Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы (2024.20.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңыңың 18-1-бабы 3-тармағының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Саяси партияларды қаржыландыру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы саяси партияларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлуді көздейтін Республикалық бюджет туралы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 166/314 қаулысымен бекітілген
Саяси партияларды қаржыландыру ережесі
1. Осы Ереже «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі Заңы негізінде әзірленді және саяси партияларды қаржыландыру тәртібін айқындайды. 2. Бюджет қаражаты жыл сайын Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының соңғы сайлауы (бұдан әрі — сайлау) қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партияларға бөлінеді. 3. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі — Ортсайлауком) сайлау нәтижелерін анықтағаннан кейін бескүндік мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде өкілдік ететін саяси партиялар және олар алған сайлаушылар дауысы туралы мәліметтерді әкімшіге жібереді. ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2011.23.06. № 50/86 Қаулысымен (2010 жылғы бірінші қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.07.02. № 11/171 Қаулысымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|