|
|
|
Үлгі инвестицялық шартты, үлгі келісімді бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 475 Қаулысымен күші жойылды
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 3-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 2) үлгі келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Үлгі инвестициялық шарт
Бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже немесе бұйрық) ____________________________________________________________________, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бұдан әрі «Мемлекеттік орган» деп аталатын табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардардағы басшылықты жүзеге асыратын, ______________________________________________________________ атынан (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже немесе бұйрық) ____________________________________________________________________, (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және бұдан әрі «Энергия өндіруші ұйым» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның атауы) _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (жарғы немесе сенімхат) ____________________________________________________________________ (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) екінші тараптан, бүдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар Қазақстан Республикасының «Электр энергетикасы туралы», «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» заңдарына сәйкес Үлгі инвестициялық шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты. 1. Шарттың мәні Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламаны: _____________________________________________________________________ (инвестициялық бағдарламаның атауы) (бұдан әрі - инвестициялық бағдарлама) іске асырған (орындаған) кезде Тараптардың қарым-қатынасын реттеу болып табылады. 2. Энергия өндіруші ұйым инвестициялық бағдарламада белгіленген мөлшерде, тәртіппен, шартпен және мерзімде _____________________________________________________________________ (жаңа активтер жасауға, қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңартуға, қайта құруға және техникалық жарақтандыруға - нақты көрсетілсін) инвестицияларды қамтамасыз етеді. 3. Осы Шарт Энергия өндіруші ұйымға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген және бекітілген есептік немесе жеке тариф бойынша инвестициялық бағдарламаның шеңберінде электр энергиясын сатуға құқық береді. 1) электр энергиясын, спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясының көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сатылатын жағдайларды қоспағанда, есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтер бойынша сатуды жүзеге асырады; 2) инвестициялық бағдарламаның есептік тарифті белгілеу кезінде немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген көлемде және мерзімде объект бойынша орындалуын жүзеге асырады; 3) инвестициялық бағдарламаны орындайды және жыл сайын ________ дейінгі мерзімде уәкілетті орган мен табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға оның орындалуы туралы есеп береді. 5. Энергияны өндіруші ұйым белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражаттың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге міндеттенеді. 6. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясын тиісінше есептік немесе жеке тарифтен асырып сатқан жағдайда электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығы субъектілеріне артық соманы қайтаруға міндетті. Энергия өндіруші ұйым табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган енгізген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы нұсқаманы белгіленген мерзімде орындамаған жағдайда энергия өндіруші ұйым көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығының субъектілеріне инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген және оны іске асыру мақсатында пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға міндетті. Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп пайдаланылмаған алынған қаражатты қайтаруға міндетті. Инвестициялық бағдарламаны орындау үшін көзделген қаражат деп энергия өндіруші ұйымның тиісінше есептік немесе жеке тарифтен аспайтын тарифтерді қолдану кезінде алған нақты табысы (түсімі) мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептік тарифті белгілеу немесе жеке тарифті бекіту кезінде көзделген нақты шығындар арасындағы айырма түсініледі. 1) инвестициялық бағдарламаның құнын өсіруді келіседі; 2) осы Шартта көзделген Энергия өндіруші ұйымның инвестициялық бағдарламаны орындау мониторингін жүргізеді; 3) заңнамада және осы Шартта белгіленген өкілеттіктер шегінде Шарттың талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 8. Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган: 1) жеке тарифті бекітеді; 2) инвестициялық бағдарламаның құнын өсіруді келіседі; 3) Энергия өндіруші ұйымның «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағында көзделген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады және орындау үшін міндетті анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларды енгізеді. 9. Шарттың талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Тараптар Шарттың талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 10. Шартпен реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 11. Шарт бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 12. Шарттың ережелері қандай да бір Тарап шартты орындау үдерісінде алған немесе сатып алған ақпарат құпия болып табылады. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады. 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген; 2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқықтары жоқ. 14. Шартқа қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу). 17. Шартқа барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюы тиіс. 18. Шарт бойынша кез келген хат алмасу мына мекен жайға жіберіледі: Уәкілетті орган _____________________________________________________ Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган_____________________________________________________________________ Энергия өндіруші ұйым _______________________________________________ 1) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған; 2) Тараптардың екі жақты келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылған; 3) сот шешкен жағдайда; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген өзге де жағдайларда қолданылуға тоқтатады. 20. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Шарттың қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Шартты бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. 21. Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін және бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде _______ түпнұсқа данада жасалды.
Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган: _____________________________ Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Үлгі келісім
Бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (мемлекеттік органның атауы) _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже немесе бұйрық) ____________________________________________________________________ (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және бұдан әрі «Энергия өндіруші ұйым» деп аталатын ______________________________________________________________ атынан (энергия өндіруші ұйымның атауы) _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (жарғы немесе сенімхат) ____________________________________________________________________ (уәкілетті тұлғаның лауазымы, Т.А.Ә.) екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатындар «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Үлгі келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты. 1. Келісім Энергия өндіруші ұйымның:______________________________________________________________________________ (жаңа активтер жасау, қолданыстағы активерді кеңейту, жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру - нақты көрсетілсін) бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелерін көздейді. Бұл ретте жаңа активтер жасау, кеңейту, жаңарту, қайта құру қуаттарды арттыру үшін жүзеге асырылады (1-қосымша, 1-кесте). Қуаттарды арттырусыз жүзеге асырылатын электр станциясының қолданыстағы активтерін жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру (1-қосымша, 2-кесте) Келісімнің Тараптары айқындаған көрсеткіштерге сәйкес электр станциясының орнатылған қуатын пайдаланудың тиімділігін кезең-кезеңмен арттыруды қамтамасыз етуге тиіс (2-қосымша, 2-кесте). 2. Энергия өндіруші ұйым: 1) өзінің инвестициялық міндеттемелерін өз бетінше белгілеуге; 2) электр энергиясына босату бағасын өз бетінше, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобы үшін бекіткен шекті тарифтен асырмай белгілеуге құқылы. 3. Шекті тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіпптен айқындалады. 4. Энергия өндіруші ұйым: 1) осы Келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауға және жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті органға растаушы құжаттарды қоса бере отырып, олардың орындалуы туралы (осы Келісімнің 1-тармағына сәйкес белгіленген көрсеткіштерді орындау жөніндегі ақпаратты қамтитын) есеп беруге; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарын және осы Келісімнің шарттарын сақтауға; 3) спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан көп емес), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату жағдайларын қоспағанда, шекті тарифтен аспайтын тариф бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыруға; 4) электр энергиясын шекті тарифтен асырып сатқан жағдайда электр энергиясын спот-сауда-саттықта (олар өндіретін электр энергиясы көлемінің он пайызынан аспайтын), теңгерімдеуші нарықта және экспортқа сату нәтижесінде алынған соманы қоспағанда, артық соманы көтерме және (немесе) бөлшек сауда нарығы субъектілеріне қайтаруға міндетті. 5. Уәкілетті орган: 1) Энергия өндіруші ұйымнан инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жыл сайынғы есепті алуға; 2) Энергия өндіруші ұйымнан осы Келісім бойынша Энергия өндіруші ұйым қабылдаған міндеттемелердің орындалуын растайтын құжаттарды талап етуге және алуға; 3) Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Келісімді бұзуды, залалдарды өтеуді талап етуге; 4) Қазақстан Республикасы заңнамасына және Келісімге сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 6. Уәкілетті орган: 1) Энергия өндіруші ұйымның осы Келісімде көзделген инвестициялық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге; 2) Энергия өндіруші ұйымның осы Келісімнің шарттарын орындауын бақылауды жүзеге асыруға; 3) Келісімде көзделген шарттарды сақтауға; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісімде белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті. 7. Тараптардың бірі Келісімнің шарттарын орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда басқа Тарап кінәлі Тарапты анықталған бұзушылықтарды белгілі бір мезгілде жою қажеттігі туралы 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жазбаша ескертеді. Кінәлі Тараптың Келісімнің шарттарын бұзушылықты жою мерзімі Тараптармен келісілген жағдайда жазбаша нысанда ұзартылуы мүмкін. 8. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады. 9. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. 10. Тараптар электр энергиясын сату (жеткізу) шарттарын алдын ала келісе алады. 11. Келісімнің ережелері, қандай да бір Тарап Келісімді орындау үдерісінде алған немесе сатып алған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпия болуы мүмкін. Тараптар құпия ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті есептерді жасау үшін пайдалана алады. 12. Тараптардың: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген; 2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті алуға құқылы мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға беруге құқығы жоқ. 13. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады. 14. Келісім ____ ( ) жылға жасалды. (Келісім бір жылдан кем емес мерзімге жасалады). 15. Энергия өндіруші ұйым осы Келісімнің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бір ай бұрын Келісімнің жаңа жобасын уәкілетті органға келісуге ұсынады. 16. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар. 17. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдері қол қоюға тиіс. 18. Келісім бойынша кез келген хат алмасу төмендегі мекенжай бойынша жіберіледі:
19. Келісім: 1) қолданылу мерзімі аяқталған; 2) Тараптардың екі жақты келісімі бойынша мерзімінен бұрын бұзылған; 3) сот шешкен жағдайда; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады. 20. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етуге міндетті. 21. Келісім қажет болған жағдайда басқа тілдерге аудармасын қоса бере отырып, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заңды күші бар ____ түпнұсқа данада жасалды. 22. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі: Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндіттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
1-қосымша
*) - жаңа активер жасау, қолданыстағы активерді кеңейту, жаңарту, қайта құру қуаттарды арттыру үшін жүзеге асырылады.
2-кесте
**) - қуаттарды арттырусыз жүзеге асырылатын электр станцияларының қолданыстағы активтерін жаңарту, қолдау, қайта құру және техникалық жарақтандыру Келісімнің Тараптары белгілеген көрсеткіштерге (2-қосымша) сәйкес электр станциясының орнатылған қуаттарын пайдаланудың тиімділігін кезең-кезеңмен арттыруды қамтамасыз етуге тиіс.
2-қосымша
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |