|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы делегациясының қазақстан-австрия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысына қатысуы мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) Константин Васильевич Жигаловты қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы 2009 жылғы 18 - 20 мамыр кезеңіне; 2) Константин Васильевич Жигалов 2009 жылғы 18 - 22 мамыр кезеңіне Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасының делегация мүшелеріне белгіленген тәртіппен жол жүру құжаттарын ресімдесін; 2) Константин Васильевич Жигаловты қоспағанда, делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға; Константин Васильевич Жигаловқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Вена - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 655 қаулысына қосымша
Вена қаласына (Австрия Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |