|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларды әкету кезінде кедендік баждарды алу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 533-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі екі апта мерзімде Еуразия экономикалық қоғамдастығы Интеграциялық Комитетінің Хатшылығына Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайтын сыртқы сауда қызметін реттеу жөніндегі шаралар туралы хабарласын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 489 қаулысына қосымша
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қазандағы № 1036 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін, шикі мұнай мен мұнайдан жасалған тауарларға кедендік баж ставкалары
* әкету кедендік бажы ставкаларын қолдану мақсаты үшін тауарлар тек қана СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады. Тауарлардың атаулары пайдалану қолайлылығы үшін келтірілген. ** СЭҚТН 2710 19 410 0 - 2710 19 490 0 кодтарынан басқа, жыл сайын 15 ақпан - 15 қазан кезеңінде. *** ауыр дистиллятталған сұйық отыннан басқа. **** жыл сайын 15 сәуір - 15 тамыз кезеңінен басқа
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |