|
|
|
Қазақстан Республикасы (2017.26.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
2009 жылғы 10 шілдедегі № 172-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
ҚАРЫЗ № 7681-КZ
ҚАРЫЗ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ («Қарыз алушы») мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ («Банк») арасындағы 2009 жылғы 13 маусымдағы Келісім. Мұнымен Қарыз алушы мен Банк төмендегілер туралы келісті:
ЖАЛПЫ ШАРТТАР; АНЫҚТАМАЛАР
1.01. Жалпы шарттар (осы Келісімге Толықтыруда анықталған) осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 1.02. Егер түпмәтінінен өзгеше туындамаса, онда осы Келісімде пайдаланылатын бас әріптен басталатын терминдердің Жалпы шарттарда немесе осы Келісімге Толықтыруда жазылған мәндері болады.
2.01. Банк Қарыз алушыға екі миллиард бір жүз жиырма бес миллион АҚШ долларына тең (2 125 000 000 АҚШ доллары) соманы беруге келісті, осындай сома сипаттамасы осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген жобаны («Жоба») қаржыландыруға жәрдемдесу мақсатында осы Келісімде жазылған немесе сілтеме жасалған мерзімге және шарттарда осы Келісімнің («Қарыз») 2.07 Бөлімінің ережелеріне сәйкес валюталарды конвертациялау арқылы кезең-кезеңмен айырбасталуы мүмкін. 2.02. Қарыз алушы Қарыз қаражатын осы Келісімге 2-қосымшасының IV бөліміне сәйкес алуға құқығы бар. 2.03. Банктік комиссия Қарыз алушының төлеуге жататын қарызын ашуға Қарыз сомасының бір пайызының (0,25) төрттен бір бөлігін құрайды. Қарыз алушы Банкке қарызды ашуға ол күшіне енген күннен бастап 60 күннен кешіктірмей комиссия төлейді. 2.04. Төлеуге жататын сыйақы әрбір Пайыздық кезең ішінде Қарыз валютасы қосу ауыспалы спред үшін LIBOR ставкасына тең ставка бойынша есептелетін болады; Қарыздың негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігін Конверсиялау кезде Қарыз алушы осындай сомаға Конверсиялау кезеңі уақытында төлеуге жататын сыйақы Жалпы ережелердің IV Бабының ережелеріне сәйкес анықталуы тиіс. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қарыздың өтелмеген қалдығы салынған кез келген бөлігі уақтылы төленбесе және отыз күннің ішінде төленбесе, онда Қарыз алушы төлеуге жататын сыйақы мөлшері Жалпы ережелердің 3.02 (d) Бөлімінде анықталғандай есептелуі тиіс. 2.05. Төлем күндері әр жылдың 15 мамыры және 15 қарашасы болып табылады. 2.06. Қарыздың негізгі сомасы осы Келісімнің 3-қосымшасында келтірілген өтеу кестесіне сәйкес өтеледі. 2.07. (а) Қарыз алушы кез келген уақытта борышты ұтымды басқаруды қамтамасыз ету үшін Қарыз шартының кез келген мынадай Конверсияларын сұрата алады: (і) Мақұлданған Валютаға алынған да, алынбаған да Қарыз Валютасының барлық немесе Қарыздың негізгі сомасының кез келген бөлігін өзгерту; (іі) Қалқымалы пайыздық ставкадан Бекітілген пайыздық ставкаға және керісінше Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын пайыздық ставканың базисін өзгерту, және (ііі) Қалқымалы пайыздық ставканың жоғарғы немесе төменгі шектерін белгілеу арқылы Қарыздың алынған және өтелмеген негізгі сомасының барлық немесе кез келген бөлігіне қолданылатын Қалқымалы пайыздық ставканың шектерін анықтау. (b) Осы Бөлімнің (а) параграфына сәйкес сұратылған, Банк қабылдаған кез келген өзгеріс Жалпы ережелерде анықталғандай «Конверсия» болып саналады және Жалпы шарттардың IV Бабының және Конверсия жөніндегі нұсқаулық ережелеріне сәйкес күшіне енеді.
3.01. Қарыз алушы өзінің Жоба мақсаттарына қол жеткізуді жақтайтынын мәлімдейді және осыған орай Жобаны ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі арқылы Жалпы шарттардың V Бабының ережелеріне сәйкес жүзеге асырады. 3.02. Осы Келісімнің 3.01 Бөлімінің ережелерін арналған шектеусіз және Қарыз алушы мен Банктің арасында өзгеше келісілмесе, Қарыз алушы Жобаның іске асырылуын осы Келісімге 2 Қосымшасының ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді.
4.01. Күшіне енудің қосымша шарттары мынада: (а) ККМ нысаны және мәні бойынша Банк үшін жарамды Жобаның іс-шараларын орындау мақсатында ЖБК-мен келісім жасасты. (b) Қарыз алушы ККМ арқылы Банк үшін жарамды ЖБСҚІ іс-шаралар жоспарын қабылдады. 4.02. Осы Келісім күшіне енетін соңғы мерзім осы Келісім күнінен кейін жүз сексен (180) күн өткеннен кейін басталатын күн болып табылады.
5.01. Қарыз алушының өкілі Қаржы министрлігі болып табылады. 5.02. Қарыз алушының мекен жайы: Қаржы министрлігі Жеңіс даңғылы, 11 Астана, 010000 Қазақстан Республикасы Телекс: Факс: 265126 (FILIN) (7)(7172) 717785 5.03. Банктің мекен жайы: Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі 1818 Н Street, №.W. Washington, D.С. 20433 United Stаtеs оf Аmеrіса Телеграфтық мекен жайы: Телекс: Факс: INTBAFRAD 248423 (МСІ) немесе 1-202-477-6391 Washington, D.С. 64145 (МСІ) Қазақстан Республикасы, Астанада, жоғарыда көрсетілген күні және жылы КЕЛІСІЛДІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Кім Уәкілетті өкіл ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКІ Кім Уәкілетті өкіл
2017 ж. 26 қыркүйектегі Келісім-хатпен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-ҚОСЫМША
Жобаның сипаттамасы
Жобаның мақсаты Қызылорда және Ақтөбе облыстарының шекарасынан Шымкентке дейінгі автожол учаскелерінде көлік жұмысының тиімділігін арттырудан, автомобиль жолдарын басқаруды жетілдіру және Қазақстанда автожол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттырудан тұрады. Жоба мынадай бөліктерден тұрады: 1-6өлік: Қызылорда облысындағы автожол учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту Қызылордадағы айналма жолды қоспағанда, Қызылорда облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсету үшін құрылыс жұмыстары. 2-6өлік: Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожол учаскелерін жаңғырту және қайта жаңарту (Қызылорда облысының шекарасы - Шымкент) Қызылордадағы айналма жолды қоса алғанда, Оңтүстік Қазақстан облысындағы автожолдың учаскелеріне жаңғырту және қайта жаңарту жүргізу кезінде қолдау көрсету үшін құрылыс жұмыстары. 3-бөлік: Жобаны басқару жөніндегі консультанттар Жобаны іске асыруда ҚР ККМ жәрдемдесу үшін консалтингтік қызметтер көрсету. 4-бөлік: Жол қозғалысының қауіпсіздік деңгейін институционалдық дамыту және арттыру және жол маңындағы сервисті дамыту (а) Зерттеу жүргізу үшін мына мақсатта консультациялық қызметтер көрсету: (і) автомобиль жолдарын басқаруды күшейту және автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту бойынша нұсқаларын шолу; (іі) жобаларды басқару жөніндегі әлеуетті күшейту мақсатында Автомобиль жолдары комитетінің қызметкерлерін оқыту; (ііі) автомобиль жолдарын басқару жүйесін енгізу; (іv) қоршаған ортаны қорғау үшін қадағалауды жақсарту; (v) жобалау кезінде жол қозғалысының қауіпсіздігін ескеру жөнінде басшылықты дайындау; (vі) жол желісі қауіпсіздігінің физикалық аудитін жүргізу; (vіі) неғұрлым қауіпті авариялық учаскелерді анықтау бойынша әдістеме құру; (vііі) авариялардың әлеуметтік құнын бағалау; (іх) ЖКО саласында зерттеулер жүргізу саласында ККМ институттары әлеуетін нығайту; және (х) Жоба бойынша жол учаскелері бойындағы жол маңындағы сервисті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындау. (b) Автомобиль жолдарын басқару жүйесі үшін тауарлар мен жабдықтар беру. 5-бөлік: Құрылыс жұмыстарын қадағалау Жобаның 1-бөлігі, 2-бөлігі және 6-бөлігі бойынша құрылыс жұмыстарын қадағалау жөніндегі консультациялық қызметтерді ұсыну. 6-бөлік: Алматы облысыныңшегінде жол учаскелерін жаңғырту мен реконструкциялау Қолдау көрсету үшін жасалатын жұмыстар: (i) Алматы облысының шегінде жол учаскелерін,оның ішінде: (а) Күрті - Тоғыз учаскесін; (b) Ұзынағаш - Отар учаскесінжаңғырту мен реконструкциялау; (ii) (а) жол қауіпсіздігін; (b) жолбойы сервисін; және (с) жолдарды күтіп ұстау мен пайдалануды жақсарту.
2017 ж. 26 қыркүйектегі Келісім-хатпен 2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2-ҚОСЫМША
Жобаны іске асыру
I бөлім. Іске асыру тетіктері А. Институционалдық тетіктер Қарыз алушы Жобаны келесі институционалдық және басқа тетіктерге сәйкес іске асырады: 1. Қарыз алушы ИДМ арқылы ЖБК көмегімен Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқауда, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарында, Қоныс аудару саясаты негізінде, ҚОӘБ және ҚОӘСӘБ жазылған талаптарға, өлшемшарттарға, ұйымдастырушылық тетіктерге және операциялық рәсімдерге сәйкес Жобаны іске асырады, сондай-ақ Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Жобаны іске асыру жөніндегі нұсқаудың, ЖБСҚІ бойынша іс-шаралар жоспарының, Қоныс аудару саясаты негіздерінің, ҚОӘБ және ҚОӘСӘБ функцияларын орындауды тапсырмайтын, өзгерістер енгізбейтін, күшін жоймайтын немесе оларды іске асыру талаптарынан бас тартпайтын болады. 2. Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы: (а) Жоба шеңберінде қандай да болмасын жұмыс басталғанға дейін Қоныс аудару саясаты жөніндегі құжатқа сәйкес Банк үшін жарамды Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларын дайындайды; және (b) Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларына сәйкес Жобаны іске асырады; және (с) Банктің алдын ала келісімінсіз тиісті Қоныс аудару жөніндегі іс-шаралар жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне өзгерістер енгізе, күшін жоя немесе олардан бас тарта алмайды. 3. Қарыз алушы ИДМ арқылы: (а) Жоба бойынша кез келген жұмыс басталғанға дейін ҚОӘБ және ҚОӘСӘБ сәйкес Банк үшін қанағаттанарлық Қоршаған ортаны басқару жоспарларын дайындайды; (b) Қоршаған ортаны басқарудың тиісті жоспарларына сәйкес Жобаны іске асырады; (с) Жобаны іске асыру барысында материалдық мәдени ресурстар табылған жағдайларда, Кездейсоқ олжа рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Қарыз алушы Кездейсоқ олжа рәсімдері ережелерінің құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарға енгізілуін және осы ережелердің жобаны іске асыру барысында қолданылуында қамтамасыз етеді; және (d) Банктің алдын ала мақұлдауынсыз Қоршаған ортаны басқарудың тиісті жоспарларының қандай да болмасын ережелеріне түзетулер енгізбейтін, тоқтата тұрмайтын немесе күшін жоймайтын болады. 4. Жобаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде Қарыз алушы ЖБК-ның Банк үшін жарамды ресурстармен бір құрамда және техникалық тапсырмаларға сәйкес қамтылуын қамтамасыз етуге тиіс. 5. Қарыз алушы ККМ арқылы: (і) сатып алудың тәуелсіз аудитін жүргізуге жәрдемдесу үшін жобаға қатысты барлық қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз етуді қоса алғанда, барлық қажетті шараларды қабылдауға; және (іі) Банк үшін қолайлы Техникалық тапсырма шеңберінде осындай аудит нәтижелері мен ұсынымдарын негізге ала отырып, тез арада әрекет етуге тиіс. В. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қарыз алушы Жобаны іске асыруды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаудың ережелеріне сәйкес қамтамасыз етеді. II бөлім. Жобаның мониторингі жөніндегі есептілік және оны бағалау А. Жоба бойынша есептер 1. Қарыз алушы Жобаны іске асыру барысының мониторингін және оны бағалауды жүзеге асырады және Жалпы шарттардың 5.08-бөлімінің ережелеріне сәйкес және Банкпен келісілген индикаторлар негізінде Жоба бойынша есептер дайындайды. Жоба бойынша әрбір есеп бір күнтізбелік тоқсандағы кезеңді қамтуы және осы есеппен қамтылған кезең аяқталғаннан кейін 45 (қырық бес) күннен кешіктірмей Банкке ұсынылуы тиіс. 2. 2010 жылға 31 желтоқсаннан кешіктірмей және салдарынан жыл сайын Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкпен бірлесіп Жобаны іске асыруда қол жеткізілген прогресті жыл сайынғы шолуларды (бұдан әрі - жыл сайынғы шолу деп аталады) жүргізеді. Жыл сайынғы шолулар басқалардың арасында, мыналарды қамтиды: (а) Жобаның мақсаттарына қол жеткізудегі прогресс; және (b) Нәтижелердің индикаторларына сәйкес Жобаны орындаудың жалпы нәтижелері. 3. Жыл сайынғы шолуға дейін кемінде 4 (төрт) аптада Қарыз алушы ҚР ККМ арқылы Банкке Жобаның әрбір құрауышын іске асырудың мәртебесін сипаттай отырып, жеке есепті және Жобаны жалпы іске асыру туралы жиынтық есепті ұсынады. В. Қаржылық басқару, қаржылық есептілік және аудит 1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың 5.09-бөлімінің ережелеріне сәйкес қаржылық басқару жүйесін жүргізуге немесе оның жүргізілуін қамтамасыз етуге міндетті. 2. Осы Бөлімнің А бөлігінің ережелері үшін шектеусіз, Қарыз алушы Банк үшін қолайлы нысан және мазмұн бойынша осы тоқсан үшін аралық әрбір күнтізбелік тоқсан аяқталғаннан кейін өтпеген Жоба бойынша қаржылық есептерді дайындауға және Банкке ұсынуға міндетті. 3. Қарыз алушы өзінің Қаржылық есептілігін Жалпы шарттардың 5.09-бөлімнің (b) ережелеріне сәйкес жүргізуге міндетті. Қаржылық есептіліктіктің әрбір аудиті Қарыз алушының бір қаржы жылындағы кезеңді қамтуға тиіс. Аудиторлық тексеруден өткен әрбір осындай кезең үшін қаржылық есептілік Банкке тиісті кезең аяқталғаннан кейін алты айдан кешіктірілмей ұсынылуға тиіс. III бөлім Сатып алулар А. Жалпы ережелер 1. Тауарлар және Жұмыстар. Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық тауарлар мен жұмыстар Сатып алу жөніндегі Нұсқаудың І бөлімінде қамтылған немесе оларға сілтеме қамтылған талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады. 2. Консультанттардың Қызметі. Консультанттардың Жоба үшін қажетті және Қарыз қаражатынан қаржыландырылатын барлық қызметтері Дүниежүзілік Банк Қарыз алушыларының қонсультанттарды іріктеуі және жалдауы жөніндегі Нұсқауда қамтылған немесе І және IV Бөлімдерінде жасалған сілтемелерді қамтитын талаптарға сәйкес, сондай-ақ осы Бөлімнің ережелеріне сәйкес сатып алынады. 3. Анықтамалар. Осы Бөлімде төменде сатып алудың белгілі бір әдістің және белгілі бір келісімшарттарды Банктің қарауы әдістерін сипаттау үшін пайдаланылатын, бас әріппен басталатын терминдер нақты жағдайларға байланысты Сатып алу жөніндегі Нұсқауда немесе Консультанттар жөніндегі Нұсқауда сипатталған белгілі бір әдістерге сәйкес келеді. В. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың ерекше әдістері 1. Халықаралық конкурстық сауда-саттық. Егер төмендегі 2-тармақта өзгеше көзделмеген болса, тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Халықаралық конкурстық сауда-саттықтың рәсімдеріне сәйкес жасасқан келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады. 2. Тауарлар мен жұмыстарды сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде Халықаралық конкурстық сауда-саттықты қоспағанда, сатып алудың тауарлар мен жұмыстарға қолдануға қолайлы болатын әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында осы немесе өзге әдісті қолдану мүмкін болатын жағдаяттар көрсетілуге тиіс.
С. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың ерекше әдістері 1. Сапа және құн негізінде іріктеу. Егер төмендегі 2-параграфта өзгеше көзделмеген болса, консультациялық қызметтерді сатып алу Сапа және құн негізінде іріктеу рәсімдеріне сәйкес тағайындалған келісімшарттар бойынша жүзеге асырылады. 2. Консультанттардың қызметтерін сатып алудың басқа да әдістері. Төмендегі кестеде сатып алудың Сапа және құн негізінде іріктеуді қоспағанда, Консультанттардың қызметтерін сатып алу кезінде қолданылуы мүмкін болған әдістері ұсынылған. Сатып алу жоспарында осы немесе өзге әдісті қолдану мүмкін болатын жағдаяттар көрсетілулері тиіс.
D. Банктің сатып алу жөніндегі шешімдерін қарау Сатып алу жоспарында Банктің алдын ала қарауына жататын келісімшарттар көрсетілуге тиіс. Барлық басқа келісімшарттар Банктің кейіннен қарауына жатады.
IV бөлім. Қарыз қаражатын шоттан алу А. Жалпы ережелер
1. Қарыз алушы Жалпы шарттардың II бабының, осы Бөлімнің және төмендегі 2-параграфтағы кестеге сәйкес Заңдылық шығыстарды қаржыландыру үшін Банк Қарыз алушыға берген хабарламасында көрсететін сол қосымша нұсқаулықтың (Банк кезең-кезеңімен қайта қарап отыратын және осындай нұсқаулықтарға сәйкес осы Келісімге қолданылатын 2006 жылғы мамырда «Жобалардың қаражатын игеру жөніндегі Дүниежүзілік банктің нұсқауын» қоса алғанда) ережелеріне сәйкес Қарыз қаражатын ала алады. 2. Төмендегі кестеде Қарыз қаражатынан («Санат») қаржыландырылуы мүмкін Заңдылық шығыстардың санаты, әрбір Санат бойынша Қарыздың бөлінген сомасы және әрбір Санат бойынша Заңдылық шығыстар ретінде қаржыландыруға жататын шығыстардың пайыздық үлесі анықталған.
В. Алу шарттары; алу кезеңі 1. Осы Бөлімнің А Бөлігінің ережелеріне қарамастан, қаражат: (а) Банкке толық көлемде банктің комиссия сомасы төленгенге дейін Қарыз шотынан; және (b) Автомобиль жолдары комитетін нығайтудың және автожол желісінің жалпы жағдайын жақсартудың нұсқалары қаралатын зерттеуді Қарыз алушы жүргізгенге және Банкпен Автомобиль жолдары комитетін нығайту және осы зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, республикалық маңызы бар автожолдар желісінің жалпы жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар жүргізу тетігін келіспейінше (2) Санаттың шығыстары үшін; және (с) осы Келісімнің күніне дейін жасалған төлемдер бойынша алынбауға тиіс. 2. Жобаның жабылу күні - 2021 жылғы 31 желтоқсан.
2-ҚОСЫМШАҒА Толықтыру
Қарыз алушының Ұлттық конкурстық сауда-саттық рәсімдері мынадай ережелер сақталған жағдайда осы Жоба шеңберінде тауарлар мен жұмыстарды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін: А. Мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы Қарыз алушының аумағындағы мемлекеттік кәсіпорындар, егер олар өздерінің құқықтық және қаржылық дербестігін ресми түрде растай алатын болса, егер олар коммерциялық құқық негізінде әрекет етсе және тапсырысшы ретінде келісімшарт жасасатын ведомстволарға тәуелді ұйымдар болып табылмайтын жағдайларда ғана сауда-саттыққа қатысуға құқылы. Сонымен қатар өтінімдерге және кепілді қамтамасыз етуге қатысты оларға сауда-саттықтың басқа да қатысушыларына қойылатын талаптар сияқты талаптар қолданылатын болады. В. Конкурстық құжаттама Сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар Банк үшін қолайлы тауарларды және жұмыстарды сатып алуға арналған конкурстық құжаттаманың стандартты пакетін пайдалануы тиіс. С. Конкурстық өтінімдерді ашу және бағалау: (а) өтінімдерді ашу конкурстық өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі басталғаннан кейін дереу жариялы түрде жүргізіледі; (b) конкурстық өтінімдерді бағалау конкурстық құжаттамада мәлімделген монетарлы түрде есептелетін өлшемдерге қатаң сәйкестікте жүргізілуі тиіс; (с) отандық өнім берушілерге преференциялар қолданылмауы тиіс; (d) келісім-шарт неғұрлым төмен бағада және негізінен талаптарға сәйкес келетін конкурстық өтінім берген сауда-саттықтың білікті қатысушысына берілуі тиіс, бұл ретте келіссөздер жүргізілмейді. D. Бағаны түзету Ұзақ (18 (он сегіз) айдан астам) кезеңге есептелген құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарда бағаларды түзету туралы тиісті тармақ болуы тиіс. Ұзақ (18 (он сегіз) ай немесе одан кем) кезеңге есептелмеген құрылыс жұмыстарына арналған келісімшарттарда бағаларды түзету туралы тиісті тармақтың қамтылуы талап етілмейді. Е. Сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою Конкурстық сауда-саттықты өткізілмеді деп тану және жаңа конкурстық өтінімдерді беруге шақыру Банктің алдын ала келісімімен ғана жүргізілуі мүмкін. F. Жекелеген конкурстық өтінімдерді қабылдамау Әрбір жекелеген конкурстық өтінім мынадай жағдайларда: (а) сауда-саттыққа қатысушы біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; (b) сауда-саттыққа қатысушы сатып алуды жүргізетін ұйымның Конкурстық комиссиясы жасаған, оның конкурстық өтініміндегі арифметикалық қатені түзетуді қабылдамаған; және (с) сауда-саттыққа қатысушы конкурстық құжаттама талаптарына сай болмаған жағдайларда қабылданбауы мүмкін.
Өтеу кестесі
1. Келесі кестеде негізгі борышты және негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтеуге жататын Қарыздың барлық сомасына төленетін пайыздардың Күндері көрсетілген («Кезекті төлем үлесі»). Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінде толығымен алынатын болса, негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күнінде Қарыз алушының өтеуіне жататын Қарыздың негізгі сомасын Банк көбейту жолымен анықтайды: (а) негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыз сомасын және (b) негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне Кезекті үлестік төлем үлесін, қажет болған жағдайда өтеуге жататын сомалар валютаны конвертациялау қолданылатын осы Қосымшаның 4-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшін түзетілуі тиіс.
2. Егер Қарыз қаражаты негізгі борышты өтеудің бірінші күнінде толығымен алынбаса, негізгі борышты өтеудің осындай әрбір Күніне Қарыз алушы өтеуі тиіс Қарыздың негізгі сомасы мынадай түрде айқындалатын болады: (а) Негізгі борышты өтеудің бірінші Күні алынған Қарыздың кез келген қаражаты шамасында Қарыз алушы осы Қосымшаның 1-параграфына сәйкес осындай күнге алынған Қарыз сомасын өтеуі тиіс. (b) Негізгі борышты өтеудің осы Күні үшін («Кезекті төлем үлесінің бастапқы сомасы») Негізгі борышты өтеудің бірінші Күнінен кейін алынған кез-келген сома осы Қосымшаның 1-параграфының кестесінде көрсетілген төлем үлесінің бастапқы сомасы болып табылатын алымы бөліндіге бөлінген осындай соманы көбейту жолымен Банк анықтаған сомада осындай алу күнінен кейін негізгі борышты өтеудің әрбір Күніне өтелуі тиіс, ал бөлгіші негізгі борышты өтеудің Күніне осындай күнге немесе одан кейінгі Кезекті төлем үлестерінің қалған барлық Бастапқы сомалары болып табылатын қажет болған кезде өтеуге жататын сомалар валютаны Конвертациялау қолданылатын осы Қосымшаның 4-параграфында айтылған кез келген соманы шегеру үшін түзетілуі тиіс. 3. (а) Негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне дейін екі күнтізбелік ай ішінде алынған Қарыз сомалары негізгі борышты өтеудің кез келген Күніне жататын негізгі борыш сомасын есептеу мақсаты үшін айрықша алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінде алынған және өтелмеген болып есептелетін және алынған күннен кейін негізгі борышты өтеудің екінші Күнінен бастап негізгі борышты өтеудің әрбір күніне өтеуге жататын болады. (b) Осы параграфтың (а) тармақшасының ережесіне қарамастан, егер кез келген уақытта Банк төлем мерзімдері бойынша шоттарды шығару жүйесін қабылдаса, осы ретте шоттар негізгі борышты өтеудің тиісті Күніне немесе одан кейін беріледі, шоттарды шығарудың осындай жүйесі қабылданғаннан кейін жасалған қандай да алуларға осы тармақшаның ережесі қолданылмайтын болады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |