|
|
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ИЧ-167/1 мекемесі»
«Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеу жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «ИЧ-167/1 мекемесі» мемлекеттік мекемесі таратылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "ИЧ-167/4 мекемесі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) - бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеуіне арналған түзеу колониясы құрылсын. 3. Мекемені ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Мекемеге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын «ИЧ-167/1 мекемесі» мемлекеттік мекемесінің мүлкін беруді жүзеге асырсын; 3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «Мемлекеттік мекемелер» деген 2-бөлімде: реттік нөмірі 89-жол алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 103-жолмен толықтырылсын: «103. ИЧ-167/4 мекемесі»; 2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: реттік нөмері 11-жолдың 3-бағанында «12289» және «4131» деген цифрлар тиісінше «12496» және «3924» деген цифрлармен ауыстырылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |