Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы (2010.28.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2011 жылғы 18 тамыздағы № 2-НП нормативтік қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 141-бабының 19) тармақшасына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) «Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 57 қаулысының (2006 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4415 болып енгізілді); 2) «Республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2006 жылғы 8 қыркүйектегі № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысының (2008 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық кесімдерін мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5124 болып енгізілді) күші жойылды деп танылсын. 3. Есеп комитетінің аппарат басшысы Сыздықов Е.Қ. бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы қаулының мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы № 4 қаулысымен Бекітілген
Сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу ережесі
1. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|