Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуалды
Осы редакция 2009 жылғы 14 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және екінші деңгейдегі банктер арасындағы өзара іс-қимыл туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім); 2) Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін екінші деңгейдегі банктерде қаражатты орналастыру туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы Бас келісімнің (бұдан әрі — Бас келісім) жобалары мақұлдансын. 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы 2009 жылғы 1 наурызға дейін Келісімнің шарттарына сәйкес құрылысты аяқтауды, оның ішінде ипотекалық кредиттеу жолымен қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін өтінімдерді қабылдауды қамтамасыз етсін. 3. Қоса беріліп отырған «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен Бас келісімнің ережелерінен туындайтын кредиттік шарттар жасасу үшін екінші деңгейдегі банктердің тізбесі мен ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері бекітілсін. 4. Жасалатын мәміледе мүдделілігі бар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кейіннен кредиттеу үшін 120000000000 (бір жүз жиырма миллиард) теңге сомасына оған кредит беру туралы мәміле жасасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 13 ақпандағы № 148 қаулысымен мақұлданған Екінші деңгейдегі банктердің тізбесі және ақшалай қаражатты орналастыру лимиттері
|