|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтық
2011 жылғы 8 шілдедегі № 454-IV ҚР Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 19 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі екі мемлекеттің халықтары арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды нығайтуға ұмтыла отырып, екі ел арасындағы азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастықты дамыту олардың халқының әл-ауқаты мен ұлттық қауіпсіздігіне жәрдемдесетінін мойындай отырып, төтенше жағдайлардың Тараптардың мемлекеттері үшін қауіп төндіретінін сезіне отырып, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ғылыми-техникалық ақпарат алмасудың Тараптардың мемлекеттері үшін пайдасын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі мен Француз Республикасының Ішкі істер, теңіздің арғы жағындағы департаменттері және жергілікті өзін өзі басқару органдары министрі 2008 жылғы 16 мамырда қол қойған Азаматтық қорғаныс саласындағы Қазақстан-Француз ынтымақтастығын дамыту жөніндегі ниеттер туралы декларацияны назарға ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
1. Осы Келісім Тараптардың азаматтық қорғаныс, қауіпті табиғи және техногендік тәуекелдердің алдын алу, төтенше жағдайларды жою саласындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыруды, апат, ірі авария немесе өзге де зілзала жағдайында ерікті және өзара көмек көрсету бойынша азаматтық қорғаныс мамандарын оқытуды айқындайды. 2. Осы Келісімнің ережелері Қазақстан Республикасының барлық аумағында және Француз Республикасының еуропалық аумағында қолданылады.
2-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын терминдердің мынадай мағыналары бар: а) «Сұрау салушы тарап» - басқа Тарапқа көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақтар мен құтқару жабдықтарын жіберу туралы сұрау салатын Тарап; b) «Ұсынушы Тарап» - басқа Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарды, жарақтар мен құтқару жабдықтарын жіберу туралы сұрауын қанағаттандыратын Тарап; с) «Құзыретті орган» - Тараптардың әрқайсысы осы Келісімді іске асыру үшін тағайындайтын орган; d) «Көмек көрсету жөніндегі топтар» - сұрау салушы Тараптың сұрауы бойынша апат орнына келген, қажетті жарақтармен қамтамасыз етілген көмек көрсету жөніндегі мамандар топтары; е) «Төтенше жағдай» - адамдардың қаза табуына, олардың денсаулығына, қоршаған табиғи ортаға және шаруашылық объектілеріне залал келтіруге, қомақты материалдық шығындарға және адамдардың тіршілік жағдайының бұзылуына әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай; f) «Төтенше жағдайлардың алдын алу» - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи ортаға келтірілетін залал мен материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешені; g) «Құтқару жұмыстары» - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, оны оқшаулау және оларға тән қауіпті факторлардың әсер етуін жою және бәсеңдету немесе барынша төмен деңгейге дейін жеткізу жөніндегі іс-қимыл; һ) «Жарақ» - техника, техникалық және көлік құралдары, көмек көрсету жөніндегі топтың жабдықтары, сондай-ақ көмек көрсету жөніндегі топтар мүшелерінің жеке жабдықтары; і) «Құтқару жабдығы» - көмек көрсету жөніндегі топтардың пайдалануына арналған қосымша құралдар мен басқа да заттар.
1. Тараптар осы Келісімді іске асыру үшін мынадай құзыретті органдарды тағайындайды: Қазақстан тарапынан - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі; Француз тарапынан - Француз Республикасы Ішкі істер, теңіздің арғы жағындағы департаменттері және жергілікті өзін өзі басқару органдары министрлігі. 2. Тараптар өзінің уәкілетті органдарының атауларындағы өзгерістер туралы немесе олардың функцияларының басқа органдарға берілгендігі туралы дипломатиялық арналар арқылы бір-бірін дереу хабардар етеді.
1. Тараптар осы Келісімнің ережелерін орындау жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады. 2. Тараптардың құзыретті органдары Комиссияның құрамын, жұмыс тәртібін және міндеттерін айқындайды.
1. Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастық мынадай нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін: а) төтенше жағдайларды болжау, алдын алу және бағалау туралы ақпарат алмасу; b) халықты төтенше жағдайларда іс-әрекет жасауға, оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша дайындауды ұйымдастыруда тәжірибе алмасу; с) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мүдделі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру; d) өнеркәсіптік авариялардың немесе дүлей зілзалалар нәтижесінде ықтимал ластануларға байланысты қоршаған табиғи орта мен халыққа төнген қауіпті бағалау; е) ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жоспарлау, әзірлеу және жүзеге асыру, ғылыми-техникалық әдебиетпен және зерттеу жұмыстарының нәтижелерімен, ғылыми-әдістемелік материалдармен, оның ішінде кадрлық жұмыста алмасу; f) ақпаратпен, мерзімді басылымдармен, әдістемелік және басқа да әдебиетпен, бейне- және фотоматериалдармен алмасу; g) бірлескен конференциялар, семинарлар, жұмыс кеңестерін, оқу және жаттығулар ұйымдастыру; һ) бірлескен жарияланымдар мен баяндамалар дайындау; і) азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау, біліктіліктерін арттыру және тағылымдамадан өткізу; j) көмек көрсету жөніндегі топтар пайдаланатын жабдықтар мен техниканы бағалау; k) төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмек көрсету. 2. Осы ынтымақтастық екі Тараптың төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы құзыретті органдарының өзара келісімімен анықталған кез келген басқа қызметте қолданылуы мүмкін. Қызметтің жаңа түрлеріне ынтымақтастықты осылай қолдану осы Келісімге толықтырудың нысанасы болып табылады.
6-бап
Тараптар азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы қызметті жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттерінің ұйымдары мен мекемелері арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
7-бап
1. Егер Тараптар өзгеше келіспесе, жіберуші Тарап төтенше жағдайларды жоюға көмек көрсетуге тікелей байланысты емес осы Келісімнің 5-бабында белгіленген қызметке қатысу кезінде өз өкілдерінің белгіленген пунктке дейін жол жүру, тұру және тамақтану шығыстарын көтереді. 2. Егер Тараптар өзгеше келіспесе, қабылдаушы Тарап бірлескен конференциялар, семинарлар, жұмыс кеңестерін, оқулар мен жаттығулар ұйымдастыру, сондай-ақ жіберуші Тарап өкілдерінің өз мемлекетінің аумағында жүріп-тұруы жөніндегі шығыстарды көтереді.
Тараптар төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмекті мынадай тәртіппен көрсетеді: 1. Төтенше жағдайларды жою кезінде көмекті Тараптар дипломатиялық арналар бойынша ресми сұрау негізінде көрсетеді. Уақыт тығыз болған жағдайда мұндай сұрау салу ауызша жүзеге асырылады және кейіннен қысқа мерзімде жазбаша расталуға жатады. 2. Сұрауда төтенше жағдайдың сипаты туралы, қажетті көмек түрлері мен көлемі туралы барлық ақпарат болуға тиіс. 3. Сұрауды алған Тараптың сұрауды орындаудан бас тартуына құқығы бар. Бұл ретте көмек көрсетуден бас тарту туралы шешімді қабылдау құқығы Тараптар мемлекеті аумағында болжанатын қолданыстағы жұмыс тәуекелдерінің болуына және көмек көрсету жөніндегі бос топтардың болуына негізделуі мүмкін. 4. Сұрау салған Тарап қысқа мерзімде сұранысты қарайды және сұрау салушы Тарапты көмек көрсету жөніндегі топтың құрамын, сарапшылардың мамандықтарын және апаратын жабдықтар мен құтқару жабдықтарын көрсете отырып, көмек көрсетудің мүмкіндігі, көлемі, шарттары туралы хабардар етеді. Сонымен қатар төтенше жағдай аймағына баруға пайдаланылатын көлік түрін және мемлекеттік шекарадан өтуге жоспарланған пунктті көрсетеді.
1. Сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарының тұруы бойынша шығыстарды, сондай-ақ тамақтану бойынша шығыстарды осы Келісімнің 10-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен көтереді. 2. Сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарына сұрау салушы Тараптың мемлекеті аумағында болуы кезеңінде медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. 3. Сұрау салушы Тарап кез келген сәтте оған көмек көрсету туралы өз сұрауын қайтарып алуы мүмкін. Бұл жағдайда сұрау салушы Тарап ұсынушы Тарап келтірген шығыстарды атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы есебі негізінде өтейді. Шығыстарды сұрау салушы Тарап көмек көрсету туралы сұранысты кері қайтарған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде өтеуге тиіс. 4. Ұсынушы тарап көмек көрсету жөніндегі топтар мүшелерінің сақтандырылуын қамтамасыз етеді.
1. Төтенше жағдайларды жою кезінде көмек төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымына қарай көмек көрсету жөніндегі топтарды, жабдықтар мен құтқару құралдарын жіберу арқылы көрсетіледі. 2. Көмек көрсету жөніндегі топтарды жабдықтау 3 тәулік ішінде төтенше жағдай аймағында автономдық іс-қимылдар жүргізу үшін жеткілікті болуға тиіс. Жабдықтар қоры біткеннен кейін сұрау салушы Тарап көмек көрсету жөніндегі топтарды олардың одан әрі жұмыс істеуі үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
11-бап
1. Көмек көрсету жөніндегі жұмыстарға басшылықты көрсетілген топтар қызметін үйлестіретін ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топ басшылары арқылы сұрау салушы Тараптың құзыретті органы жүзеге асырады. 2. Сұрау салушы Тарап белгілеген міндетті орындау үшін ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтары тек қана өз басшысының жеке басшылығында қалады. 3. Ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарының мүшелері сұрау салушы Тарап белгілеген төтенше жағдайлар аймағында жұмыстарды орындау үшін барлық жерге кіре алады. 4. Сұрау салушы Тарап төтенше жағдайлар аймағында және жұмыстың нақты учаскелерінде туындаған жағдай туралы ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топ басшысын хабардар етеді. 5. Қажет болған жағдайда сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі осы топтарын аудармашылармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
12-бап
1. Көмек көрсету жөніндегі топтардың жедел жетуі үшін әрбір Тарап мемлекеттік шекарадан өту шарттарын жеңілдетеді. 2. Көмек көрсету жөніндегі топтардың мүшелері сұрау салушы Тарап мемлекетінің мемлекеттік шекарасын олардың жеке басын куәландыратын құжаттары бойынша халықаралық қатынас үшін ашық өткізу пункттері арқылы кесіп өтеді. Көмек көрсету жөніндегі топ жетекшісінде көмек көрсету жөніндегі топ мүшелерінің тізімі және ұсынушы Тараптың құзыретті органы берген, оның өкілеттігін растайтын құжат болуға тиіс. 3. Тараптардың уағдаластығы бойынша өзінің міндетін орындау шеңберінде көмек көрсету жөніндегі топтардың мүшелері сұрау салушы Тараптың мемлекеті аумағында визасыз және тұруға ықтиярхатсыз жүріп-тұруы мүмкін. 4. Көмек көрсету жөніндегі топтардың мүшелері сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында болу уақытында сол мемлекеттің заңнамасын сақтауға міндетті. 5. Ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарының мүшелері сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде өздерінің нысанды киімдерін киіп жүруге құқылы. 6. Ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтарының мүшелері сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына қаруларды, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды әкеле алмайды.
13-бап
1. Төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсету үшін сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына әкелінетін және ұсынушы Тарап мемлекетінің аумағынан әкетілетін жарақтар мен құтқару жабдықтары кедендік баждардан, алымдардан және салықтардан босатылады. 2. Көмек көрсету жөніндегі топтардың басшысында ұсынушы Тараптың құзыретті органдары берген әкелінетін жабдықтар мен құтқару құралдарының тізбесі болуға міндетті. 3. Көмек көрсету жөніндегі топтарға жарақтар мен құтқару жабдықтарынан басқа қандай да бір заттар әкелуге тыйым салынады. 4. Көмек көрсету жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін әкелінген жарақ сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағынан әкетілуге жатады. Егер айрықша жағдайларға байланысты жарақты әкету мүмкін болмаса, ол келісілген жағдайда сұрау салушы Тараптың құзыретті органына көмек ретінде өтеусіз берілуі мүмкін. Бұл жағдайда берілетін жарақтың түрлерін, санын және орналасқан жерін көрсете отырып, сұрау салушы Тараптың кеден органдарына хабарлау қажет. 5. Көмек көрсету жөніндегі медициналық топтар өздерінің штаттық жабдықтарымен келеді. Зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету қажет болған кезде сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағына құрамында есірткі және психотроптық заттар бар медициналық препараттардың қажетті саны әкелінуі мүмкін. Бұл жағдайда көмек көрсету жөніндегі топтың жетекшісі ұсынушы және сұрау салушы Тараптардың кеден органдарына құрамында есірткі және психотроптық заттар бар дәрілік заттардың болуы туралы олардың номенклатурасы мен санын көрсете отырып, декларация ұсынады. 6. Көрсетілген медициналық препараттарды Тараптар мемлекеттерінің қолданыстағы ұлттық заңнамасына сәйкес тек білікті медициналық персонал ғана пайдаланады және сұрау салушы Тарапқа беруге жатпайды. Сұрау салушы Тарап дәрілік заттардың пайдаланылуын, оларды қолдану орнында тексеруге құқығы бар. 7. Құрамында есірткі және психотроптық заттар бар қолданылмаған дәрілік заттар сұрау салушы Тараптың кедендік бақылауымен әкетілуге жатады.
14-бап
1. Ұсынушы Тараптың құзыретті органы сұрау салушы Тараптың құзыретті органына әуе кемелерін көмек көрсету үшін пайдалану ниеті туралы хабарлайды. Сұрау салушы Тарап әуе кемелерін пайдалануға келісімін берген жағдайда, ұсынушы Тарап әуе кемелерінің кімге тиесілігін, пайдалану мақсатын, үлгілерінің нақтылығы мен танылым белгілерін, бағытын, экипаж мүшелерінің санын, жүктің сипатын, әуе кемелерінің ұшу және қону орны мен уақытын көрсетуге тиіс. 2. Сұрау салушы Тарап өз мемлекетінің аумағындағы белгіленген пунктке әуе кемелерінің ұшуына рұқсат береді. 3. Әуе қозғалысына қатысты әрбір Тарап мемлекетінің заңнамасы, ішінара алғанда әуе қатынасына жауапты органдарға ұшулар туралы ақпаратты беру кезінде қолданылады. Ұшулар Халықаралық әуе қозғалысы ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
1. Көмек көрсету жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін сұрау салушы Тарап ұсынушы Тарапқа олар берген жарақтар мен құтқару жабдықтарын қайтарғанда сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың жарақтар мен құтқару жабдықтарына жауапты адамын және ұсынушы Тараптың құзыретті органдарын хабардар етеді. 2. Ұсынушы Тарап жарақтар мен құтқару жабдықтарын бөлу тоқтатылған жағдайда сұрау салушы Тарапты жазбаша тәртіппен хабардар етеді. Сұрау салушы Тарап өз кезегінде сұрау салушы Тараптың жарақтар мен қамтамасыз ету материалдары үшін жауапты адамына ұсынылған ақпаратты хабарлайды. 3. Ұсынушы Тараптың жұмыстардың аяқталуы туралы шешімі дереу күшіне енеді және дауласуға жатпайды. 4. Көмек көрсету жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін ұсынушы Тараптың құзыретті органы сұрау салушы Тараптың құзыретті органына жүргізілген жұмыстар туралы жазбаша баяндама жібереді. 5. Сұрау салушы Тараптың құзыретті органы ұсынушы Тараптың құзыретті органына болған оқиға туралы қорытынды баяндама жібереді, онда өнеркәсіптік аварияның, апаттың немесе дүлей зілзаланың сипаттамасы, алынған көмек түрі мен көлемі, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі қамтылады.
1. Егер Тараптар өзгеше келіспесе, сұрау салушы Тарап ұсынушы Тарапқа көмек көрсетуге байланысты шығыстарды өтейді. 2. Ұсынушы Тарап аэродромда ұшқаны, қонғаны, тұрақтағаны үшін және одан әуе кемелерінің ұшуы, сондай-ақ аэронавигациялық қызметтері үшін ақы төлеуден босатылады. 3. Сұрау салушы Тарап әуе кемелері отынының шығыстарын өтейді.
1. Сұрау салушы Тарап көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау барысында көмек көрсету жөніндегі топтар мүшесінің бірінің жазатайым оқиғаға ұшырауына байланысты ұсынушы Тарап келтірген ұсынушы Тараптың осы топ мүшесіне, не оның тікелей мұрагеріне жәрдемақы түріндегі шығыстарын өзіне алады. Сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың техниканы жөндеу немесе зақымдалған, жойылған немесе жоғалған техниканы ауыстыру бойынша шығыстарын да өзіне алады. 2. Мұндай жәрдемақылардың не техниканы жөндеуге немесе ауыстыруға шығыстардың көлемі ұсынушы Тараптың ұлттық заңнамасына және өзге де нормативтік актілеріне сәйкес айқындалады. 3. Осы ережелер көмек көрсету жөніндегі топтардың мүшесі болып табылмайтын, аталған фактілерге жауапты үшінші тұлғаға да қолданылады. 4. Егер көмек көрсету жөніндегі жұмыс барысында ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі тобының мүшесі сұрау салушы Тарап мемлекетінің аумағында болғанда заңды немесе жеке тұлғаға зиян келтірсе, онда залалды сұрау салушы Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес сұрау салушы Тарап өтейді. 5. Сұрау салушы Тарап ұсынушы Тараптың көмек көрсету жөніндегі топтар мүшесінің көмек көрсету жөніндегі жұмыстарды орындаумен байланысты емес қасақана немесе өрескел ұқыпсыздықпен келтірген залалының шығыстарын өтеуін ұсынушы Тараптан талап етуі мүмкін. 6. Тараптардың құзыретті органдары орындау кезінде осы бапта аталған залал келтірілген жұмыстарға қатысты барлық қажетті ақпаратпен алмасады.
18-бап
Осы Келісім шеңберінде ынтымақтастық және көмек көрсету Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларында көзделген бюджеттік қаражат шегінде жүзеге асырылады.
Тарап мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес жария етілуге жатпайтын ақпаратты қоспағанда, осы Келісімнің шеңберінде жүргізілген қызметтің нәтижесінде алынған ақпарат жарияланады және Тараптардың әрқайсысының әдеттегі практикасы мен ұйғарымының негізінде пайдаланылады.
20-бап
Осы Келісім Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.
Дауларды шешу
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты даулар мен келіспеушіліктер Тараптардың арасында келіссөздер және консультациялар жүргізу арқылы шешіледі.
Қорытынды ережелер
1. Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауы туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнінен бастап күшіне енеді. 2. Осы Келісім айқындалмаған мерзімге жасалады. Тараптардың өзара келісімі бойынша кез-келген уақытта оған өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар осы баптың 1-тармағында белгіленген тәртіппен күшіне енеді. 3. Осы Келісім бір Тараптың дипломатиялық арналар бойынша екінші Тараптың өзінің осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарламасын алған күнінен бастап алты ай өткенге дейін күшінде қалады. 4. Егер Тараптар өзгеше уағдаласпаса, осы Келісімнің қолданылуының тоқтатылуы басталған, бірақ оның қолданылуы тоқтатылғанға дейін аяқталмаған, оған сәйкес жүзеге асырылатын қызметті қозғамайтын болады.
2009 жылғы 6 қазанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, француз және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық үш мәтіннің күші бірдей.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |