|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберу туралы
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Қазақстан-әзірбайжан экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысының жұмысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 29 қыркүйек - 1 қазан кезеңіне, Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрі - комиссияның тең төрағасы Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев пен Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің кеңесшісі Динара Қайырбекқызы Шаймарданова 2009 жылғы 30 қыркүйек - 1 қазан кезеңіне Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Атырау - Баку - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға, С.М. Мыңбаевқа қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Баку бағыты бойынша көліктік шығыстарға, Д.Қ. Шаймардановаға қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Баку - Стамбул - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 25 қыркүйектегі № 1447 қаулысына қосымша
Баку қаласына (Әзірбайжан Республикасы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |