«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиттеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 91 Қаулысы
(2009.30.04. берілген өзгерістермен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес және Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиттеріне қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиттеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация):
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 2009 жылғы 1 - 6 ақпан кезеңіне;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 2009 жылғы 3 - 6 ақпан кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін.
ҚР Үкіметінің 2009.30.04. № 605 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
Қайрат Нематұлы Келімбетовті, Григорий Александрович Марченконы, Әуелбек Тұрсынұлы Тоқжановты және Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаевты қоспағанда, делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға;
Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Алматы бағыты бойынша 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 91 қаулысына
1-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиттеріне қатысу үшін Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
| Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы (келісім бойынша) |
| Әбіқаев Нұртай Әбіқайұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары |
| Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы | - Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары -Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі (келісім бойынша) |
| Сейтімов Нұрлан Мұсатайұлы | - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
| Сембинов Болат Қаскенұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
| Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
| Айсағалиева София Серікбайқызы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары |
| Оразаев Тимур Бибіталыұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің директоры |
| Иванова Наталья Николаевна | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қорғаныс, құқық қорғау жүйесі және мемлекеттік органдар департаментінің директоры |
| Тілеген Исраил Өстемірұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы |
| Тілепбергенова Ләйла Нариманқызы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры |
| Ахметов Жасұлан Рамазанұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің директоры |
| Мақтаев Бейбіт Ахметбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы |
| Төлемісов Дәурен Қайыпұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы бастығының орынбасары |
| Бекжігітов Русланбек Кеңесбекұлы | - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының инспекторы (келісім бойынша) |
| Әлібеков Аслан Аманжолұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының сарапшысы (келісім бойынша) |
| Рысмұхамбетов Ренат Есламұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің бірінші хатшысы |
| Нұрханов Мадияр Жеңісбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің бірінші хатшысы |
| Кетебаев Талғат Асылбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің екінші хатшысы |
| Қыстаубаева Нұргүл Серікқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің екінші хатшысы |
| Доғамбеков Әділет Дәулеткерейұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы департаментінің үшінші хатшысы |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 30 қаңтардағы
№ 91 қаулысына
2-қосымша
Еуразиялық экономикалық қоғамдастық пен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының саммиттеріне қатысу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен Мәскеу
қаласына (Ресей Федерациясы) бірге жүретін
Қазақстан Республикасы делегациясының
құрамы
Ресми делегация
| Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы | - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі |
| Сарыбай Қайрат Шораұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) |
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісім бойынша) |
| Марченко Григорий Александрович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Қалмырзаев Сарыбай Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы (келісім бойынша) |
| Ахметов Даниал Кенжетайұлы | - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі |
| Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
| Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы | - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі |
| Школьник Владимир Сергеевич | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
| Аюбаев Мұхтар Ақатұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Күзет қызметінің бастығы (келісім бойынша) |
| Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы |
| Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
| Тоқжанов Әуелбек Тұрсынұлы | - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Бірге жүретін адамдар
| Ілиясов Мағжан Жанботаұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (келісім бойынша) |
| Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы (келісім бойынша) |
| Садықұлов Әнуар Төлеуханұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
| Тауфиков Румиль Тауфикович | - Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол бастығының орынбасары (келісім бойынша) |
| Ашықбаев Ержан Нығматоллаұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы |
| Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы |
| Жасұзақов Сәкен Әділханұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті төрағасының бірінші орынбасары |
| Асансейітова Саадат Мұханбетқызы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда келіссөздері департаментінің директоры |
| Тортаев Бауыржан Қадырұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры |
| Асабаев Болатбек Алтынбекұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік протокол қызметі бастығының орынбасары |
| Никандров Владимир Петрович | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кеңесшісі |
| Әлімов Руслан Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Штабтар бастықтары комитеті Жедел жоспарлау департаментінің бастығы |
| Омаров Ілияс Темірланұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы |
| Бәкіров Ілияс Келесұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының сарапшысы (келісім бойынша) |
Баспасөз
| Қожықов Әділ Ғалымжанұлы | - Қазақстан Республикасының Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары (келісім бойынша) |
| Шаханов Бақтыбай Аманжолұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры (келісім бойынша) |
| Мақажанов Қайрат Сағатбекұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке телеоператоры (келісім бойынша) |
| Бондаренко Сергей Викторович | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы (келісім бойынша) |
| Отарбаев Болатбек Құлжымбайұлы | - Қазақстан Республикасы Президентінің жеке фотографы (келісім бойынша) |
Күзет
| Әшімбекұлы Ардақ | - күзет офицері |
| Ыбраев Думан Аменгелдіұлы | - күзет офицері |
| Балгереев Тимур Хайдарұлы | - күзет офицері |
| Көгілов Мырзағали Мұхамбетқалиұлы | - күзет офицері |
| Қабылдин Мұрат Бердібайұлы | - күзет офицері |
| Ысқақ Асылбек Сабырбекұлы | - күзет офицері |
| Тұяшев Нұржан Зарифұлы | - күзет офицері |
| Сыздықов Жетпіс Серікұлы | - күзет офицері |
| Дүйсенбеков Айдар Әділұлы | - күзет офицері |
| Райымжанов Алексей Әбдіхапарұлы | - күзет офицері |
| Куликов Андрей Николаевич | - күзет офицері |
| Аманбаев Антон Асанұлы | - күзет офицері |
| Тұрпанов Әділ Масғұтұлы | - күзет офицері |
| Достанов Төлеу Рахметоллаұлы | - күзет офицері |