|
|
|
Қазақстан Республикасының делегациясын Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберу туралы (2009.06.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда, холдингтерде, ұлттық компанияларда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда әкімшілік шығыстарды қысқарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 289 өкіміне сәйкес, Кеден одағының Кеден кодексінің жобасын пысықтау жөніндегі «Кедендік әкімшілендіру және статистика» сарапшылар тобының отырысына қатысу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2009.06.11. № 1776 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес құрамдағы Қазақстан Республикасының делегациясы (бұдан әрі - делегация) 2009 жылғы 11 - 23 қазан кезеңіне; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы инвестициялық келісім-шарттардың шеңберінде өткізілетін тауарларға кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Балжан Боранбайқызы Жанбекова мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы кедендік режимдер бөлімінің бастығы Нұрлан Күлмесханұлы Байназаров 2009 жылғы 11 - 17 қазан кезеңіне; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Игорь Викторович Тен 2009 жылғы 14 - 23 қазан кезеңіне Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілсін. ҚР Үкіметінің 2009.06.11. № 1776 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қосымшаға сәйкес құрамдағы делегация мүшелеріне, Б.Б. Жанбековаға, Н.К. Байназаровқа және И.В. Тенге қонақ үйде тұруға, тәуліктік және Астана - Мәскеу - Астана бағыты бойынша көліктік шығыстарға 2009 жылға арналған республикалық бюджетте 005 «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен валюта айырбастаудың берілетін күнгі нарықтық бағамы бойынша белгіленген тәртіппен шетелдік валютада қаражат бөлсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2009 жылғы 7 қазандағы № 1546 қаулысына қосымша
Мәскеу қаласына (Ресей Федерациясы) іссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасы делегациясының құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |