|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Интеграциялық комитетінің хатшылығы өткізетін «Тарифтік емес реттеу» бағыты бойынша кеден одағының шарттық-құқықтық базасын әзірлеу жөніндегі сарапшылық топтың отырысына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 26 - 29 шілде кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 25 шілдедегі № 1140 қаулысына қосымша
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |