Осы редакция 2009 жылғы 3 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру Осы Ереже жұмыссыздар үшiн қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін белгiлейдi. 1. Жалпы ережелер 1. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастыратын, қызметкердiң алдын ала кәсiби даярлығын талап етпейтiн, әлеуметтiк пайдалы бағыты бар және азаматтарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшiн жұмыспен қамту жөніндегі уәкiлеттi органдардың жолдамасымен олар орындайтын еңбек қызметiнiң түрлерi қоғамдық жұмыстар деп түсiнiледi. 2. Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық кесiмдерi қолданылады. 3. Қылмыстық және әкiмшiлiк заңнамада көзделген қоғамдық жұмыстарға тарту жөніндегі құқықтық қатынастарды ереже реттелмейдi. 4. Авариялардың, зiлзалалардың, апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттiлiгiне байланысты қызмет түрлерi қоғамдық жұмыстарға жатпайды. 5. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi органдар жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға олардың келісімiмен жiбередi. 2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 6. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда орталық және жергiлiктi атқарушы органдар ұйымдастырады және республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң және жұмыс берушiлердiң қаражатынан олардың өтiнiмдерi бойынша қаржыландырылады. 7. Халықты жұмыспен қамтудың аймақтық бағдарламаларына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдар қоғамдық жұмыстарды жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен ұйымдастыру және оның көлемi туралы шешiмдер қабылдайды. 8. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде: қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс айқындалады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|