|
|
|
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Коммуналдық меншіктен берілетін облыстардың және Астана қаласының суда құтқару қызметі мемлекеттік мекемелері заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылдансын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілсін. 2. Мемлекеттік мекемелер осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қайта аталсын. 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын. 4. Мекеме қызметінің негізгі мәні суда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу болып белгіленсін. 5. Мекемені қаржыландыру тиісті кезеңге арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін. 6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 523-құжат): 2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің тізбесі»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде: 14-тармақта: он екінші абзацта «Мемлекеттік органдарды,» деген сөздер алынып тасталсын, «хабардар етуді ұйымдастыру» деген сөздер «хабардар ету» деген сөздермен ауыстырылсын; он үшінші абзацта «және шаруашылық субъектілерін» деген сөздер «, аумақтарды және шаруашылық жүргізу объектілерін» деген сөздермен ауыстырылсын; он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: 6-тармақ 1) тармақшасының тоғызыншы абзацы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі «республикалық халықты хабардар ету және байланыс жүйесін дереу пайдалануға тұрақты дайындығын құру және қамтамасыз ету, оны жарақтандыру және дамыту»; он алтыншы абзац «, зардап шеккендерге көмек көрсету» деген сөздермен толықтырылсын; он сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және оларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеу, сондай-ақ оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсыну;»; отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының, облыстардың, қалалардың, аудандардың бейбіт және соғыс уақытына арналған Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, оны Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарына бекітуге ұсыну және оны іске асыру жөніндегі басшылықты жүзеге асыру;»; отыз алтыншы абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жөніндегі перспективалық және ағымдағы жоспарларды және олардың салдарын жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларын бекіту; шаруашылық жүргізу объектілерінің жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру және төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін бекіту;»; жиырма төртінші абзацта «дамытудың ағымды және перспективалық» деген сөздер «дамыту» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «халықты және ұйымдарды қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу және жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесі осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: 3-бөлімнің 3-бағанында: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолда: «21791» деген сандар «22863» деген сандармен ауыстырылсын; «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолда: «17184» деген сандар «18256» деген сандармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Суда құтқару қызметі 1072». 7. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағынан туындайтын шараларды қабылдасын; 2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 8. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармақтың 1) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына 1-қосымша
Мүліктік кешендер ретінде республикалық меншікке қабылданатын және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қарамағына берілетін мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. «Ақмола облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы. 2. Ақтөбе облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының «Ақтөбе облыстық мемлекеттік суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы. 3. «Алматы облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы. 4. Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының «Облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы. 5. «Шығыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі орталығы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы. 6. «Жамбыл облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы. 7. «Батыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы. 8. «Қарағанды облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. 9. «Қызылорда облысының облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы. 10. «Қостанай облыстық суда құтқару қызметінің орталығы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы. 11. «Маңғыстау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы. 12. Облыс әкімінің «Павлодар облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы. 13. «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы. 14. «Оңтүстік Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы. 15. «Астана қаласының суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына 2-қосымша
Қайта аталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. «Ақмола облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 2. «Ақтөбе облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының Ақтөбе облыстық мемлекеттік суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 3. «Алматы облыстық мемлекеттік суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 4. «Атырау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының Облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 5. «Шығыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметінің орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 6. «Жамбыл облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 7. «Батыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 8. «Қарағанды облыстық суда-құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 9. «Қызылорда облысы облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 10. «Қостанай облыстық суда құтқару қызметінің орталығы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 11. «Маңғыстау облысы Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру Басқармасының Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 12. «Облыс әкімінің Павлодар облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 13. «Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 14. «Оңтүстік Қазақстан облыстық суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 15. «Астана қаласының суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі болып. 16. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақтөбе қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 17. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Екібастұз қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 18. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 19. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қызылорда қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 20. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 21. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Тараз қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 22. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Орал қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып. 23. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шымкент қаласы жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі болып.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 273 қаулысына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1112 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 28237 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы. 2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 68303 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұзынағаш ауылы. 3. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. 4. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы. 5. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық дағдарыс орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. 6. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы. 7. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы. 8. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Оңтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы. 9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы. 10. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Орталық өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. 11. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы. 12. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі. 13. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы. 14. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Екібастұз қаласы. 15. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. 16. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы. 17. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы. 18. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы. 19. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы. 20. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы. 21. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Апаттар медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. 22. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. 23. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы. 24. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы. 25. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы. 26. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы. 27. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы. 28. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі»Мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы. 29. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы. 30. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы. 31. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. 32. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қызылорда қаласы. 33. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы. 34. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы. 35. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы. 36. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы. 37. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Суда құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласы. 38. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Астана қаласы. 39. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Алматы қаласы. 40. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтөбе қаласы. 41. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Талдықорған қаласы. 42. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Атырау қаласы. 43. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Көкшетау қаласы. 44. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы. 45. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Тараз қаласы. 46. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Орал қаласы. 47. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарағанды қаласы. 48. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қостанай қаласы. 49. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» Қызылорда қаласы. 50. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Ақтау қаласы. 51. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Павлодар қаласы. 52. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Петропавл қаласы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |