Қазақстан Республикасындағы теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау (2005.29.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 16 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Нысанды киім берiлетiн теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнің) тiзбесi; 2) Теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киімiнiң, айырым белгілерінің сипаттамасы мен үлгiлерi; 3) Теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнiң нысанды киім киіп жүру ережесi; 4) Теңiз көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiн нысанды киіммен қамтамасыз ету нормалары бекітілсiн. 2. Осы қаулыны iске асыру Ақтау теңiз сауда порты Теңiз және ішкі су әкiмшілігінiң мемлекеттік бақылау қызметкерлерiн 2011 жылдың аяғына дейiн нысанды киіммен қамтамасыз етуге арналған шығыстарды қоспағанда, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте 001 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкілеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен жүргiзiледi деп белгiленсiн. 3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңiз және ішкі су көлiгiндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнің нысанды киім берiлетiн лауазымдар (мамандықтар) тiзбесi
ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 1 қазандағы № 1013 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
Теңiз және ішкі су көлігіндегi мемлекеттік бақылау қызметкерлерiнің нысанды киімiнiң, айырым белгілерiнiң сипаттамасы мен үлгiлерi
1. Ерлердiң нысанды киімi
1. Басқарушы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделiктi костюм кительден, шалбардан, ақ немесе көкшiл жейдеден, галстуктен, бас киімнен тұрады (1-қосымша). Китель. Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - жартылай қапсырылған силуэттi, қос өңiрлi, астарлы, үш нысанды түймеге және үш сәндi түймеге түймеленген қара түстi. Жағасы мен лацканы қайырылған сол жақ лацканында көзi iлмегiмен, жеңi үш нысанды түймесi бар шлицамен қондырылған. Арқа тұсының ортаңғы тiгiсi төменгi жағында шлицамен бiтеді, таяқшалары бүйiрiнің жырығымен және белi бойынша алдыңғы қырнаумен, бүйiрiнде клапанды тілік қалталары. Жеңiнде белгiленген айырым белгiлерi. Шалбар. Жартылай жүн матадан жазғы және қысқы нұсқасы - қара түстi. Астарлы тiк, түймелi iлгекпен, екi бүйiрлі қалтамен, белi бiр түймеге түймеленетiн жетi белдiк ұстағышпен бекітілген. Шалбардың оң жақ жартысында бiр түймеге және тілік iлгекке iлiнетiн рамкалы артқы тiлік қалта. Жейде. Ұзын жеңдi (қысқы нұсқа), қысқа жеңдi (жазғы нұсқа) ақ немесе көкшiл түстi ауыспалы матадан, тiк нұсқадағы жетi нысанды түйме iлмегiмен. Жаға тілік тұрғыза басылған, белi буылған, бүйiрлерi кең резинкаға жинақталған, екi түймеге түймеленетiн манжеттi ұзын жең. Арқасы мен бүйiр бөліктері екi жақты пiшiндi иiніш. Бүйiр бөлiктерi кеудеге тағатын жапсырма қалталармен және оларда iлмектi екi түймемен пiшiндi клапандар. Жағаға, қалтаға, клапандарға, манжеттерге 0,5 см қашықтықта әрленген тiгiм қойылған, иық тiгiстерiне белгiленген айырым белгiлерiмен қондыру погондары бекітiлген. Галстук. Галстукке арналған немесе жартылай жүндi қара түстi матадан (барлық құрам үшін). Фуражка. Yш шеттіктi қара жүндi материалдан: бiреуi түбiн төрттiктермен бiрiктiретiн тiгiске қондырылған, екiншісi төрттiктердi төңiрегiмен бiріктіретін тiгiске қондырылған, үшіншісi негiзгi материалдан жасалған қондыру (жалған) шеттігі фуражканың қалқанына киiлген репстi жiбек лентаны ұстау үшін қалқанның астынан өтедi. Фуражканың алдыңғы жағы көтерiңкi. Қалқаншаның ортасының үстiне қалқанға белгіленген нысанды кокард бекітіледi. Қызметкерлерде фуражканың қалқаншасы - қалқанға екi кішкене нысанды түймемен бекітілген жалтылдаған қара таңдамалы белдігі бар жалтылдаған қара. Басшы құрам былғары қалқаншалы фуражка киедi. Жалтылдаған қара таңдамалы белдiктің орнына фуражка қалқанына екi кiшкене нысанды түймелерiмен трунцалдан алтын түстi бау бекітілген. Құлақшын. Төбесi қара былғарыдан жасалған қара елтiріден. Құлақшынның ортасына белгіленген нысанда кокарда орналастырылады. 2. Басшы құрам мен қызметкерлер үшін күнделiктi күртеше (2-қосымша). Қара түстi су жұқпайтын матадан, астарлы, лацканның бүгiлуiне дейiн "сыдырма" түймеленген. Жағасы мен лацканы қайырылған, белi алдынан бiр нысанды түймеге түймеленген. Алдынан және арт жағынан бұйымның ұзындығынан 1/3 биiктiгiмен иiніш орналастырылған, иiніштің төменгi жағы шеттен 3 см тiгiспен айқындалған қыры түсiрiлген жиекпен әдiптелген. Бұйымның бүйiр бөлiктерiнде иініш деңгейiнен төмен және бел сызығынан жоғары диагоналымен "сыдырма" түймеленген тілік қалталар орналастырылған. Жеңi манжетпен, шынтақ тігісiнде тілікпен, бiр нысанды түймеге түймелеумен қондырылған. Иық тiгiсiнде белдiк ұстағыштар орналасқан, оларға бiр нысанды түймеге түймеленетiн қондырма погондар кигізiледi. Жағасы, лацканы, өңірi, қалтасы, иiнішi, белi, манжеттерi бойынша шетiнен 0,6 см қашықтықта әрленген тігіс жүргiзiледі, белi мен манжеттерi бойынша шетiнен 0,2 см. 3. Басшы құрам мен қызметкерлерге алмалы-салмалы жылытқышымен плащ-пальто (3-қосымша). Қара түстi ауыспалы плащтық матадан, тік силуэттен, тоғалы алмалы белдiкпен, қос өңiрлi, төрт нысанды түймелер түймеленген. Жағасы қиық тiк, қайырылған лацканмен бiр түймеге түймеленедi. Лацканда көздiк тілік iлмектер. Арқасында және бүйiр бөлiктерiнде жапсырма иiнiштер иықтық тiгiстің жиегi бойынша бiр нысанды түймеге түймеленетiн қондырмалы погондар. Сол жақ бүйiр бөлiгiнде жапырақшасы бар жеке иініш, жеңi екi тiгiстi, бiр нысанды түймеге түймеленетiн белдiк ұстағыштар арқылы өткiзілген паттар. Бүйiр бөлiктерінде бел сызығынан төмен жапырақшалы қиық қалталар орналасқан. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдарда шетiнен 0,2 және 0,7 см қашықтықта екi әрленген тiгiс жүргiзiлген. 4. Басшы құрам үшiн қыстық пальто (4-қосымша). Қара түстi, жүн драптан, жартылай қапсырылған силуэттен, жағасы теріден және лацканы қара түстi елтiріден. Қос өңiрлi, төрт нысанды және екi әшекейлi түймеге түймеленедi. Бүйiр бөлiктерiнде қиық бүйiрлi және белi бойынша алдыңғы бүкпелi. Бел сызығынан төмен клапаны бар тілік қалталар орналасқан. Иық тiгiсінің жиегiне бiр нысанды түймемен түймеленетiн қондырмалы погондар бекітілген. Жеңi екi тiгiстi қондырмалы, белгiленген айырма белгiлерi бекітілген. Арқасы рельефпен және шлицасы бар орта тiгiспен, рельефтерге бел сызығы деңгейiмен белдiк қондырылған, ол арқа ортасында бiр нысанды түймеге түймеленедi. 