|
|
|
Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы (2011.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 683 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.09.12. № 1338 Қаулысымен алым ставкалары өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2011.18.07. № 820 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Жедел тәртіппен жүргізілетін жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкалары
Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 200-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі № 891 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 462-құжат). 3. «Жүйелі тіркеуді жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 799 қаулысының 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 34, 375-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 16 қазандағы № 959 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 41, 457-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |