|
|
|
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы (2011.13.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының ұсыныстарын ескере отырып, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөнінде дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 6 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген III бөлімде: «Қосымша шаралар» деген кеші бөлім мынадай мазмұндағы 13-1-тармақшамен толықтырылсын: «
». ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 659 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы ұсынған, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Жылжымайтын мүлік қоры) қаржыландыратын және/немесе сатып алатын тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың құнын айқындау тәсілдері мақұлдансын: Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды мынадай құн бойынша сатып алуды жүзеге асырады: 1) тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың сатып алынатын алаңының (бұдан әрі - сатып алынатын алаң) бір шаршы метрі үшін сатып алу құны бойынша; 2) сатып алынатын алаңның бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалатын шығындардың өзіндік құны бойынша. 3. Сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрін сатып алу құны мына формуланы қолдану жолымен айқындалады: Бс = Бт* К мұндағы Бс - сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрін сатып алу құны, Бт - осы қаулының 4-тармағына сәйкес айқындалған сатып алынатын алаңның 1 шаршы метрі үшін орташа теңдестірілген құн, К - құрылыс объектісінің орналасуымен (аймағымен) және басқа да сапалық сипатымен айқындалатын коэффициент. ҚР Үкіметінің 2011.03.07. № 772 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Қосымша құрылыс-монтаждау, әрлеу, ішкі қаптау, бояу, түсқағаз жапсыру жұмыстарын жүзеге асырмай, таза еден орнатпай, санитарлық-техникалық жабдықтар мен құралдарды, тұрмыстық мақсаттағы электротехникалық құралдарды, асханалық газ және электр пештерін, пәтер ішіндегі және пәтердегі есік блоктарын, терезелерді орнатпай және инженерлік-техникалық желілерді орнатпай объектіні (үй-жайды) тиістілігі бойынша (тұруға) пайдалануға болатын дайын күйдегі жылжымайтын мүлік объектісінің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларының сатып алынатын алаңының 1 шаршы метрі үшін орташа теңдестірілген құн: Астана қаласы мен Ақмола облысында - 96000 теңгені; Алматы қаласы мен Алматы облысында - 120000 теңгені құрайды. ҚР Үкіметінің 2010.28.06. № 659 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Сатып алынатын алаңның бір шаршы метрінің құрылысына жұмсалатын шығындардың өзіндік құны бойынша құрылысы аяқталмаған объектілерді қаржыландырылған және/немесе сатып алған кезде өзіндік құн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс жобасына тәуелсіз сараптама жүргізуге құқығы бар ұйымның қорытындысымен расталған құрылысты аяқтауға арналған сметалық құжаттаманың негізінде айқындалады. ҚР Үкіметінің 2011.13.12. № 1513 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алуының өзге шарттары белгіленуі мүмкін. 6. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |