шарт- тарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; - шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекіту немесе келісу; - қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; - бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізу; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды салааралық үйлестірілуін жүзеге асыру; - климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асыру; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыру; - өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келісу; - Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастыру; - Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; - Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; - қалдықтарды басқару жүйесін жүргізуді ұйымдастыру; - Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді қамтамасыз ету; - қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Қоршаған ортамен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асыру; - Қоршаған ортамен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекіту; - жұртшылықтың дауларды өткізу тәртібін белгілеу; - парник газдарымен озон қабатын бұзатын заттардың шығарындыларына түгендеу тәртібін белгілеу; - ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастыру; - соттың шешімі мен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлеу; - соттың шешімі мен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды жүзеге асыру; - атмосфераға парник газдарының шығарындыларын шектеу, тоқтата тұру немесе азайту тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға квоталар және міндеттемелер саудасының тәртібін әзірлеу; - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бағдарламаларын әзірлеуі; - Мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасау; - аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлеу; - қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлеу; - қоршаған ортаға - эмиссия үшін базалық және шекті ақы төлеу ставкаларын әзірлеу; - озық қол жетімді технологиялардың тізбесін әзірлеу; - қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады; - Парник газдарының мемлекеттік кадастрымен Озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастыру; - қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекіту; - міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекіту; - техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамы және ережесін бекіту; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер және меморандумдар жасасу; - сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілеу; - зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды сулар төгіндісін жүргізу жөніндегі нұсқау- лық-әдістемелік құжаттарды бекіту; - табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілеу; - қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз ету; - болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау үдерісіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілеу; - әртүрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілеу; - мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекіту; - өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілеу тәртібін әзірлеу және бекіту; - мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық- әдістемелік құжаттарды бекіту; - мыналарды: қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдістерін; - қалдықтар жіктегішін; - қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын; - қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін; - қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін; - экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқару органдардың лауазымды тұлғаларының қызметіне бақылауды жүзеге асыру ережесін; - мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын; - топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын; - қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту; - парник газдарының шығарындыларының және озон бұзатын заттарды тұтынудың шекті жол берілетін нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілеу; - мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін белгілеу; - қоршаған ортамен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін құруды келісу; - қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын келіседі; - пестицидтерді (улыхимикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келісу; - жануарлар санын реттеу тәртібін келісу; - жер қойнауын пайдаланушы мен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілеу; - парник газдарының шығарынды көздерінің жекелеген түрлері үшін парник газдарының шекті жол берілетін түрлерін белгілеу; - статистика органдары мен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін белгілеу; - эмиссияны және парник газдарының жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастыру; - атмосфераға парник газдарының және озон бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілеу; - өз құзырының шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру. | қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдар- дың