|
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің регламентін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеге және «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің регламенті бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің, оның ішінде ведомстволарының басшылығы мен қызметкерлері жұмыс кезінде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің осы Регламентінің сақталуын қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Регламентін бекіту және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы № 243 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 23 тамыздағы № 279 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы алынып тасталсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы индустрия және сауда министрлігінің жауапты хатшысы В.К.Советскийге жүктелсін. 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енді.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің бұйрығына КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|