«Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы (2011.17.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығын, «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.17.05. № 191 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысатын үміткерлердің құжаттарын қабылдау және үміткерлерді конкурстық іріктеуден өткізу жөніндегі нұсқаулық (1 қосымша); 2) ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.17.05. № 191 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.17.05. № 191 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған жіберуші ұйым (Қазақстан Республикасының мемлекеттік ғылыми ұйымының немесе жоғары оқу орнының) ұсынымының үлгілік нысаны (4-қосымша); 5) Ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерге арналған ғылыми тағылымдамадан өту бағдарламасының жобасына талаптар (5 қосымша); 6) Үміткерлердің оқу/ғылыми тағылымдамадан өту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясына қатысу үшін сауалнамасының типтік нысаны (7-қосымша). 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын (6 қосымша). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|