аппа- раттары | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беруді ұйымдастыру мен жүзеге асыру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлеріне лицензиялар беру туралы шешімдерді және мемлекеттік экологиялық сараптамалардың қорытындыларын келісу; табиғат пайдалануға рұқсаттар беруді, есепке алуды және олардың күшін жоюды ұйымдастыру мен жүзеге асыру; жиынтықты ақпараттық жүйені - қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлігінде Салық төлеушілер мен салық салынатын объектілер тізілімін жүргізу; мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсаттық жүйе; қоршаған ортамен табиғи ресурстарды қорғау саласында, табиғат қорғау заңнамасын мемлекеттік органдардың, меншік нысанына қарамастан, шаруашылық субъектілерінің сақтауымен орындауына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; шаруашылық және өз- ге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды, стандарттармен нормативтерді әзірлеу және жетілдіру, оның ішінде: ластағыш заттардың шығарындылары мен төгінділеріне лимиттер және квоталар, қоршаған ортаға әсер ету нормативтерін, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер нормативтерін белгілеуді қамтамасыз ететін іс-шараларды іске асыру. | қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мына тақырыптар бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру: қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау; экологиялық сараптаманы және табиғат пайдалануды реттеу; экологиялық аудит; экологиялық кодекс, құқық қолдану; қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің ISO-14001 халықаралық стандарты; өңірлердегі радиациялық ахуалдың жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын радиолог мамандарды оқыту; талдамалық бақылау зертханаларын аккредиттеу аясында сарапшы-аудитор сертификатын алу үшін талдамалық бақылау зертханаларының мамандарын оқыту; мемлекеттік тілді оқыту. | ақпан-қараша | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
5 | | 008 | Мемлекеттік органдардың ғимараттарын, үй- жайлары мен құрылыстарын күрделі жөндеу | Жамбыл, Қызылорда, Қазақстан облыстарының облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының әкімшілік ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу. | сәуір- қазан | Қазақстан Республика- сы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
6 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық- техникалық жарақтандыру | Орталық аппараттың және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының материалдық-техникалық жарақтандыруы | қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс іс- теуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық- техникалық қамтамасыз ету | Есептеуіш, желілік, телекоммуникациялық және электр жабдықтарын, жинактауыш және қосалқы бөлшектерді, шығыс материалдарын, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін және уәкілетті органның жергілікті міндеттерін шешуді қамтамасыз ету үшін бағдарламалық өнімдерді сатып алу, орнату, монтаждау, ретке келтіру және сүйемелдеу; Есептеуіш техника құралдары мен жабдықтарға жүйелі- техникалық қызмет көрсету. Интернет желісіне қол жеткізу қызметтері. | қаңтар-жел- тоқсан | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: қоршаған ортаның сапасын жақсарту мақсатында қоғам мен табиғаттың өзара әрекеті, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласындағы қатынастарды реттеу.
Кәсіптік деңгейді жоғарылату - 161 адам; мемлекеттік тілге үйрету - 131 адам.
Түпкі нәтиже: атмосфералық ауаны, Жердің озон қабатын, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай-ақ осылардың өзара әрекетіндегі климатты қоса алғанда, табиғи объектілердің жиынтығы бойынша экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдердің мемлекеттік бюджетке толық түсуі.
Бір мемлекеттік қызметшіні қайта даярлауға және біліктілігін жоғарылатуға орташа шығын - 22,1 мың теңге,
бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға орташа шығын - 27,2 мың теңге.
Уақытылығы: мемлекеттік органға жүктелген функциялардың уақытылы орындалуы.
Сапасы: адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін жақсарту және адамның денсаулығы мен басқа да тірі организмдер үшін зиянды немесе қауіпті жағдайлардың туындауы туралы ескерту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1224 қаулысына
341-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 334589 мың теңге (үш жүз отыз төрт миллион бес жүз сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 185-, 186-, 187-баптары; «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі заңының 3 , 18, 22 және 26-баптары; «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығы; «2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 216 Жарлығы; «2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімдік жоспары туралы (екінші кезең)» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 тамыздағы № 884 қаулысы; «Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 49 қаулысы; «2007-2009 жылдарға арналған Балқаш-Алакөл бассейнінің орнықты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 наурыздағы № 163 қаулысы; «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері:
республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шаралар мен инвестициялық жобаларды дайындаудың ғылыми негізделген ұсыныстарымен және ұсынымдарымен қамтамасыз ету; халықаралық табиғат қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер, Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдар жүргізу; қоршаған ортаны басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғыыми зерттеулер | Жалғастырушы тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер, оның ішінде: 1. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында негізгі өрттің орындарында өсімді істердің пирогенді ауысуын зерделеу жөнінде зерттеулер жүргізу; 2. Баянауыл мемлекеттік ұлттық саябағына ландшафты зерттеулер жүргізу (қазіргі геоэкологиялық жай-күйін бағалау, ұтымды пайдалану және қорғау); 3. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі зерттеулер; 4. Қоршаған ортаға шығарындыларды төмендету жолымен ЖЭС-та экологиялық қауіпсіздікті басқару жүйесін ғылыми негіздеу және әзірлеу; 5. 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның табиғи-шаруашылық жүйелерінің гидроэкологиялық қауіпсізігі; 6. Адамның қолайлы өмір сүру ортасын қамтамасыз ету үшін Қазақстан экожүйелерінің жай-күйін ғылыми-практикалық бағалау негізінде тағам өнімдерінің қауіпсіздігінің экологиялық картасын әзірлеу; 7. Қоршаған ортаны техногендік сипаттағы газдардан қорғау; 8. Трансшекаралық сипаттағы проблемаларды шешу үшін Қазақстанның шекара маңы аудандарының экологиялық жай- күйін зерттеу; 9. Қазақстанның Қарулы күштерінің ерекше қызметінің экологиялық қауіптілігін және экологиялық тәуекелін бағалау; 10. Арал өзені өңіріндегі халықтарды сауықтандырудың экологиялық әдістерін әзірлеу; 11. Ақтөбе облысындағы Ілек өзені суын алты валентті хроммен және бормен мастанудан қорғау жөніндегі технологияларды анықтау үшін ізденушілік жұмыстар мен зерттеулерді өткізу; 12. Қазақстан Республикасындағы радиоактивтік қалдықтарды сақтау мен консервациялаудың жай-күйін, сондай-ақ олардың қоршаған ортаның жай-күйіне әсерін зерттеу; 13. Солтүстік Каспий маңы аумақтарында ихтиофаунасы мен су түбі омыртқасыз жануарларының популяциясы және аууына мұнай газ қызметінің теріс әсерін бағалау; 14. Кіші өзендердің экологиялық қауіпсіздігін зерделеу және оны жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; | Жыл ішінде | Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі |
| | | | 15. Уран өндіруші кәсіпорындардың радиоактивтік қалдықтарымен ластанған ашық су айдындары мен топырақты тазарту әдістерін әзірлеу; 16. ИСО 14000 халықаралық экологиялық стандарттарға көшуді ғылыми қамтамасыз етуді әзірлеу; 17. Қазақстан Республикасының қалаланған аумақтарының атмосфералық ауасының сапасын басқарудың ақпараттық моделін әзірлеу және енгізу; 18. Тәуекел факторларын анықтау және олардың қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін төмендету; 19. Қазақстан Республикасының жер беті суларының жай- күйін, қорғау мен пайдалануына талдау өткізу; 20. Батыс Қазақстан өңіріндегі экологиялық қолайсыз аудандарда қоршаған ортаның негізгі индикаторларын және оның халық денсаулығына әсерін айқындау; 21. Оңтүстік Қазақстан облысындағы экологиялық негізделген ауруларды анықтау үшін қоршаған ортаның ластануының негізгі факторларын анықтау; 22. Полихлордифенилдермен ластанған аумақтарды экологиялық бағалау; 23. Құрамында полихлордифенилдер бар қалдықтардың экологиялық қауіпсіз шіруін зерттеу; 24. Іле-Балкаш бассейнінің су ресурстарының жай-күйін, жер беті суларының сапасын және Іле бассейнінің Қытай Халық Республикасы аумағында күтіліп отырған су тұтыну артуының болатын мүмкін салдарын бағалау. 25. Қоршаған ортаның қорғасынмен ластануына кешенді бағалау және оңалту және экологиялық тәуекелдерді төмендету технологияларын әзірлеу; 26. Қазақстанның оңтүстігіндегі уран алынатын аудандардағы радиоэкологиялық жағдайды зерттеу; 27. Термолюминесценттік дозаметрикалық кешенін, жергілікті жердің радионуклидтермен радиациялық ластану деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және дайындау және Қазақстан Республикасы аумағы бойынша радиациялық фон картасын құру; 28. Щучье-Бурабай курорт аймағы аумағында оның орнықты дамуының жолдарын анықтау үшін кешенді экологиялық зерттеулер; 29. Дефляцияланған бет үстіндегі шекаралық (бет маңы) қабаттағы желқұм ағымының динамика- сын зерттеу; 30. Қазақстан Республикасының Каспий маңы өңірін экологиялық аймақтау; 31. Парник газдарының сандық бағалауы, парник газдарының эмиссиясын төмендету сценарийлерін әзірлеу, парник газдарының эмиссиясын төмендету жөнінде Қазақстанның ұлттық стратегиясын әзірлеу, парник газдарының шығарындысына квоталарды лицензиялаудың ұлттық жүйесін құру үшін жағдай дайындау, парник газдарының эмиссиясы/ағындысы бойынша мониторинг және есептілікті жайластыру; | | |