5. Қызметкерлер үшiн дауылда киетiн күртеше (5-қосымша). Су жұқпайтын қара түстi, плащтық матадан, астарсыз, тiк силуэттi, бiр өңiрлi, ағытылатын күләпарасы бар, пластронмен жабылатын "сыдырма" түймеленген, төрт нысанды түймеге түймеленедi. Арқасы мен бүйiр бөлiктерiнде нысанды жапсырма иiнiштер. Иық тігісінің жиегiне бiр нысанды түймеге түймеленетiн қондырма погондар бекітілген. Сол және оң бүйiр бөлiктерiнде "кенгуру" пішінді жапсырма қалталар, оларда қосымша жапсырма қалталар. Бел сызығында белдiк-ықтырма, ықтырмадан төменiрек көлденең қиық, шетiнен 3 см-ге тiгiспен көрсетiлген. Бүрме астында қолды жанынан салатын жапсырма қалта. Жеңi шынтақ асты мықты қондырмалы екi тiгiстi, манжеттi бiр нысанды түймеге түймеленедi. Барлық рельефтiк сызықтар мен детальдарға шетiнен 0,2 - 0,7 см әдiптелген тiгім жүргiзiлген. 2. Әйелдердiң нысанды киімi ҚР Үкіметінің 2005.29.11. № 1172 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Басшы құрам мен қызметкерлерге арналған күнделiктi костюм кительден, юбкадан, шалбардан, әйел жейдесiнен, галстуктен, бас киімнен тұрады (6-қосымша). Китель. Қара түстi жартылай жүндi матадан. Астарлы, жартылай қапсырылған силуэт, бiр өңiрлi, лацканның бүгiлуiне дейiн үш нысанды түймеге түймеленген, жағасы мен лацканы қайырылған, жеңi қондырмалы екi тiгiстi, шынтақ тiгiсiнде шлицасы және үш нысанды түймелерi бар. Арқасының ортаңғы тiгiсi шлицамен аяқталады, бүйір бөлiктерiнде жырығы және белi бойынша алдыңғы тiк бүкпесi бар, клапанды тілік қалталары. Жеңi қондырмалы екi тігістi шлицаларында үш түймесi бар. Жеңiнiң төменгi жағына айырым белгiлерi белгіленген. Иық тiгiсiнің қалқаны бойынша, белгiленген айырым белгiлерi бар, бір түймеге түймеленетiн погондар қондырылған. Юбка. Жартылай жүн матадан, жазғы және қысқы нұсқасы - қара түстi. Тiк силуэт, астарлы, белi бір түймеге түймеленетін екi белдiк ұстағыштармен. Юбканың артқы бөлiгiнде шлицамен бiтетiн тiгiс бар. Сол бүйiрiнде "сыдырма" түймелеу. Шалбар. Жартылай жүн матадан, жазғы және қысқы нұсқасы - қара түсті. Астарлы тік, түймелі ілгекпен, екі бүйірлі қалтамен, белі бip түймеге түймеленетін жеті белдік ұстағышпен бекітілген. Шалбардың оң жақ жартысында бip түймеге және тілік ілмекке ілінетін рамкалы артқы тілік қалта. Әйел жейдесi. Ауыспалы матадан, ұзын және қысқа жеңдi - ақ, көкшiл немесе ақшыл қоңыр түстi. Тік силуэттi, манжеттермен түймеленетiн қондырмалы екі тiгiстi жеңмен. Ұзын жеңдер бiр нысанды түймеге түймеленеді. Жеңнiң жиегiнде қондырмалы погондар. Жағасы қайырылған, ұшы үшкірлеу келген, түймелеу шетiнен ені 3 см келiстiрiлген, жетi нысанды түймеге түймеленетiн планкамен ресiмделген. Планканың жанынан ені 2,5 см әр жағынан бiреуден бүрме жасалған. Алдыңғы жағында иiніш орналасқан, оған пiшiндi клапандар қондырылған, ол жапсырма қалтаны жабатын бiр түймеге түймеленедi. Арқасында иiнiш орналасқан, оның ортасынан төмен қырлы планка тiгiлген. Бір түймеге түймеленетiн, белдiк ұстағыштарға жанасатын, иықтық тiгiстiң жиегi бойынша қондырмалы погондар бекітілген. Барлық рельеф пен детальдар бойынша әрленген тiгiм жасалған. Галстук (басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн). Галстукке арналған немесе жартылай жүндi қара түстi матадан. Берет (басшы құрам мен қызметкер әйелдер үшiн). Жазғы берет қара түстi мақта-мата материясынан. Қысқы берет қара түстi жүндi матадан. |