Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысымен күші жойылды
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкімін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде: 2, 8, 9, 10, және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен ұсталатын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды тұлғаларын (бұдан әрі - лауазымды тұлғалар) шетелге іссапарға жіберу туралы шешім қабылдайды, ал Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) «Шетелдік іссапарлар» бюджеттік бағдарламасының әкімшісі ретінде белгіленген тәртіппен оларды іссапарға жіберуге байланысты шығыстарды төлеуге ақшалай қаражат бөлуді жүргізеді.»; «8. Мемлекеттік орган лауазымды тұлғаларды шетелге іссапарға жіберу туралы Үкімет қаулысының жобасын әзірлейді және шетелдік іссапарлар мерзімі басталғанға дейінгі он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей оны Сыртқы істер министрлігіне және шетелге іссапарлар мерзімі басталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне енгізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|