|
|
|
Инновациялық даму институттарының тізбесін бекіту туралы (2009.30.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 605 Қаулысымен күші жойылды
«Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 наурыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған инновациялық даму институттарының тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.10. № 1725 қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1201 қаулысымен Бекітілген
Инновациялық даму институттарының тізбесі
1. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы; 2. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы; 3. «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» акционерлік қоғамы; 4. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы. 5. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |