|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 27-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі штат санының лимиті оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, 636 бірлік санында бекітілсін.»; 6-тармақтағы «Қосымшаға» деген сөз «1-қосымшаға» деген сөзбен және осы қаулының қосымшасында «қосымша» деген сөздің алдынан «1-» деген санмен толықтырылсын; осы қаулының қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы кол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 1328 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қыркүйектегі № 993 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің санын ескере отырып штат санының лимиті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |