Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесін бекіту туралы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2012 жылғы 5 қазандағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 150-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушыларға растауды беру ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Ақпараттық технологиялық паркі» арнайы экономикалық аймағына қатысушылар ережесін және растауды беру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 21 ақпандағы № 64 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4566 тіркелген, «Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде» 2007 жылғы № 3, 161 б. жарияланған. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдардың актілер жинағы, наурыз, 2007 жыл); 2) «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрінің 2007 жылғы 5 қарашадағы № 329 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5031 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқада мемлекеттік органдардың 2008 жылғы 27 наурыздағы № 1 актілер жинағында жарияланған). 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Индустриялық даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі А.О. Қосыновқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|