2009 жылға арналған Павлодар қаласының бюджеті туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 244/11 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 75 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласының 2009 жылға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 25 006 600 000 (жиырма бес миллиард алты миллион алты жүз мың) теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 17 400 503 000 (он жеті миллиард төрт жүз миллион бес жүз үш мың) теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 76 955 000 (жетпіс алты миллион тоғыз жүз елу бес мың) теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 3 552 164 000 (үш миллиард бес жүз елу екі миллион жүз алпыс төрт мың) теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 3 976 978 000 (үш миллиард тоғыз жүз жетпіс алты миллион тоғыз жүз жетпіс сегіз мың) теңге;
2) шығындар - 24 702 600 000 (жиырма төрт миллиард жеті жүз екі миллион алты жүз мың) теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо нөлге тең;
5) бюджет профициті - 304 000 000 (үш жүз төрт миллион) теңге;
6) бюджет профицитін пайдалану - 304 000 000 (үш жүз төрт миллион) теңге соның ішінде:
қарыздардың түсімі - 326 000 000 (үш жүз жиырма алты миллион) теңге;
қарызды өтеу - 630 000 000 (алты жүз отыз миллион) теңге.
2. 2009 жылға арналған Павлодар қаласының бюджетінде Павлодар қаласының бюджетінен облыстық бюджетке - 11 535 822 000 (он бір миллиард бес жүз отыз бес миллион сегіз жүз жиырма екі мың) теңге сомасында бюджеттік алулар көзделгені ескерілсін;
3. Павлодар қаласының 2009 жылға арналған жергілікті атқарушы органының резерві - 15 540 000 (он бес миллион бес жүз қырық мың) теңге, соның ішінде:
жергілікті атқарушы органының кезек күттірмейтін шығындар резерві - 6 540 000 (алты миллион бес жүз қырық мың) теңге;