«Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың (2008.20.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесі бекітілсін. 2. «Республикалық меншіктегі ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын ерекше маңызды топтық жүйелерден ауыз су беру қызметінің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 76 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 40-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегi № 248 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.20.03. № 276 Қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесi
1. Осы Ереже тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат есебінен және шегінде ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау тәртібін айқындайды. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: су беруші - ауыз су беру жөнінде сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелеріне қызмет көрсететін және су шаруашылығы жүйелері қызметтерін көрсету жөніндегі табиғи монополия субъектісі болып табылатын жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға; су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен берілетін ауыз суды тұтынатын жеке немесе заңды тұлға. 3. Субсидиялар су пайдаланушыларға ауыз су беру жөніндегі сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелеріне қызмет көрсететін су берушілерге шығындарын ішінара өтеуге (қызметтердің құнын арзандатуға) арналады. 4. Әрбір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) үшін субсидиялардың сомасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Ауылшармині) ұсынған, облыстардың (республикалық маңызы бар қала, астана) жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстарына сәйкес қалыптастырылған сомалар негізінде бекітіледі. 5. Субсидиялар су берушілерге олар үшін белгіленген су тұтыну лимиті шегінде субсидияларды ескере отырып, тарифтер бойынша су пайдаланушылардың бөлінген нүктелеріне ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтер үшін төленеді. 6. Берілген ауыз судың 1 (бір) текше метріне бөлінетін субсидиялар мөлшерін Ауылшармині табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ауыз су беру жөнінде көрсетілетін қызметтерге тарифтік сметаларда ескерілген шығындарға пайыздық ара қатынаста белгілейді. 7. Ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін су беруші: 1) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органының аумақтық органымен және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлімдерімен келісілген субсидиялар ескеріле отырып, берілетін ауыз су көлемін, көрсетілген қызметтерге ақыны және ауыз су беру жөніндегі қызметтерге табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен тарифті көрсете отырып, тариф бойынша ауыз су беруге арналған шарт жасалатын су пайдаланушылардың тізбесін (бұдан әрі - су пайдаланушылардың тізбесі) ұсынады; 2) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес мыналармен: аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) ауыл шаруашылығы бөлімдерімен келісілген және үш данада (су беруші, су пайдаланушы, облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы үшін) жасалған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде қызметтер көрсету актілерімен; ауыз су беру жөнінде ақысы төленген қызметтер бойынша нөмірі мен күні белгіленген төлем құжаттарын су пайдаланушылармен салыстыру актілерімен қоса, су пайдаланушылар бөлінісінде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасына ай сайын субсидиялауды ескере отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін ауыз су беру жөніндегі қызметтерге субсидиялар алу үшін береді; 3) Ауылшармині субсидиялар мөлшерін бекіткеннен кейін табиғи монополиялар саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерге тариф бекітуге өтінім жасайды. 8. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы: су пайдаланушылардың тізбесін алған күннен бастап он күн мерзімде оны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражат шегінде бекітеді; су пайдаланушылар бөлінісінде ұсынылған субсидиялар ескеріле отырып, тарифтер бойынша ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін, осы Ереженің 7-тармағына сәйкес қызметтер көрсетуді негіздейтін құжаттарды ай сайын тексереді және алған күнінен бастап он күн мерзімде бекітеді; ауыз су беру жөнінде нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімін және төлемге шоттарды алған күнінен бастап он күн мерзімде оларды субсидияларды төлеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдарына ұсынады; есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін субсидиялардың тиесілі сомаларын су берушілердің есеп шоттарына аударады; облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармалары ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күніне, бірақ тиісті жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей, Ауылшармині бекіткен нысан бойынша Ауылшарминіне бюджеттік бағдарламаны іске асыру туралы есеп береді. 9. Ауылшармині өз құзыреті шегінде қаражаттың тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуына жауапты болады.
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру жөніндегi қызметтердің құнын субсидиялау ережесіне 1 қосымша
«БЕКІТЕМІН» Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы __________________________ «____»_____________2006 ж.
Су пайдаланушылар бөлінісінде ауыз су беру жөніндегi нақты көрсетілген қызметтердің жиынтық тізілімi
__________________________ ____________________2006 ж. (су берушінің атауы) (ай)
кестенің жалғасы
Су беруші_____________________________________ ______________________________________________ Ескерту: 2-бағанда су пайдаланушылар облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ауыл шаруашылығы басқармасы бекіткен су пайдаланушылар тізбесіндегідей ретпен келтіріледi |